400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жер беті суларын қорғау" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Су туралы оқушылар түсінігінкеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ізденгіштік, қиындықты шеше білуі. Табиғатты қорғау, үнемшілдік, ұйымшылдық қабілетін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Пәні: География

Күні: 09.11.16ж.

Сыныбы: 7 «Б»

Тақырыбы: Жер беті суларын қорғау

Мақсаты:  Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Су туралы оқушылар түсінігінкеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ізденгіштік, қиындықты шеше білуі. Табиғатты қорғау, үнемшілдік, ұйымшылдық қабілетін ояту.

Күтілетін нәтиже:

  • Тақырыпты меңгереді

  • Білім,білік дағдылары қалыптасады

  • Өзін-өзі бағалай алады

  • Бір-бірінің пікірін тыңдауға үйренеді

  • Бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады

  • Картамен жұмыс жасай алады

Түйінді идея

Судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызы


Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Көрнекілік көздері: интерактивті тақта, фотосуреттер, бейнебаян,бағалау

парағы,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тренинг,топтық және жеке жұмыс, ойын

түрінде,логикалық тапсырмалар, бағалаудың түрі

Пәнаралық байланыс: әдебиет, физика,тарих,биология


Сабақтың барысы
:


Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Оқыту әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Оқушыларды амандасу,түгендеу.

Назарын сабаққа аударту.

Психологиялық тренинг

«Менің тілекші есімім» Әр оқушы қасындағы көршісінің есімінің мағынасын ашып,атына сай тілек тілейді.Мысалы: Ерхан- Ел билейтін хандай,ер азамат бол.


Топтық


Интерактивті тақта

Паровоз арқылы топтастыру

1.Паровоз арқылы бір-бірінің артынан ұстап,шеңбер бойынша айналып, 1-2-3 топқа бөлінеді

2.Оқушылыр топқа бөлініп үй тапсырмасын қайталауға кірісеі. 1 минут уақыт беріледі



Топтық


Үш шапалақ



Фотосурет

Қызығушылықты ояту(10мин)

Үй тапсырмасы:

Мұздықтар және олардың маңызы

«Миллион кімге бұйырады ойыны»

Әр топ ойыншыларына 5 сұрақтан тұратын викториналық сауалдар қойылады

1-сұрақ.: 100.000мың теңге

2-сұрақ: 200.000мың теңге

3сұрақ: 500.00 мың теңге

4сұрақ: 700.000мың теңге

5-сұрақ 1.000.000теңге

-Оқушылардың жауабына қарай осы ақша купюрін ұсыну

Ойын барысында кездесетін сұрақтар:

1.Қазақстан өзендерінің негізгі су көзі не? Мұздықтар

2.Не нәрсе тұщы су қоймасы болып табылады? Мұздықтар

3.Қазақстан ғалымдары не құрастырды? Мұздықтар каталогын

4.Қазақстан ғалымдары құрастырған каталогтың нәтижесінде не жасалды? Карта

5.Мұздықтар Қазақстанның қай аймақтарында таралған? Шығыс және оңтүстік-шығыс

6.Неліктен мұздықтар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған? Өйткені, ол жерлерде еліміздің биік таулары орналасқан

7.Республиканың барлық тауларында қанша мұздық бар? 2724 мұздық

8.Қазақстан мұздықтарының алып жатқан ауданы қанша? 2033,3 км2

9.Қазақстан мұздықтарының көлемі қанша? 100 км3

10.Республика мұздықтары көлемі өзен ағындарының жылдық мөлшерінен қанша артық? Екі есе артық

Жабық тест

1.Табиғи суларды  және оларда болатын құбылыстар мен үрдістерді зерттейтін ғылым:

  1. Гидрология  бөлінеді:

  2. Айсберг –

  3. Антарктидадағы мұз бетінен көтеріліп шығып тұрған ең биік шыңдар:

  4. таудағы мұздықтардың швейцарлықтарша атауы:

  5. «астау» мұздықтың әрекетінен өңделген, кеңейтілген түзетілген таулық эрозиялық аңғар:

  6. Корженевский –

Гипотезалық  сұрақ.

Неге жер бетіндегі су жоғалып кетпейді?

ДЖ су айналымы жайлы ұғым.

  • (Сұрақтардың барлығы кезегімен интерактивті тақтадан кезегімен көрсетіліп тұрады)

  • Үй тапсырмасын қорытындай келе оқушылардан сәйкестендіру тестісін аламын.Оқушылар оған лезде жауап беруі тиіс

Топтық





































































Жеке

Үш шапалақ

Фотосурет

1000000 купюр ақшасы

Мағынаны тану (15мин)


  • Сабақты актуалдап кетемін ауызша (Мысал арқылы)

Мұздықтар қайда болады, неліктен, қандай заңдылыққа байланысты?

Оларды қандай мұздықтар дейміз?

Гренландия қандай арал, неге оның бетін мұз басып жатыр?

Таулардағы және құрлықтағы мұздықтарда айырмашылық бар ма?

Сонымен алдымызға қандай мақсат қоямыз?

********

  • Бейнебаян көрсетіледі және оқушылар өз ойларын ортаға салады

  • Жаңа сабақты түсіндіремін
    Жер беті суларын қорғау

Cудың бүкіл жер бетінде өтіп жататын құбылыстарда атқаратын қызметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі маңызы өте зор. Су туралы мақал – мәтелдер барлық халықтар тілінде бар. Олар әр тілде әр түрлі айтылғанымен, бәрінің мағынасы «сусыз тіршілік жоқ» деген ұғымға саяды.
Сонымен, балалар, суды қорғай білу – оны дұрыс пайдалану екендігін түсіндіңдер. Адамдар өз мұқтаждықтарына суды тиімді пайдалану үшін ерте кезден – ақ каналдар салынған.
Канал дегеніміз – жасанды өзен.
Адамның қолымен жасалған арнаға өзен немесе көл суы жіберіледі. Канал арқылы бір өзен мен екінші өзен жүйесі жалғасып, қолайлы су жолдары пайда болады, сумен жабдықтау жақсарады. Осы айтылғанға Ертіс – Қарағанды каналы мысал бола алады. Оның ұзындығы 500 км, ені 40 м, ал тереңдігі 5 – 7м.
Көптеген өзендер бір маусымда арнасынан шығып тасыса, келесі маусымда тайыздап қалады. Өзен суын реттеп, түрлі мақсаттарға пайдалану үшін адамдар қолдан бөген жасайды.
Бөген дегеніміз – жасанды су қоймасы. Бөгендер халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді Бөгенге жиналған су СЭС – тердің турбиналарын айналдырады.
Жер бетіндегі суды ысыраппен пайдалану ауыр зардаптарға әкеп соқтырады. Мысалы, Әмудария мен Сырдарияның өзендерінің суын шаруашылық мақсаттарға ұқыпсыздықпен пайдалану салдары Арал теңізінің тартылуына әкеп соқтырды. Ұқыпсыз пайдалану барысында таза су құрамында зиянды, тіпті улы заттар кездесе - тін лас суға айналады. Осы су өзендерге, көлдерге, теңіздерге, мұхиттарға қосылып, оларды ластайды.
Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдалануының әсерінен су құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің пайдалануға жарамсыз болып қалуын судың ластануы деп атайды.
Өзендер мен көлдерді ластанудан сақтау үшін не істеу керек? Ластанған суды өзендер мен көлдерге ағызбастан бұрын жақсылап тазарту керек. Ол үшін арнаулы орындарда суды сүзеді, тұндырады және басқа да әдістермен тазалайды.
Республикалық “Су заңында” әрбір өзен немесе көл жағалауында су қорғау белдемдерінің болуы керек екендігі айтылған. Бұл аймақта шаруашылық қызметі қатаң тежеледі. Яғни мал шаруашылық кешендерін салуға, қара малдың жазғы жайылымына пайдалануға, өнеркәсіп қалдықтарын сақтауға, қоқыстарды тастауғатыйым салынған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының География институты Нұра, Ертіс өзендерінде судың құрамын зерттеген. Содан олардағы сынап, қорғасын, мырыш секілді қатерлі ауыр металдар мөлшері қалыптан ондаған есе асып түсетіні белгілі болды. Сондықтан бұл өңірлерде неше түрлі аурулар көбейіп кетті.

  • 1.Өзіндік зерттеу сәті

Әрбір топқа өз бетінше оқу ұсынылады

(2минут уақыт беріледі)

2.Жаңа сабақ түсіндіру арқылы жаңа сабақты қаншалықты түсінгендері сұралады

3.Топтық жұмыс

Топтық таныстырылым

1-топ: Каналдар туралы түсінік

2-топ: Судың маңызы

3-топ: Су заңы

Картамен жұмыс

Әр оқушы картадағы обьектілерді тауып,оларға сипаттама береді.





Топтық

Екі жұлдыз,

бір тілек

Оқулық интерактивті тақта плакаттар

Ой толғаныс (10мин)

Әріптер сыры:

Әр оқушы берілген сандар арқылы,алфавит әріптердің нешінші тұрғаны арқылы жұмбақты шешеді.Мысалы: 18+38+16

Алфавитте 18-ші әріп –Н

38-ші әріп – І

16-ші әріп -Л

ЖЕКЕ

Үш шапалақ

Интерактивті тақта,

Сабақты қорытындылау (3мин)

  • Қорытындылау.Рефлекция

Ұшқыр қиял

I топ – “Сусыз тіршілік жоқ” эссе жазу

II топ – Суға байланысты мақал – мәтелдер

III топ – “Су” 5 жол өлең шығару


Жеке

Өзара бағалау





Бағалау кезеңі(2мин)

  • Әр оқушы сабақ соңында өзін-өзі түрлі-түсті стикер арқылы бағалайды.

  • Инстабаға бағалау парағына әр оқушы өз лүпіл басып жүрекшені жабыстырады.

(Бұл жерде қазіргі заманауи ақпарат көздерін нысанға ала отырып, бағалаудың осы түрін оқушыларға пайдаландым)

-сабаққа түсінбедім

-сабақ өте қатты ұнады

-сабақты толық меңгере алмадым

Жеке

Мұғалімнің бағалауы

Интерактивті тақта

Үйге тапсырма беру кезеңі

Жер беті суларын қорғау

-Су туралы ырым-жоралғылар іздестіру

-Сөзжұмбақ құрастырып келу



Интерактивті баға


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі