400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Жер бетін бейнелеу тәсілдері. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
География , биология пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам

Мектеп: ст. Шамалған ҚОМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: О.Торегалыев

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу мақсаты

6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу

6.2.5.4 географиялық координаттарды анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлығы: масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу, географиялық координаттарды анықтау;

Көпшілігі: масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу, географиялық координаттарды анықтау, картадан көрсету;

Кейбіреулері: масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу, географиялық координаттарды анықтау, картадан көрсету және дәлелдеу;

Бағалау критерийлері:

  • масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептейді, географиялық координаттарды анықтайды;

  • масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептейді, географиялық координаттарды анықтайды, картадан көрсетеді;

  • масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептейді, географиялық координаттарды анықтайды, картадан көрсетеді және дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар масштабты пайдаланып, арақашықты есептеу жолын ауызша түсіндіреді. Карта бойынша географиялық координаталарды анықтау жолын ауызша түсіндіреді. Тақырыпқа байланысты терминдерді ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Масштаб, масштаб түрлері (атаулы, сандық, сызықтық), градус торы, географиялық координаталар, экватор, меридиан, географиялық ендік, географиялық бойлық.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Масштаб дегеніміз ...

... қалаларының арақашықтығы ... км-ге тең.

Географиялық координаталар дегеніміз ...

Географиялық бойлықтар ... бөлінеді.

Географиялық ендіктер ... бөлінеді.

Алматы қаласының географиялық координаталары ...

Құндылықтарды

дарыту


Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, бір – біріне деген құрмет, ынтымақтастықты дарыту

Бастапқы білім


Оқушылар 5 – ші сыныпта жергілікті жердің қарапайым планын сызды.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
















Сәлемдесу. Психалогиялық ахуал тұғызу.

Оқушылардың көңіл - күйлерін сұрау.

«Қима қағаздар» арқылы 5 топқа бөлу

Топ атауларымен танысу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау. Ашық сұрақ: Неліктен топ атаулары

  1. Карта

  2. Масштаб

  3. Географиялық ендік

  4. Географиялық бойлық

  5. Глобус - деп аталды. Себебі неде?

Себебі бүгінгі біздің тақырыбымыз : Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Масштаб ұғымын және оның түрлерін білу;

  • Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;

  • Географиялық координаталар, географиялық ендік және бойлық ұғымдарын білу;

Қосымша 1















Сабақтың ортасы














Тапсырма №1. Топпен жұмыс. Әрбір топқа жеке-жеке мәтін таратылады және оқып талқылайды. Оқушылар мәтін бойынша топпен бірге «Постер» құрастырады және қорғайды. Топтар бір-бірін Комментарий» әдісі арқылы бағалайды.


Тапсырма №2. «Мозайка» әдісі. Оқушылар, Тапсырмаға жету үшін мозайкаларды құрастыру керек. Құрастырып болған соң оқушылар картада берілген масштаб арқылы екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табу керек.


Бұл тапсырманы мұғалім «Комментарий» әдісі түрінде бағалайды.

Қосымша 2








Қосымша 3




Сабақтың соңы:


Сабақты бекіту Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс береді.

Кері байланыс

«СМС-хабарлама» әдісі арқылы оқушылар мұғалімге СМС-хабарлама жазады.


Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қосымша күрделендірілген тапсырма орындайды.

Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Картамен жұмыс жасау арқылы картамен жұмыс жасау дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
















Қосымша 1

Карта

Карта

Карта

Карта

Карта

Карта


Масштаб

Масштаб

Масштаб

Масштаб

Масштаб

Масштаб


Географиялық бойлық

Географиялық бойлық

Географиялық бойлық

Географиялық бойлық

Географиялық бойлық

Географиялық бойлық



Географиялық ендік

Географиялық ендік

Географиялық ендік

Географиялық ендік

Географиялық ендік

Географиялық ендік


Глобус

Глобус

Глобус

Глобус

Глобус

Глобус



Қосымша 2

Карта– Жер бедерінің шартты белгілермен кішірейтіліп бей неленуі. Ол – Жердің гео-гра фиялық қабығының кеңістіктегі моделі. Картаның құрамдас бөліктері:мате матикалық негізі, картаның мазмұны, шартты белгісі, қосымша деректері


Масштаб-жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан. Масштаб (немісше мас-өлшеу, штаб-таяқ) деп аталады. Масштабтың алымы әрқашанда 1-ге тең , бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Масштаб үш түрге бөлінеді, олар:

Сандық масштаб Атаулы масштаб Сызықтық масштаб


Shape1



Shape2




Shape3

Глобус — картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30 млн — 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492жылы) деп саналады.

Глобус - Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі.







Қосымша 3

Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Нұр – Сұлтан қаласы мен Қарағанды қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?

Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Челябинск қаласы мен Қостанай қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?


Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Ақтөбе қаласы мен Ақтау қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?


Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Алматы қаласы мен Қарағанды қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?


Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Тараз қаласы мен Ташкент қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?



Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Павлодар қаласы мен Семей қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?


Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Астрахань мен Атырау қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?


Масштабы 1: 15 000 000 болатын картадан, Нұр – Сұлтан қаласы мен Семей қаласының жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар?



Қосымша 4

Shape4

СМС-хабарлама


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі