400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жазық фигуралар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың жас мамандарына әдіс алмасуға керек. Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелипипед) денелерін ажыратуға; Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтауға дағдыландыруға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ



Сабақ тақырыбы:1В-бөлім. Сандар мен цифрлар

Жазық фигуралар





мектебім» ортақ тақырыбы аясында)

Жазық фигуралар




Мектеп: М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


Пәні: математика






Күні: 16.10.17

Мұғалімнің аты-жөні: Баидулаева С.Т

Сынып:1 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары:

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар:

Жазық және кеңістік фигураларын біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Жазық және кеңістік фигураларын айналадағы заттардан таба алады, ажыратады

Кейбір оқушылар:

Жазық фигураларын кеңістік фигураларымен сәйкестендіре алады

Бағалау критерийлері:

  • Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелипипед) денелерін ажыратады

  • Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды

Тілдік мақсаттар


Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Тірек сөздер

Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, жақ

Талқыланатын мәселелер

-Неліктен кейбір кеңістік фигуралары домаламайды?

-Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

-Мұндай фигураларды қайда қолдандыңыз

Құндылықтарды дарыту (Мәңгілік ел)

Еңбек және шығармашалық, өмірбойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, көркем еңбек

АКТ

Оқушылармен bilimland жұмыс жасауды үйрету

Алдыңғы білім

(осы тақырып бойынша оқушылар нені біледі?)

Геометриялық фигураларды біледі

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

(Сыныпты қадағалау)

Сынып бөлмесінің оқушылардың өміріне қауіпсіз екендігін қадағалау

Сабақтың барысы

Уақыт

(минут, секунд)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

«Ертеңгілік шеңбер»:

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Белсенді оқу жаттығуы. (ҰЖ)


«Пішіндер» бейнежазба

Сұрақтарға жауап беру

-Бейнежазбада не туралы?

-Өткен сабақта қандай геометриялық фигуралармен таныстық?

-Фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Кеңістік фигуралары деген не?

-Басқа қандай фигуралар болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.





Қабылдайды, қайталайды









Жауап береді










Шаттық шеңбері










Сұрақтар тізбесі



Сабақтың ортасы

20 минут


(ҰЖ) Тыңдалым мен айтылым. Тәжірибе жасау

«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі


Оқушылардың тәжірибесі.Кеңістік фигураларын домалатып көреді. Цилиндрдің алға да, артқа да домалайтынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың, текшенің, параллелепипедтің домаламайтынын байқайды.

(МК) Оқушылармен талқылау жүргізеді:

- Неліктен кейбір кеңістік фигуралары домаламайды?

- Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

Жауаптарын тыңдалып, оқушылар көмегімен толықтырылады.

Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың,текше мен параллелепипедтің домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтады.


1.Конус, пирамида, паралепипед сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызу

2. Шыққан фигураны қиып алу

3. Суретін салған фигурамен салыстыру

Оқушылардан не байқағанын сұрау. Көргендері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.

Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасау.

Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраймын. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсынамын. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруге болады және сызғаннан пайда болған дөңгелекті көрсетемін. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.


Дескриптор:

- Суреттен кеңістік фигураларын табады, атайды.

- Ақ қағазға табанын сызады

-Шыққан фигураны қиып алады

- Суретін салған фигурамен салыстырады

-Басқа жазық фигураларды кеңістік фигуралардың табандарын сызу арқылы алауға болады ма?


ҚБ. «Алтын асықтар» тәсілі


Тыңдалым мен айтылым (ЖЖ)

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Қане тапшы: «Бұл кім? Оның үйі қайда?» ойыны

Тыңдалым мен айтылым (ЖЖ) Проблемалық сұрақ

Орындап көр.Айналаңа қара. Қоршаған ортадағы заттардың қайсысы дөңгелекке, үшбұрышқа, шаршыға және төртбұрышқа ұқсайды? Анықта.

ҚБ. «Үш шапалақ» тәсілі


Тыңдалым мен айтылым(ТЖ)

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көрсетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтайды.


Тапсырма Тыңдалым мен айтылым

(ТЖ) Құрастыру «Кім жылдам?» тәсілі

Сіріңке таяқшалары мен ермексазды пайдаланып немесе тақтайшадағы қалпақшалы шегелермен әртүрлі жазық фигураларын жасай

отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсыныңыз.

ҚБ. «Алтын асықтар» тәсілі



Мәселелерді шешеді, білімін көрсетеді























Фигураларды тауып, атайды




Мәселелерді шешеді, білімін көрсетеді





















Түсіндіреді, жасайды,

көрсетеді, мәселені шешеді














Жазық фигураларын құрастырады



Қағаз, кеңістік және жазық фигуралары,





«Асықтар арқылы» бағаланады

«Алшы- өте жақсы»

«Тәйке- жақсы»

«Шік- орта»

«Бүк- ойлан»



Жеңімпаз оқушылар сыйлығы










Оқулық











Сыныптағы заттар




















Суреттер


Тақтайша,

Ермексаз, сіріңке таяқшалары

Сабақтың соңы

15 минут

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. (ӨЖ)

Оқылым мен жазылым Дәптермен жұмыс

Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз және фигураларды атаңыз.

Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз. Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сызыңыз.

Дескриптор:

- Жазық фигураларды тауып қызыл түспен бояды

- Кеңістіктік денелерін анықтап, көк түспен бояды

-Цилиндр пішіндес заттарды (құмырамен, барабан, қорап) анықтады

-Оларды фигуралармен сәйкестіндірді

- ҚБ. «Алтын асықтар» тәсілі

Табады, бояйды, сәйкестендіреді





Мәселелерді шешеді, білімін қолданады, сұрақтарға жауап береді


Тапсырма






Бағалау

Кері байланыс

«Құпия сандық» әдісі

-Сандықшаның ішіндегі кеңістік фигурасын сипаттамасына қарай анықтау

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:

— Кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

— Цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

— Егер параллелипипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?

— Шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?

ҚБ. «Екі жұлдыз , бір тілек» тәсілі

Мәселелерді шешеді, білімін қолданады, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ жауап

Қосымша ақпарат

Саралау


Бағалау –

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Фигуралардың өлшем бірліктерін атауға мүмкіндік беру, өмірмен байланыстыру

«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі арқылы оқушылардың басым көпшілігі фигуралардың түрлерін ажыратады.

2.Кейбір оқушылар «Кім жылдам?» тәсілі арқылы тәжірибе жасап көрсетіп, көз жеткізіп, пайда болған фигура жайында ой қорытындылайды, фигураларды айналадағы заттармен байланыстырады.

Оқушылар бір – бірін, топты «Асықтармен» бағалайды. Жазық фигуралардың қалай пайда болатыны туралы қорытынды жасауын «Екі жұлдыз , бір тілек» тәсілі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

-Өз үйінің ерекшелігін айтып, табуын «Үш шапалақ» тәсілі арқылы бірін-бірі бағалайды

- Геометриялық фигураларға ұқсас айналадағы заттарды тауып, айырмашылықтарын дәлелдеп, салған оқушыға «Асығың алшысынан түссін» деген төсбелгі беріледі.


Қауіпсіздік ережелері:

Қайшымен,желіммен жұмыс істеу қауіпсіздігін еске түсіру

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімдіболды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?











Түркістан облысы

Арыс қаласының «Білім бөліміне» қарасты

«М.Шаханов атындаы жалпы орта білім беретін мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Жазық фигуралар»

/математика/

1 «Ә» сынып











Пән мұғалімі: Баидулаева С.Т



2019-2020 оқу жылы



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі