Материалдар / ашық сабақ: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары . 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары . 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді, берілген жоспар бойынша жер бедерін сипаттайды, түрлі ақпараттар негізінде (оқылым, айтылым және жазылым дағдылары, тыңдалым дағдыларын) қалыптастырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
564
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Физикалық география

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімшесі:

Литосфера

Мектеп:

Күні: .........................

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып: 8





Сабақ тақырыбы

Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді

Сабақ мақсаттары

Жер бедері түрлерін ажырата алады. Жер бедерінің қалыптасуын түсіндіре отырып, болжам жасай алады.

Картаны қолдана отырып жер бедерінің түрлерін сипаттайды. Берілген карталармен жұмыс жасап,жер бедерінің негізгі түрлерінің таралу заңдылықтарын біледі.

Бағалау критерийлері

«Жетті» деп есептеледі, егер:,

-жер бедері түрлерін жіктей алса және айырмашылықтарын ажырата алса;

-Жер бедерінің қалыптасуын және оның себептерін түсіндіре алса;

-Жер бедерінің қалыптасуын түсіндіре отырып, болжам жасай алса;

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттар: Оқушылар жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді, берілген жоспар бойыншажер бедерін сипаттайды, түрлі ақпараттар негізінде (оқылым, айтылым және жазылым дағдылары, тыңдалым дағдыларын) қалыптастырады

Алымен ауызша жер бедерінің ерекшеліктерін анықтау және бұған әсер ететін факторларды жазбаша болжау.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Фотосуретте не бейнеленген? Ішкі күштер...........................................

Таулардың пайда болуы................Ірі жазықтар.......................

Сыртқы күштер.................Денудация.................Үгілу.........................

Антропогенді күштер.................................

Құндылықтарды дарыту


Құндылықтар:Оқушылар бойындағы жауапкершілік; коллаборативті орта құруға атсалысу; өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, Тарих, картография, биология және химия пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және жер бедері түрлерін анықтауда жүзеге асады.

Бастапқы білім


7 сыныпта оқушылар литосфераның құрылысы, Жердің тектоникалық құрылымы, литосфералық плиталардың орналасуы, жер бедерінің қалыптасуын меңгерген

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 10 минут

Психологиялық ахуал: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар бір-біріне «Жүрек жылуы» әдісі арқылы сабаққа тілектерін білдіреді.

Тақырыпты ашу үшін оқушыларға сурет көрсету және сұрақтар қою.

«Ми шабуыл»: Суретке қарай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау. Оқу мақсаттары (ОМ) жарияланады.



Жер бедері туралы суреттер

Мұғалім жер бедері туралы ақпарат береді.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жер бедерінің түрлері


Үгілу дегеніміз - жер бетінде немесе ауа қабатында температураның ауытқуы, судың және ағзалардың химиялық немесе механикалық әсерінен тау жыныстарының бұзылуы мен химиялық өзгеріске ұшырау үдерісі.

Үгілу:физикалық (механикалық), химиялық және органикалық болып үш топқа бөлінеді. Үгілу салдарынан денудация процесі жүріп ол жер бедерін күрделі өзгеріске ұшыратады.

Денудация - үгілген тау жыныстарының жер бетінің ойпаң бөліктеріне сырғу немесе тасымалдану (сумен, желмен, мұздықпен, ауырлық күшінің тікелей әсерімен) процестерінің жиынтығы.

Орография - жер бедері формаларын сыртқы бейнесіне байланысты сипаттау. Кейбір жер бедерінің көріністері бір-біріне әр түрлі белгілері бойынша ұқсас болып келеді. Мысалы, биіктігі, ені, ауданы, тау шыңдарының формалары бойынша. Орографиялық бірліктерге мысалы, тауларды жатқызуға болады.


https://www.twig-bilim.kz/kz/film/land-formations



https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/litosfera-zhane-zher-qabyhy/lesson/taulardyng-pajda-boluy



Сабақтың ортасы

30мин

Топтық жұмыс. Тапсырма 1.

  1. Физикалық картадан таулар мен жазықтар орналасқан жерлерді анықтайды.

  2. Тектоникалық картаны қарап, физикалық картамен салыстырады. материктердің жер бедерінің негізгі түрлерінің таралу заңдылықтарын шығарады. Кесте толтырады.


Мұғалім дұрыс жауабын көрсетеді, оқушылар өз-өздерін бағалайды


Бағалау критерийлері

Дескриптор

жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді


1

Жер бедері түрлерін ажырата алады.

2

Картаны қолдана отырып жер бедерінің түрлерін анықтай алады.

3

Берілген карталармен жұмыс жасап,жер бедерінің негізгі түрлерінің таралу заңдылықтарын біледі




Кесте

Физикалық карта

Тектоникалық карта



Топтық жұмыс. Тапсырма 2

Суреттермен жұмыс жасай отырып, жер бедерінің өзгеруінің себептерін анықтайды. Болашағына болжам жасйды.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді


1

Жер бедерінің қалыптасуын түсіндіре отырып, болжам жасай алады



Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс. Ресторан әдісі

Ресторан тағамының ең тәттісі (сабақтың сәттілігі)

Ресторан тағамының ең ащысы(сабақтың қиындығы)

Ресторанның мына тағамына дәмдеуіштер қосамын (сабақтың мына тұсы түсініксіз)

Үй жұмысы:

Үй жұмысы: Жер бедерінің өзгеруіне мысалдар жазып келу.



Түрлі түсті стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар литосфераның өзгерісінің себептерін анықтауға тапсырма беруге болады.

Қабілеті төмен оқушыларға мәтінмен немесе атласпен жұмысты беруге болады.


Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Сабақ басында оқушылардың зейіндерін бір ортаға шоғырландыру үшін жаттығу жасайды.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!