жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жазу,сызу,өнер-адамның рухани құндылығы 4 сынып
Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп лицей |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||
Сынып: 4-сынып |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Жазу,сызу,өнер-адамның рухани құндылығы |
|||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары |
4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде мақсаты сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба таныстырылым түрінде ұсыну |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: • Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі. Оқушылардың көбі жасай алады: • Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді.Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылғанжұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады. |
|||||
Жетістік критерийлері |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану; Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; |
|||||
Бастапқы білім |
Жалпы құндылық туралы ұғымдары қалыптасқан, оларды ажырата алады. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері Біз сыныпта нешеуміз? 11 қыз бен 15 ұлымыз Алға қойған мақсатқа Талаптанып ерінбей Қанат қағып жетеміз. Оқимыз, жазамыз, білеміз, Кішіпейіл, мейірімді Әрқашанда боламыз. Бар жақсы құндылықты Санамызға аламыз. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді» Сұрақ –жауап арқылы өткен сабақты бекіту.
Жаңа тақырыпқа көпір орнату Қорытылай келгенде балалар өзімізге не алдық бұл ертегіден? Жақсылық, адалдық, мейірімділік, жомарттық, білімділік қасиеттерді білдік. Бұлар адамның рухани құндылықтары екен. Құндылықтарды бойымызға дарыту үшін не істеуіміз керек? (Оқушылар оқимыз, жазамыз деп айтады.) Ал алғашқы жазу қалай пайда болды? Тасқа жазылған жазуды көрсете отырып Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау. Оқу мақсатын таныстыру Сюжеттің дамуын болжаймын. Шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынамын. Тақатаға назар аударту. (слайд) Ойлан! Қалай ойлайсыңдар бұлар қай халықтардың жазуы болуы мүмкін? Оқушылар жауабы тыңдалады. Ия әр халықтың жазуының таңбалары әрқалай таңбаланады.
Қазақ әліпбиі бірнеше рет өзгерді.
Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ жазуын латын графикасына көшіру тақырыбын нақтылай келе, мамандар мен Үкіметтің алдына мынадай міндеттер қойды: Ø 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау; Ø 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын кадрлар даярлау мен орта мектептерге арналған оқулықтар даярлауды бастау; Ø қазақ тілін латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу; Ø 2025 жылдан бастап ісқағаздарын латын қарпінде жүргізу, мерзімді баспасөзді, оқулықтар мен басқа басылымдардың барлығын латын қарпінде жариялау.
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||||
Сабақтың ортасы |
Оқулықпен жұмыс. Саң Жиенің әріп жасауы «Түсініп оқы» айдары (Ө) Әр оқушы тізбектеп белгіленген жерге дейін ертегіні дауыстап оқиды. «Болжа» айдары (Т) Болжау әдісі бойынша оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын топтағы балаларға дәлелдеулері тиіс. Танысу үшін оқу және сканерлеу тәсілі бойынша мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады. Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек: Саң Жиенеге қуанды? Сөздікпен жұмыс : Жіті-мұқият, ұқыпты «Орында» айдары -Саң Жие ойлап тапқан белгілер қалай аталады? -Оқушы жауабы. (дөңгелек күн, әр затқа таңба, әріп) Саң Жие ашқан жаңалықты ертегіден тауып оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн реті. Тақырыбы: Ертегі мазмұнына жоспар жазады. Жоспар:
«Баға бер» айдары - Саң Жие қандай адам? -Оқушылар жауабы. Осы сұрақ төңірегінде оқушылар Саң Жиеге баға береді. Топ мүшелері әртүрлі пікірлерді тыңдай отырып, ішінен өздеріне ұнаған пікірді таңдап алады. «Орында» айдары Топтық жұмыс. (ТЖ) Сөздер, сөйлем мазмұнын сызба, сурет немесе таңба арқылы белгіле. Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі. Бір топ сызба түрінде көрсетеді. 2-топ сурет арқылы бейнелейді. 3-топ таңбалар арқылы бейнелеуге тырысады. Жұмыстарын соңында көпшілікке жариялайды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
||||
Сабақтың соңы |
Бағалау: Оқушылардың жинаған белгілері бойынша бағалау. Рефлексия «Шартты белгілер» кері байланыс. Білгім келеді Білдім Білемін |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала ры арқылы білдіре алады. |
||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген