жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жер сфералады 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: |
Мектеп: №24 орта мектеп |
||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 |
Мұғалімнің аты-жөні: Медеуова Б.С. |
||||||||||||||||||||||||
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Жер сфералары дегеніміз не? |
||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жер сфераларын түсінеді Оқушылардың басым бөлігі: Жердің әр қабығы неден құралатынын біледі Кейбір оқушылары: әр Жер сферасын сәйкесінше бояп, қабықтардың графиктік кескін жасайды |
||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну Қолдану |
||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Жер сфераларының анықтамасын сипаттайды. Ерекшеліктерін ажырата біліп, құрамын түсіндіреді. Қабықтарды графикалық түрде бейнелейді. |
||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Терминология: Жер сфераларын (сфера, атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера) қасиеттері мен ерекшеліктері бойынша анықтайды Айтылым: Жер сфералары...бөлінеді. Атмосфера дегеніміз... . Гидросфера дегеніміз... . Литосфера дегеніміз... . Биосфера дегеніміз... . Жазылым: Жер қабықтарын жазады. Жер қабықтарын гарфиктік кескіндеу барысында қабықтардың атауларын жазады |
||||||||||||||||||||||||
Құндылық |
Оқушылар бойында тілдік қорын қалптастырып, терминдерді ғылыми тілде сөйлеуге баулу; Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барасында ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдап, ұжымдық сыйласу құндылықтарын дамыту |
||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, бейнелеу өнері |
||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдысы |
Интербелсенді тақта, бейне талдау |
||||||||||||||||||||||||
Бастапқы меңгерілген білім |
Су, ауа, жануарлар мен өсімдіктер әлемі және жер-таулар жайлы біледі; 2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұрғылықты жерінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
|
Оқушыларға өзен, көл, мұхит, ауа, бұлт, газ, жануарлар мен өсімдіктер және тау-тастар, жазықтар суреттерін көрсетіп, атауларын сұрап топтастыруларын сұрау. Топтастыру себебін сұрау. Олардың жауабынан кейін, бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын бірге айту. Оқушылар "Сиқырлы сандықтан" суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөліну. "Сиқырлы сандықта" ауа, су, тірі ағза және тау суреттері болады
|
Интербелсенді тақта, суреттер. Презентация
Қорапша, ауа, су, тау және жануарлар қима қағаздары
|
|||||||||||||||||||||||
|
"Визуаландыру", "Сұрақ-жауап" әдісі Оқушыларға "Жер сфералары" видеосын көрсету. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып, тақырыпты ашу. 1. Сфера дегеніміз не? 2. Гидросфера дегеніміз не? 3. Биосфераға не жатады? 4. Атмосфера жердің қай аймақтарында кездеседі? 5. Литосфераға не жатады?
Қ.Б. Мұғалім дұрыс жауап берген топ оқушыларына мадақтау арқылы ауызша бағалайды. Дағды: түсіну, білу
"Сәйкестендір" әдісі. Топтарға сфера атауы мен оған жататын қабықтар кестеде беріледі. Оқушылар дұрыс жауаптарды сәкестендіреді.
|
https://www.youtube.com/watch?time_continue=11&v=cP3NrdDUN18
А4 парағында кесте, фломастер
Презентацияда дұрыс жауаптары
Су тамшысы қима суретшелері |
|||||||||||||||||||||||
|
Қ.Б. Топтар парақтарын ауысып, интербелсенді тақтада дұрыс жауабына қарап, өзара бағалайды. Әр дұрыс жауапқа топқа бір су тамшысы беріледі. Дағды: түсіну, білу
"Саралау" әдісі Топтарға әртүрлі сурет қималары таратылады. Топтар өздерінің жер қабықтарына сәйкес қимларды жапсырады. І топ: гидросфера ІІ топ: атмосфера ІІІ топ: биосфера ІV топ: литосфера Әр топ өздерінің жауап парақтарын таныстырып, таңдауын басқа топ алдында түсіндіреді. Қ.Б. Топтар ақылдасып, бір-бірін жасыл немесе қызыл түсті қима қағаздарын көтеру арқылы бағалайды. Дағды: айтылым, сыни ойлау
Топтарға жер сфераларының суреттері беріледі. Әр топ өздеріне сәйкес жер қабығын бояйды. Мысалдар келтіреді. І топ: гидросфера ІІ топ: атмосфера ІІІ топ: биосфера ІV топ: литосфера Топтар өз бояулған постерлерін тақтаға іліп, қорғайды.
Қ.Б. Топтар бағалау парақшасына критерийлер бойынша басқа топтарды ұяшықтарды тиісті түске бояу арқылы бағалайды. Бағалау критерийлері: 1. дұрыс сфераны таңдау; 2. бояуы қанық және әсем боялуы; 3. өз сферасының анықтамасын айту.
Д
Т
Қ
Дағды: айтылым, жазылым, сыни ойлау
|
А
Бағалау парақшасы Фломастер
|
|||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген