400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ "Жер байлығына аяулы көзқарас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ 6 сыныпқа арналған.Тақырыбы:" Жер байлығына аяулы көзқарас ". Жаңа сөздер,мәтінмен жұмыс. әртүрлі тапсырмалар бар. Ереже арқылы пайымдау мәтінін жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің «№ 4 мектеп- лицейі»КММ

Күні: 18 .02.21

Мұғалімнің аты-жөні: Каласова Алтын Жакибаевна

Сынып: 6

Қатысқан oқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Жер байлығына аяулы көзқарас


Сабақтың тақырыбы

Туған өлкенің табиғи байлықтары

Oсы сабақ арқылы жүзеге асатын oқу мақсаттары

6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру;

6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; 

Сабақтың мақсаттары

Барлық oқушылар: мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады,үндестік заңын біледі.

Көптеген oқушылар : мәтіндердің тақырыбын анықтайды, мазмұндық құрылымын, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолданады, салыстырады,үндестік заңын біледі.

Кейбір oқушылар : мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады,жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады.

Oйлау дағдыларының деңгейлері

талдау

Бағалау критерийлері

мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады, жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қoр мен терминдер: қорық, құмтас, кен, өндіріс, елік

Пәнаралық байланыс

География пәні

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«Қазақстанның байлығы».

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы








Балалар мына сөздерге қараймыз. Қорық, кен, байлық, табиғат, қазбалар, жануарлар,құстар. Осы сөздер арқылы сабақтың тақырыбын табайық. Не туралы? Қалай ойлайсыңдар?

Жаңа сөздер:

Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерін суреттерді сөйлету арқылы өткізейік. қазақша атаулары бірінші бағанда жазылған, ал екінші бағанға орысша аудармасын жазыңыз.

1

кен


2

қорық


3

құмтас

4

өндіріс

5

елік


Өзіңді тексер:



1


кен

руда



2


қорық

заповедник



3


құмтас

песчаник


4


өндіріс

производство


5


елік

косуля













Сабақтың ортасы



Мәтінмен жұмыс.Мәтіндерді мұқият оқып, тапсырмаларды орындауға дайындалыңыздар.

1 мәтін.

Менің туған өлкемде әлемге танымал қасиетті Наурызым қорығы бар.Қорықтың климаты континенттік ; қысы- суық, ызғарлы, жазы ыстық.Топырағы құмтас.Қорықта қарағай, қайың, көктерек,тобылғы,т.б. өсімдіктер өседі. Қорық жан- жануарларға бай. Онда елік, ақбөкен, борсық, суыр т.б жануарлар мекендейді .Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.

2 мәтін.

Қостанай облысында көптеген қазба байлықтары кездеседі.Олар: боксит, алтын, никель, асбест, цемент, доломит. Мысалы: Рудный қаласында кен байыту комбинаты темір кенін өндіреді. Алғашқы кеннің бар екенін ұшқыш Сургутанов байқады.1949 жылы көктемде В.Новиков Соколов темір кені пайдалы қазбасын ашты. Қазіргі таңда Рудный комбинаты өз өндірісін, біздің елге ғана емес, сонымен қатар шет елдерге де тасымалдайды.Рудный комбинаты облысымыздың экономикасын дамытуда.

1-тапсырма.

Мәтіндердің тақырыбын анықтап,ат қой.

1 мәтін

2 мәтін



Дескрипторлар:

-мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

- мәтіндерге ат қояды;

2 тапсырма

Мәтіндерді мазмұндық құрылымына қарай салыстырыңыз.

1-мәтін

салыстыру аспектілері

2-мәтін



не туралы?



стилі



жанры



түрі


Дескрипторлар:

- Мәтіндердің не туралы екенін анықтайды;

- Мәтіндердің стилін анықтайды;

-Мәтіндердің жанрын анықтайды;

- Мәтіндердің түрін анықтайды;

Өзіңді тексер:

1-мәтін

салыстыру аспектілері

2-мәтін


қорық

не туралы?

Қазба байлықтар

ауызекі

стилі

ауызекі

әңгіме

жанры

әңгіме

сипаттау

түрі

әңгімелеу


Пайымдау мәтіні.

Пайымдау мәтіні неліктен? деген сұраққа жауап береді. Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. Тірек сөздер: «өйткені», «себебі», «біріншіден», «екіншіден».

(Қысқаша еске түсіріп өту)

3 тапсырма. «Жер байлығы – ел байлығы» тақырыбына пайымдау мәтінін жазыңыз.Үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.


Дескрипторлар:

- тақырып бойынша 6 сөйлем жазады;

- пайымдау мәтінін жазады

- үндестік заңын ескереді;-

- орфографиялық нормаға сай жазады;




Сабақтың соңы

Кері байланыс.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
891
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі