Ашық сабақ "Жер ғаламшарының көрінісі" жаратылыстану 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жер ғаламшарының көрінісі" жаратылыстану 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен Жер ғаламшарының көрінісі тақырыбына өткізген ашықсабағыммен бөліскім келеді. Сабақ жаңартылған білім бағдарламасы үлгісі бойынша құрылған Сондықтан мұғалімдерге көмек ретінде бөліскім келіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жер ғаламшарының көрінісі

Мектеп: №6 ХГ

Күні : 14.02.17


Мұғалімнің есімі: Бисембаева Б.С.

СЫНЫП: 1в сынып

Қатысқандар саны: 21


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаттары

1.4.1.2 Жердің жасанды моделін және кескіндеу тәсілдерін білу

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтайды


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс­ терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. шар;

  2. доп;

  3. глобус;

  4. желім;

  5. Ай тұтылуы кезіндегі Айдың фотосуреті;

  6. ойыншық кеме. Интернет-ресурстар:

  7. http://www.youtube.com/watch?v=pg9gelaIJmM

  8. https://www.youtube.com/watch?v=Emb62UbUaVc

  9. ғаламшарлар туралы ақпарат беретін мульт­ фильмнен және “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінділер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;

  3. жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі­ шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.


Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.


Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай

қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.


Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.


1.Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан әр күнге

2. Топқа бөлу

1-топ "Жер"

2-топ "Су"

3-топ "Өсімдік"

Кіріспе

- Бүгінгі сабақта “Ғарыш әле­міне” саяхат жасаймыз

Видео көрстілім.


Жер қандай? Оқушылардың назарын сурет­терге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам­ шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз..



Зерттейік.. Жердің домалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.

Бір топ айналамыздағы кездесетін заттардың жерге ұқсайтынын жазу керек


Екінші топқа Экранға кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек.


Үшінші топ Дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды


Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізу. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа­салған­ кемені партаның үстімен жүргізу

Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен гло­бусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:


Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?


Қандай айырмашылықтары бар?

Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз:

Шардың пішіні қандай?

Ол неге ұқсайды?

Шардың бұрыштары бар ма?


Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.

1- топ Жер шарының суретін салу

2- топ Жапсырмалардан жар шарын жасау

3- топ Шар сыртына құрлықтар, теңіздер, мұхиттар мен өзен-көлдерді бейнелейміз

Пәнаралық байланыс

Математика. Шар —көлемді геометриялық пішін.



Қосымша тапсырмалар

1. Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманы жұппен орындайды.. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратамын. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударамын

Сергіту сәті "Саяхатқа барамыз"

2. Берілген суреттерден Жердің пішініне ұқсас заттарды тауып, () белгілеңіз


Бағалау


Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар­ дың атын біледі.

Ол қандай?

Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз­ дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады.

Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазады


Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек.

Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі,­ тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер­ дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені­ таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика­ сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө­ лемді фигураларды­ көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады.

Қорытынды бағамдау

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу


1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі