жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Жемістер . Мектеп жасына дейінгі балалар.
Күні: 26.10.2020 жыл. Топтық сабақ жоспары
30.10.2020жыл.
Сабақтың тақырыбы: Жемістер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Балалардың жемістер жайлы білімін бекіту, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту.
2. Түзете – дамытушылық. Балалардың сөздік – логикалық ойлауын, сөздік – бейнелік ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол моторикасын, тыныс алу жолдарын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.Белсенді және енжар сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік. Балалардың жеміс ағаштарын аялай білуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жабыстырмалы сурет, жеміс ағашы, құрттар салынған алма, суреттер, демістер т.б.
Құрал – жабдықтар: айна, орамал т.б.
Сабақ түрі: топтық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалармен сәлемдесу.
-Қайырлы таң! Қалдарың қалай?
-Жақсы
Балалардың назарын сабаққа аударту;
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Ал енді, бүгінгі сабағымызды бастайық. Сабағымызды әдеттегідей артикуляциялық жаттығулармен бастайық.
Бүгінгі жаттығуларды панданың көмегімен жасаймыз. Қазір пандаға жаттығуларды жабыстыру арқылы орындайтын боламыз.
«Доп» - тілімздің ұшын оң және сол жақ ұртымызға кезек – кезек соғамыз.
«Тәтті тосап» - ауыз ашық, үстіңгі және астыңғы ернімізді тілімізбен кезек – кезек жалаймыз.
«Піл» - ернімізді алға қарай дөңгелетіп шығарамыз.
«Бақа» - тісімізд көрсетіп жымиямыз.
«Ат» - тілімізді қатты таңдайға жабыстырып, тықылдатамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар біз бүгін жемістермен танысатын боламыз. Жемістерде көптеген дәрумендер болады. Сондықтан біз жемістерді көп жеуіміз қажет. Жемістерге: алма, алмұрт, құлпынай, шие, ананас, банан, жүзім, лимон жатады.
Сендерге қандай жеміс ұнайды?
Айта қойшы, қандай жемістерді көріп тұрсың?
Балалар жемістер қайда өседі?
Жемістер ағаштың басында өсе ме, жерде өсе ме?
Дидактикалық ойын:
Дұрыс тыныстауды қалыптастыруға арналған жаттығу.
Мақсаты: тыныс алу жолдарын дамыту.
Ойынның барысы:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі екен, күзде күн салқын болады екен. Желдің қандай болатынын білесің дер ме ? Олай болса бізде жел сияқты мұрынмен терең тыныс алып, аузыызбен допты ұшырайық.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ма – ма – ма – қызыл алма
Ұрт – ұрт – ұрт – жұлып алдым алмұрт
Е – е – е – қып – қызыл шие
Ім – ім – ім – ұзіп алдым жүзім
Ас – ас - ас- сатып алдым ананас
Нан – нан – нан – сары түсті банан
Ай – ай – ай – анам берді құлпынай
Мон – мон – мон – қышқыл екен лимон
Дидактикалық ойын:
Фонематикалық жаттығу.
«Көленкесін тап» ойыны
Ойынның мақсаты: Бейнелік – логикалық ойлауын, беленді және енжар сөздік қорын молайту.
Ойынның барысы: Балалар панда бізге тапсырмалар әкеліпті, бірге орындайық. Жемістерді көлеңкесіне сай жабыстырып, ұйқасымен айту.
30.10.2020 жыл.
Дидактикалық ойын:
«Себетте не бар?» ойыны
Ойынның мақсаты: логикалық ойлауын , байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Ойынның барысы: балаларға себеттің суреті бейнеленген бінрнеше карточкалар беріледі. Бала жарықтың (фонарь) көмегімен себетте не жасырылғанын табуы қажет.
Дидактикалық ойын:
Сериалды суреттер.
Ойынның мақсаты: Көріп қабылдауын дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру.
Ойынның барысы: сериалды суреттер ұсынылады. Логопед ретімен балаға жеміс ағашының қалай өсетінін түсіндіреді. Логопед сериалды суретерді ретсіз қойып, балаға ретімен орналастырып, айтып беруін сұрайды.
Сергіту сәті.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап,
Кім алманы табады.
Сол ойыннан шығады. (Әуенмен)
«Жемісті ағаш» ойыны:
Ойынның мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Ойынның барысы: балаға сериалды сурет бойынша әңгіме құрау, ағаштағы жемістерді теру.
Сабақты
қортындылау:
-Қандай
жеміспен таныстыңдар?
-Қандай
жемісті ұнатасың?
-Жеміс
ағашын қалай баптаймыз?
-Қандай
ойын түрлерін ойнадық
?
Жарайсыңдар!
Күні: 27.10 - 29.10.2020 жыл. Жеке сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жемістер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Баланың жемістер жайлы білімін бекіту, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту.
2. Түзете – дамытушылық. Баланың сөздік – логикалық ойлауын, сөздік – бейнелік ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол моторикасын, тыныс алу жолдарын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.Белсенді және енжар сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік. Баланың жеміс ағаштарын аялай білуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жабыстырмалы сурет, жеміс ағашы, құрттар салынған алма, суреттер, демістер т.б.
Құрал – жабдықтар: айна, орамал т.б.
Сабақ түрі: жеке
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Баламен сәлемдесу.
-Қайырлы таң! Қалың қалай?
-Жақсы
Балалардың назарын сабаққа аударту;
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Ал енді, бүгінгі сабағымызды бастайық. Сабағымызды әдеттегідей артикуляциялық жаттығулармен бастайық.
Бүгінгі жаттығуларды панданың көмегімен жасаймыз. Қазір пандаға жаттығуларды жабыстыру арқылы орындайтын боламыз.
«Доп» - тілімздің ұшын оң және сол жақ ұртымызға кезек – кезек соғамыз.
«Тәтті тосап» - ауыз ашық, үстіңгі және астыңғы ернімізді тілімізбен кезек – кезек жалаймыз.
«Піл» - ернімізді алға қарай дөңгелетіп шығарамыз.
«Бақа» - тісімізд көрсетіп жымиямыз.
«Ат» - тілімізді қатты таңдайға жабыстырып, тықылдатамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балақай біз бүгін жемістермен танысатын боламыз. Жемістерде көптеген дәрумендер болады. Сондықтан біз жемістерді көп жеуіміз қажет. Жемістерге: алма, алмұрт, құлпынай, шие, ананас, банан, жүзім, лимон жатады.
Саған қандай жеміс ұнайды?
Айта қойшы, қандай жемістерді көріп тұрсың?
Балақай жемістер қайда өседі?
Жемістер ағаштың басында өсе ме, жерде өсе ме?
Дидактикалық ойын:
«Құрт жасырынған алма»
Ойынның мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру.
Ойынның барысы: алмаға жасырылған құрттарды магниттің көмегімен алу.
Дидактикалық ойын:
«Жұбын тап» ойыны.
Ойынның мақсаты: ұсақ қол моторикасын, логикалық ойлауын дамыту.
Ойынның барысы: Балаға бөліктерге бөлінген жемістер беріледі. Бала мұқият қарап, жұьын табады. Берілген жемістерге сөйлем құрайды.
Дидактикалық ойын:
«Себетте не бар?» ойыны
Ойынның мақсаты: логикалық ойлауын , байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Ойынның барысы: балаларға себеттің суреті бейнеленген бінрнеше карточкалар беріледі. Бала жарықтың (фонарь) көмегімен себетте не жасырылғанын табуы қажет.
28.10.2020 жыл.
Дидактикалық ойын:
Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету.
Ойынның құрал – жабдықтары: жемістер мен көкөністер.
Ойынның барысы: Логопед балаларға көкөністер мен жемістерді таныстырады және екеуін ажыратып екі себетке салады. Бала есіне сақтап, жемістер мен көкөністерді екі себетке бөліп салады.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ма – ма – ма – қызыл алма
Ұрт – ұрт – ұрт – жұлып алдым алмұрт
Е – е – е – қып – қызыл шие
Ім – ім – ім – ұзіп алдым жүзім
Ас – ас - ас- сатып алдым ананас
Нан – нан – нан – сары түсті банан
Ай – ай – ай – анам берді құлпынай
Мон – мон – мон – қышқыл екен лимон
Дидактикалық ойын:
«Бөлігін тап»
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауын, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Ойынның құрал – жабдықтары:
Ойынның барысы: Балаға екіге бөлінген жемістер ұсынылады. Бала түсіне және пішініне қарай жемістердің өзіне сай бөлігін құрастырады.
29.10.2020 жыл.
«Кірпінің тікенінде не бар?»
Ойынның мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту, ойынға қызығушылығын арттыру.
Ойынның барысы: Кірпінің тікендеріне жемістердің көкөністерді жіптің көмегімен ілу.
Дидактикалық ойын:
Дұрыс тыныстауды қалыптастыруға арналған жаттығу.
Мақсаты: тыныс алу жолдарын дамыту.
Ойынның барысы:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі екен, күзде күн салқын болады екен. Желдің қандай болатынын білесің дер ме ? Олай болса бізде жел сияқты мұрынмен терең тыныс алып, аузыызбен допты ұшырайық.
Дидактикалық ойын:
Қима суреттер.
Ойынның мақсаты: логикалық ойлауын, есете сақату қабілетін дамыту.
Ойынның барысы: Қиылған суреттен алманы құрастыру.
Сабақты
қортындылау:
-Қандай
жеміспен таныстың?
-Қандай
жемісті ұнатасың?
-Жеміс
ағашын қалай баптаймыз?
-Қандай
ойын түрлерін ойнадық
?
Жарайсыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген