Ашық сабақ Жемістер мен көкөністер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жемістер мен көкөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемістер мен көкөністерді ажыратуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жалпы білім беретін Шахта мектебі













Жемістер мен көкөністер







Педагог-дефектолог: Жапарова Ү.Е























2024-2025 оқу жылы



Тақырыбы:«Жемістер мен көкөністерді ажырату»

Мақсаты:

1.Жемістер мен көкөністерді бір-бірінен ажыратуға, дұрыс айтуға үйрету. «Жемістер,көкөністер» тақырыбы бойынша сөздікті белсендіру.

2. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

3.Жемістер мен көкөністерді күтуге тәрбиелеу.

4.Сөздерді дұрыс айтуға, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Есту зейінін және ұсақ қол моторикасын дамыту.

Міндеті:Сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлемдесу


Топқа бөлу


Оқушыларға қиынды суреттер беріп,жемістер 1-ші топқа, көкөністер 2- ші топқа бөлу.


Жаңа тақырып:Көкөністер мен жемістер


Жемістер мен көкөністер туралы түсінік

алалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз. Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие. Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз. Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Жемістерден тосап және компот қайнатады. Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз. Ал көкөністердің пайдасы мысалы; Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз. Көкөністер. Сәбіз дің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.


1-тапсырма: «Түсіне қарай ажырат» 

Мақсаты:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай отырып, түстерін ажырата алуға баулу.

Ойын шарты:

Жемістер мен көкөністер банкада жасырылған.Жарық түсіру арқылы жемістер мен көкөністерді түсіне қарай ажырату.



2-тапсырма: «Жемістер мен көкөністерді ажырату»

Мақсаты: көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты:, Жемістер мен көкөністерді ажырата отырып өз себеттеріне салу





Сергіту сәті

Алма баққа барайық, (Орындарынан тұрып жүру)

Алма теріп алайық. (Алма теру қимылын жасайды)

Қол жетпесе алмаға, (Оң қолды көтеру)

Секіріп қол созайық. (Екі қолды көтеріп секіру)



3-тапсырма.«Дәміне қарай ажырат»

Мақсаты: Тіл арқылы дәмдерді ажыратамыз. Тіл әрі сөйлеу мүшесі.


Ойын шарты: Үстел үстіне әртүрлі шырындар беріледі.Әр шырынның дәмін ажырату қажет.


4-тапсырма: «Не,қандай» ойыны


Мақсаты: ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамытып,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Көргенін суреттеп айта білу қабілеттерін,қолдың ұсақ моторикасын дамыту.


Ойын шарты: Жемістер немесе көкөніс түрін ажырату қажет.



IІІ. Қорытынды:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі