400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, математика бастауыш, 3-сынып, №112 Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С Жазбаша көбейту және бөлу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3С Жазбаша көбейту және бөлу

Күні: 24.02. 2020

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Аимбетова Г

Сыныбы: 3 «Б»

Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

№112 Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер 69-70 бет


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін қолданады.

Бірқатар оқушылар: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритміне түсінік береді.

Кейбір оқушылар: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіруді біледі.


Тілдік мақсат


Оқушылар:

Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу және көбейту амалдарының жазбаша тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бөлуді қай разрядтың сандарынан бастау керек?

Бөліндінің цифрлық құрамын қалай анықтауға болады?

Бөлу кезінде шыққан қалдық туралы не айтуға болады?

Жазылым: Бір таңбалы санға қалдықпен бөлінген жазбаны жазыңыз.

Бағалау критерийлері

-Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін қолданады;

-Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіреді;

-Тексеру алгоритмін қолданады;

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс барысында оқушылар арасында өзара сыйласымдылық, достық қарым - қатынас орнату

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану: ғарыш әлемі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, imektep.kz сайтынан сілтеме

Бастапқы білім

Бір таңбалы санға жазбаша бөлу.

Сабақ барысы



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы

6 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Математика сабағын бастаймыз.

Өзектендіру.

  • Бейнебаяннан үзінді көрсету

  • Балалар, Алдар не туралы армандады деп ойлайсыңдар?

Алдардың нені армандағанын бірге тауып көрейік.

(Ұ)№1. Қима қағаздардағы есептеулерді орында. Жауаптарын кему ретімен орналастыр.

(Сыныптағы 5 оқушыға сандар мен сөздер таратылып беріледі, басқа 5 оқушы өрнекті ауызша есептеп, мәнін айтады, шешімі кімде болса, сол оқушы ортаға шығып өрнектің жанына барып тұрады. Шешімі бойынша кему ретімен орналасып, шыққан сөздерді оқиды)

56:2=28 – бүгін - Ғ

38:2=19 – мүмкін болмаған нәрсе – А

96:6=16 – ертең – Р

75:5=15 – іске асуы – Ы

84:6=14 – мүмкін – Ш

Алдар ғарышты армандаған екен. Ғарыш ғылымының негізін қалаушылардың бірі – Константин Циолковскийдің пікірін оқиды, осы сөздердің мағынасын өз түсінгендері бойынша әңгімелеп береді. (Бүгін мүмкін болмаған нәрсе, ертең іске асуы мүмкін).

Циолковский Константин Эдуардович өміріне қысқаша тоқталу.

(5(17).09.1857, Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское ауылы — 19.9.1935, Калуга қаласы) — осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.1880 жылдан Боровскідегі уездік училищеде математика және физика пәндерінен сабақ берді.1885 жылдан басқармалы тұтас металл дирижабльді, металл қаңқалы (каркасты) ұшақ-монопланды жобалаумен әрі олардың теор. Мәселелерімен айналысты. Циолковскийдің негізгі ғылыми еңбектері реактивті қозғалысқа, космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған.1924 жылы Циолковскийге Н.Е. Жуковский атындағы Әуе флоты академиясының құрметті профессор атағы берілді. КСРО ҒА планетааралық қатынас саласындағы үздік еңбектері үшін берілетін К.Э. Циолковский атындағы Алтын медалін белгіледі. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің бірі Циолковский есімімен аталады.

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Ғарыш әлемін зерттеушілер қандай нәрселер ойлап тапқанын жазбаша бөлу алгоритмін қолдануды үйрену барысында білетін боласың

Слайд 1






Алдаркөсе мультфильмінен үзінді


Өрнектер, сандар, әріптер, сөздер жазылған қима қағаздар






К.Циолковский туралы слайд









Бағалау кестесі

Ортасы

32 минут

Өткенді қолдану

Топтасу зымыран, ғарышкер киімі, ғарыш айлағы суреттері арқылы топтасу

Қалдықпен бөлу тапсырмасын жеке орындау барысында адамдардың ғарышты білу және ғарышқа ұшу арманын, әсіресе Циолковскийдің ойын жүзеге асырған бас конструктордың есімін білетін боласың.

Жеке тапсырма

№2 Өрнекті баған түрінде жазып, қалдықпен бөлуді орында

679:5=135 (4қ) 949:8=118 (5қ) 659:5=131 (4қ) 764:3=254 (2қ)

554:4=138 (2қ) 565:4=141 (1қ) 815:8=101 (7қ)

Дескриптор:

- баған түрінде жазады

- 1-толымсыз бөлінгішті анықтап, жүздіктерді бөледі

- 2-толымсыз бөлінгішті анықтап, ондықтарды бөледі

- 3-толымсыз бөлінгішті анықтап, бірліктерді бөледі

- жауабын жазады

- қалдықпен бөлуді тексереді

КБ: -Бөлуді қай разрядтың сандарынан бастау керек?

- Бөліндінің цифрлық құрамын қалай анықтауға болады?

-Бөлу кезінде шыққан қалдық туралы не айтуға болады?

Бағалау: басқа топтағы сол өрнекті орындаған оқушылармен жұптасып,бір-бірін тексереді

Қадамдар бойынша ұпай қойылады, бағалау кестесіне топтағы ұпайлардың қосындысы жазылады.


Бас конструктор – Сергей Павлович Королев басқарған ғалымдар мен инженерлер


Топтық тапсырма

Ұйымдасып, бірлесіп топта есепті шығару барысында ғарышты зерттеу үшін зерттеушілер не ойлап тапқанын білетін боласыңдар.

1-топ: №3 Шешуін баған түрінде жазып, есепті шығар

Ш: 338 бөлшек -3 бала бөліп алды

Қалды - ? бөлшек

Ш: 338:3=112 (2қ)

Ж: 2 бөлшек қалды Ракета (зымыран) суреті

2-топ: №4 Есепті шығар. Шешуін өрнек түрінде жаз

Ш: 3 қалтаның әрқайсысында – 112 бөлшек

Жұмсады – 289 бөлшек

Қалды - ? бөлшек

Ш: 112*3=336 336-289=47

Ж: 47 бөлшек қалды Ғарышкер киімі суреті

3-топ: №6 а/ Есептерді шығар

ШShape1 : қара түсті – 145 бөлшек, бұл 40 дана артық

Ақ түсті - ? ? бөлшек

Ш: 145+(145-40) =250

Ж: 250 бөлшек Ғарыш айлағы суреті

Дескриптор:

- есептің шартын құрады

- есептің сұрағын анықтайды

-есептің шешуін жазады

-өрнектің мәнін табады

-жауабын жазады

- Берілген суреттер бойынша топта талқылап, өз ойларын айтады.

Бағалау: критерий бойынша кестеге ұпай қою


Қызықты ақпарат


Топтық тапсырма

Ұйымдасып, бірлесіп есепті шығару барысында қызықты мәліметтер аласың

1-топ: №5 Сызба бойынша есеп құрастыр

2-топ: №6 ә/ Есептерді шығар

ШShape2 : қара түсті – 145 бөлшек

Ақ түсті - ?, 40-артық ? бөлшек

Ш: 145+(145+40) =330

Ж: 330 бөлшек

3-топ: №7 Есепті шығар

Ш: а=120м

в=?, 3 есе кем

Р=? м

Ш: в= 120:3=40 (м) Р=(120+40)*2=320 (м)

Ж: 320 м

Дескриптор:

- есептің шартын құрады

- есептің сұрағын анықтайды

-есептің шешуін жазады

-өрнектің мәнін табады

-жауабын жазады

Бағалау: критерий бойынша кестеге ұпай қою

Сықпа түріндегі түрлі азық-түліктер суреттері беріледі, не үшін қажет екендігі айтылады.


Жұптық тапсырма

Жұптасып тапсырма орындау барысында ғарышкердің ғарышқа ұшуға дайындығы туралы білетін боласың

№9 Есепте

1-жұп: 122 см*3 =366 см 682см :2=341см

2-жұп: 248 дм:2=124 дм 4 м 45 см+4м56см=901 см=9 м 1 см

3-жұп: 639м:3=213 м 10м-2 м 43 см=757 см

Бағалау: жұптық тексеру, сөздер жазу

(топтағы жұптар өзара бірігіп тексереді)

КБ:

- Шамалармен амалдар қалай орындалады?

-Жауап жазуда нені ұмытпау керек?


Қызықты ақпарат


(Ұ)№10 «Кім сипаттайды?» Атауын айтпай, фигураны сипатта

Бағалау: мадақтау арқылы


Саралау тапсырмасы:

1.Қалдықпен бөлуді орында. Тексер

937:3 638:3


2. Қалдықпен бөлуді орында. Тексер

564:5 729:7


3.Қалдықпен бөлуге тапсырма құрастыр.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі