400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ: «Жемістер (алма, алмұрт)»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әр-түрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру. Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестерді анықтай білу қабілеттерін дамыту. Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын тусіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жемістер (алма, алмұрт)»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер (алма, алмұрт)»

Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әр-түрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру. Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын тусіндіру.

Қолданады: жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.


Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді болып жүрейік!

Педагог бейнеролик қолдана отырып балалармен күз мезгілі жайында әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

Балалар шаттық шеңберін жасайды.


-Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

-Күз мезгілі.

-Алма, алмұрт, жүзім.

-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында толы жеміс толы себеті бар.

-Балалар,қарындаршы,бізгк қонақ келді. Бізге әкелген сыйлығы бар екен.

«Күз аруының» тапсырмасы: балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

-Мынау қандай жеміс?

-Мынау ше?

-Тағы қандай жемістерді көріп тұрсыңдар?

-Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

-Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.

1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар.

Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасына саламыз.

Пышақпен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз. Жапырақты алманың жасабағына жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паравозы пойыздың

Қатар қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық.

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанымыз ортасына салып ермексазды жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішінін келтіреміз. Баспармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай жапсырамыз.

Жасыл түсті ермексазды кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақты жасаймыз.

Балалар «Күз аруымен» амандасады

Қонақтың сыйын тамашалайды.


-Алма

-Алмұрт

-Жүзім

Орындарын отырып, жұмыстарына кіріседі. Затқа қарай отырып, алма мен алмұртты мүсіндейді.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

«Күз аруы» мен педагог бірге қорытындылайды:

  • балалар жұмысынан көрме;

  • алма, алмұрт туралы сипаттап айту;

  • «Күз аруы» сый таратады.


Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады. Балалар рахмет айтады. «Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.

Жеке жұмыс: Мұратұлы Нұрасыл, Нәлібай Дастанның ермексазбен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, зейін қоя отырып жұмыс істеуге, бір істі соңына дейін аяқтауға үйрету.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеміс-жидектер-табиғаттың сыйы екендігі;

Игереді: пайдасына түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

Меңгереді: жемстердің өзара айырмашылықтардын ажырату.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі