400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жазық фигуралардың модельдері (2) 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып оқушыларымен бірге өткізілген ашық сабақ. Бұл сабақ өзім секілді ұстаздар қауымына керек дүние. Жаңартылған бағдарлама бойынша жасалынған ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Иманов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі











Тақырыбы :

Жазық фигуралардың модельдері (2)







Сыныбы: 1«Ә»

Пән мұғалімі: Құдайбергенова Э. Ә









2018-2019 оқу жылы

Пән:Математика

Сынып: 1 «Ә»

Мектеп: Иманов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Күні: 19.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Құдайбергенова.Э.Ә

Сабақтың тақырыбы: Жазық фигуралардың модельдері. (2)

Қатысқандар:8

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: фигураларды бір-бірінен ажыратады

Көпшілігі: тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар,кесінді,сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды.

Кейбір оқушылар: жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады.

Бағалау критерилері

Жазық фигуралардан композиция құрастырады.

Сөздік қор


Түзу,қисық сызық,сәуле, бұрыш, нүкте, тұйық сызық

Құндылықтарды дарыту


№ 3-Мәңгілік ел – Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі, сергіту сәттері, белсенді әрекеттер

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек

АКТқолдану дағдысы


Компьютер,слайд

Алдыңғы меңгерілген білім


Жазық фигура мен кеңістік фигура жайлы біледі,оларды бір-бірінен ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Зейінді сабаққа аудару



Психологиялық ахуал

Оқушылармен бірге шаттық шеңберін ұйымдастырамын.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достар

Арайланған күнге.

Оқушылар бір-біріне қарсы тұрып,басбармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізіп,мына жылы сөздерді айтады.

1-барлық

2-істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын қосады.

Кәне,балалар барлықтарыңа рахмет.

Геометриялық пішіндертаңдау арқылы сынып оқушыларын топқа біріктіремін.

1-топ Үшбұрыштар

2-топ Төртбұрыштар

Өткен сабақты пысықтау

«Саралау»әдісі. Жеке жұмыс.

Үлестірмелі кеспе қағаздар тарату және сол өздері таңдап алған кеспе қағаздағы фигураға тоқталып, оның қандай фигура екенін атап беру.Мысалы, үшбұрыш-жазық фигураға жатады.Оның үш бұрышы бар.

Бағалау: Мадақтау,уәжін көтеру

Дескриптор

-берілген фигураны таниды,атайды

-сол фигураға анықтама береді

Қ алыптастырушы бағалау. «Кім шапшаң?»ойыны.Тапсырманы екі топқа беру,жылдамдық пен шапшаңдық танытып орындау.

















Бағалау: Жұлдызша тарату арқылы орындалады.





Шаттық шеңбері























Геометриялық фигуралар (үшбұрыш,төртбұ-

рыш)













Түрлі геометриялық фигуралар


Сабақ ортасы

Қызығушылықты ояту. Ұжымдық жұмыс

«Миға шабуыл»

-Қандай фигуралар жазық фигураларға жатады?

-Дөңгелек,шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш

-Айналаны қоршаған заттар қандай фигураларға ұқсайды?

-Біздің айналамыздағы заттар олар кеңістік фигураларға ұқсайды.

-Осы аталған фигураларды өзіміз қалай жасауымызға болады?

-Әрине, қатты немесе жұмсақ қағаздан жасауға болады. Болмаса ши мен ермексазды бір-бірімен байланыстырсақ қандай да бір фигура жасауға болады

Оқулықпен жұмыс.Мұғалімнің көмегімен орындалатын ұжымдық жұмыс.

Шығарып көр.Кәне, балалар,мына суретке назар аударайықшы.

-Бізге қандай суреттер беріліпті?

-Кәне,оларды кім атап береді екен?

-Бұл жабыстырылған аппликация қандай фигурадан тұрады екен?

-Көбелектегі геометриялық фигураның саны нешеу екен?

-Мысық пен бақада ше?

-Ал суреттегі үй қандай фигураның ішіне орналасқан екен, кім табады?

Дескриптор

-фигураларды атап,санайды.

фигураларды құрастыра алады.

-фигураны бір-бірінен ажырата алады.

Сергіту сәті. Санау әні.

Көрсетілген іс-қимылдар арқылы оқушылар денелерін ширатып,қозғалады.



Зерттеуге негізделген шығармашылық жұмыс


Құрастыруға қажетті фигураның артына тапсырмалар берілген.Сол тапсырманы орындай отырып, аппликацияны аяқтауымызға болады.



Бағалау. Бас бармақ


Топтық жұмыс.

1-топ. Үшбұрыштар тобы –балапанның аппликациясын құрастырады.

2-топ. Төртбұрыштар тобы-күшіктің аппликациясын құрастырады.

Бағалау: Смайликтер арқылы жүзеге асады

Дәптермен жұмыс

Берілген тапсырмалар бойынша дәптермен жұмыс жасайды. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар жетістік баспалдағы арқылы өзара бағалауды жүзеге асырады.












Түрлі- түсті жұмсақ немесе қатты қағаз,

желім,әрбір оқушыға берілетін қайшы;

Әрбір жазық фигураның пішініне сәйкес кеңістік геометриялық фигуралар топтамасы.



























Сергіту сәтіне видеоролик










Қажетті фигураға жазылған жұмбақтар мен жаңылтпаштар








Үшбұрыштар,дөңге-

лектер мен қиынды фигуралар.

Қайшы, желім, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер


Сабақтың соңы

«Сәйкестендіру стратегиясы»арқылы сабақты қорыту

Shape1



Рефлексия

Түсіндім Түсінгім келеді Түсінбедім



Жеке парақшаға салынған суреттер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жазық фигуралардан аппликация жасауда топтың қасына барып, көмек көрсету

Жазық фигуралардан аппликация жасауды бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәті арқылы денені, көңіл-күйді ширату.

Аппликация кезінде қайшыны қолдану қауіпсіздігі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі