Білім
беру саласы:
Коммуникация. Шығармашылық.
Бөлім:
Сөйлеуді дамыту. Аппликация. Музыка.
Тақырыбы:
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты:
Жемістер мен көкөністер туралы
түсініктерін кеңейту.
Оларды
ажырата білуге үйрету.
Білімділік:
Жұмбақ шешу ойын ойнату арқылы оқу
қызметіне деген
қызушылығын арттыру. Жемістер
мен көкөністер туралы
түсініктерін
кеңейту. Оларды ажырата білуге үйрету.
Балалардың
жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Балалардың есте сақтау қабілетін
дүниетанымын, ұсақ қол
моторикасын дамыту.
Тәрбиелік:
Жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор
болуға тәрбиелеу.
Жұмысты
ұқыпты, таза жасай білуге машықтандыру.
Көрнекілігі:
жеміс пен көкөністердің суреттері,
слайд.
Әдіс
тәсілдер:
түсіндіру, көрсету, жұмбақ, сұрақ-жауап,
ойын.
Сөздік
жұмыс:
Жемістер мен көкөністер
Полебилингв.комп:
Жемістер-фрукты,
көкөністер-овощи, алма-яблоко,
сәбіз-морковь,
орамжапырақ-капуста.
Инклюзивтік
әлеумет:
Баяу қозғалатын және тұйық баламен
жұмыс жасау.
Бала
аңғарымдылығын арттыру.
Кіріспе
бөлім:
Шаттық
шеңбер: -Армысың, Асыл күн!
Армысың,
Асыл жер!
Армысың,
Көк аспан!
Армысың,
Жан досым!
Армысыңдар,
қонақтар!
Негізгі
бөлім:
-Балалар, бүгін ерекше күн, себебі
бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты
өткілі тұр.
-Балалар
мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп
отыр.
Жұмбақтар:
-Өзі сары, қызыл домалақ.
Доп
деп қалма сен бір ақ.
Алма.
-Жерге
қазық қақтым,
Басына
айдар тақтым.
Сәбіз.
-Аласа
ғана бойы бар,
Қабат,
қабат тоны бар.
Орамжапырақ.
-Жарайсындар
балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.
-Балалар
бүгін біз жемістер мен көкөністерді
есімізге түсірейікші.
-Балалар
жемістер қайда өседі?
-Балалар,
жемістер бауда өседі. Алма, алмұрт, шие
–жемістер.
-Көкөністер
қайда өседі?
-Көкөністер
бақшада жерде өседі.
-Көкөністерге
нелер жатады?
-Орамжапырақ,
картоп, сәбіз.
-Балалар,
жемістер мен көкөністерді егетін, күтіп
баптайтын кісіні бағбаншы дейміз.
-Балалар,
жемістер мен көкөністерде дәрумендер
өте көп.
-Жемістер
мен көкөністерді жуып, сүртіп жеуіміз
керек.
-Балалар
жемістер ағаштарын сындыруға бола ма?
-Жоқ,
болмайды.
-Бақшада
өсіп, пісіп тұрған көкөністерді жұлып
лақтыруға бола ма?
-Жоқ
болмайды.
-Жарайсындар,
балалар жемістер мен көкөністерге
ұқыпты қарауымыз керек.
-Балалар
жемістер мен көкөністерді үш тілінде
қайталап айтайықшы.
Жемістер-фрукты-fruits
Көкөністер-овощи-veqetables
Алма-яблоко-apple
Сабіз-морковь-carrot
-Жарайсындар,
балалар!
Д/ойын:
«Бақшада ма, бауда ма?»
Шарты:
Жемістер мен көкөністердің атын, түсін
айту арқылы өз орнына орналастыру.
-Балалар
сенберге ойын ұнады ма?
-Жарайсындар
балалар!
Сергіту
сәті:
- Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды
жаяйық.
Құстар
болып ұшайық.
Орнымызды
табайық.
-Жарайсындар
балалар. Орнымызға отырайық.
Д/ойын:
«Кім жылдам?»
Шарты:
Екі топқа бөлініп жемістер мен
көкөністердің бөлігін тауып құрастыру.
Қызықтыру
сәт: -Балалар бізге қонаққа қоян келді.
Саламатсыз ба қоян!
Қоян:
-Саламатсыңдар ма балалар.
-Қоян,
сен неге көңілсізсің?
Қоян:
-Анам дүкенге кетті, үйдегі тұрған
сәбіздерді жеп қойма десе де мен жеп
қойдым.
Анам
келгенше енді қалай сәбіз тауып қоямын?
-Балалар
қоянның көңілін қалай көтерсек болады?
-Балалар
қоянның көңілін көтеру үшін өлең
шумақтарын айтып берейік.
Сәбіз:
- Өсіретін бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға
да азықпын,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Қызанақ:
-Піскен кезде қызанақ,
Көз
тартар қызыл түсімен.
Бар
ма адам сүйсінбей,
Томат
шырынын ішпеген.
Шалқан:
-Кім білмейді шалқанды?
Талайлар
маған таң қалды.
Бәріне
сый боламын,
Тауып
көр менен дарханды!
-Жарайсындар
балалар!
-Қоян
сенің көңілің көтерілді ма?
-Балалар
қоян әлі көңілсіз болып тұрғой.
Онда
қоянды да, шығармашылық ортаға шақырып,
қоянға сәбіз
Бөліктерін
құрастырып жапсырып сыйлыққа берейік.
Әдіс-тәсілдер:
Балаларға желіммен сәбіз бөліктерін
жапсыру тәсілін көрсетіп, түсіндіру.
Қауіпсіздік
ережесімен таныстыру.
Балалардың
жасаған жұмысын мақтап, мадақтап қоянға
сыйлыққа береді.
Қорыту:
Бекіту
сұрақтарын қойып, оқұ қызметін қорыту.
-Бүгін
біз не өттік?
-Қандай
ойын ойнадық?
-Бізге
қонаққа не келді?
-Қандай
жұмыс жасадық?
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
Жемістер мен көкөністердің ерекшеліктерін.
Игереді:
Желіммен жұмыс жасауды
Меңгерді:
Бау-бақшадағы жеміс ағаштар мен
көкөністерді аялауды, қамқорлықпен
қарауды.