Материалдар / Ашық сабақ "Жазық фигуралар" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жазық фигуралар" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
979
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:Математика Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беру

мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1В бөлім: геометриялық

фигуралар

Тақырып: Жазық фигуралар

Тоқсан:1 Мұғалімнің аты-жөні: Бекужа Айгерим

Ахметоллаевна

Сынып:1 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жазық фигуралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) ажырата алады;

Көптеген оқушылар: жазық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) ажырата алады;

Кейбір оқушылар: Жазық және кеңістік фигураларды салыстыра алады, шағын тәжірибелік жұмыс негізінде қорытынды жасай алады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады;

Бағалау критерийлері:

- Жазық фигураларды бір-бірінен ажыратады;

- Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, айырмашылығын анықтайды;

- Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, айырмашылығын айтады, тәжірибе жұмысын жүргізеді, соның негізінде қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар:

Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед.

Үшбұрыш - треугольник- triangle, дөңгелек – круг - circle, шаршы – квадрат – square, тіктөртбұрыш – прямоугольник – rectangle.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қаситеін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс.

Көркем еңбек.

АКТ қолдану:

Интербелсенді тақта


Бастапқы білім:

Кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) ды біледі, ажырата алады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут









3 минут

«Таңғы шеңбер»

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Оқушыларға үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш қиындыларын таратып, 4 топқа бөлу. Олардың бетіне фигура атауы 3 тілде жазылған.

Сабақтың тақырыбын анықтау.

Көңілді әуен










Фигуралар қиындылары



Сабақтың ортасы


Айтылым

7-8 минут





























3-4 минут











2-3 минут


6 минут













1-тапсырма(топпен жұмыс):

Жазық және кеңістік фигуралардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін тәжірибе жасау.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1 топ «Дөңгелек»: дөңгелек, цилинд және конустың айырмашылығын анықтайды;

2 топ «Шаршы»: шаршы мен текшенің айырмашылығын анықтайды;

3 топ «Үшбұрыш»: үшбұрыш пен пирамиданы салыстырып, айырмашылығын анықтайды;

4 топ «Тіктөртбұрыш»: тіктөртбұрыш пен паралепипедтің айырмашылығын анықтайды.

Дескрипторлар:

1. Жазық фигуралардың түрлерін ажырата алады;

2. Кеңістік фигураларды біледі, бір-бірінен ажырата алады;

3. Жазық және кеңістік фигуралардың айырмашылығын біледі;

4. Жазық және кеңістік фигуралар салыстырады, түрлерін ажырата алады.

Қалыптастырушы бағалау: Фейерверк әдісі


2-тапсырма (жеке жұмыс): Дәптермен жұмыс.

Фигураларды түрлеріне қарай дұрыс ажыратып, топтау қажет.

Дескриптор: жазық және кеңістік фигураларды дұрыс ажырата алады, топтай алады.

Қалыптастырушы бағалау(оқушылар бірін-бірі бағалайды):

Бармақпен бағалау

Сергіту сәтін өткізу. Музыка әуенімен би билету.

3-тапсырма(топпен жұмыс): Кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыру.

Оны диаграммаға салу.

Shape1





Shape2

Шар цил. Кон. Текше пир.

Топтан бір оқушы нәтижелерімен таныстырады.

Дескриптор:

Кеңістік фигураларды пішіндес заттармен салыстыра алады, диаграммағасалады.

Қалыптастырушы бағалау:

Неғұрлым көп зат тапқан топқа смайликтер тарту


Қағаз, желім, қалам, қарындаш, сызғыш





























Жұмыс дәптері









Бейнеролик



Диаграмма салынған постер, стикерлер













Смайликтер


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Доп лақтыру» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім фигураның атын атап, допты оқушыға қарай лақтырады. Оқушы оның жазық немесе кеңістік фигура екенін ажырату керек.

Қалыптастырушы бағалау:

3 рет қол шапалақтау

Доп

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар жазық және кеңістік фигураларды салыстыра алады, шағын тәжірибелік жұмыс негізінде қорытынды жасай алады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады;

Берілген тапсырмалар арқылы әрбір оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерілгенін бақылаймын.


Сергіту сәттерін өткізу, санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!