400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жердің ауа қабаты 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 2 сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажет сабақ жоспары. • Ауаның кейбір қасиеттерін (агрегаттық күй, түстің, иістің болуы) сипаттай алады, ауаның кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай алады, Тәжірибе жүргізу арқылы ауаның кейбір қасиеттерін анықтай алады, тәжірибе жүргізеді, жоспар құрады, нәтижесін анықтап кесте түрінде көрсете алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Жердің ауа қабаты

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Т.Ахмедиярова

Күні: 06.12.2017

Пәні: Жаратылыстану

СЫНЫП: 2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.3.2.1 - біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;

2.3.2.2 - ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);

2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттай алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Ауаның кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай алады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Тәжірибе жүргізу арқылы ауаның кейбір қасиеттерін анықтайды, тәжірибе жүргізеді, жоспар құрады, нәтижесін анықтап кесте түрінде көрсете алады.

Бағалау критерийі

  • Ауаның кейбір қасиеттерін (агрегаттық күй, түстің, иістің болуы)

сипаттай алады, ауаның кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтай алады,

Тәжірибе жүргізу арқылы ауаның кейбір қасиеттерін анықтай алады, тәжірибе жүргізеді, жоспар құрады, нәтижесін анықтап кесте түрінде көрсете алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,тәжірибе жсауға арналған құралдар шарлар,түтікшелер, су құйлған ыдыстар, балауыз,шырпы.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, тәжірибе жасау,көрнекілік. Рефлексия

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

3 минут

I.Ұйымдастыру бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір,таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!

Қызығушылықты ояту”

Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату.

Бұл ненің дыбысы?

-Жел дегеніміз не?
Жұмбақ
Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді.

Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. Бұл не?


  • Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

  • Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Ауаның басты қасиеттерін суреттеу (газ тәрізді, мөлдір, түссіз, иіссіз, пішінсіз)









Аудиожазба тыңдату


Сабақтың басы

10 минут







Білу және түсіну

(Ж,Ұ,Қ) Проблемалық сұрақ.

  1. Ауа деген не, ол қайда, неге ұқсайды – талқылау.

Қосымша ақпарат. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы: Азот-78% Оттегі-21% Көмір қышқыл газы-1%

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.



Оқушылар қосымша ақпаратпен танысады















Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

6 минут







Қолдану

(Ө) Ауаның маңыздылығын анықтау.

  1.   - Деміңізді ұстап қанша уақытқа дейін тұра аласыздар?

/Оқушыларға секундомер таратылады. Оқушылар өздері уақытты есептейді/.

  1. - Демді сақтағанда қандай күйде (сезімде) болдыңыздар?

/Оқушы жауабы тыңдалады/

  1. - Бұл жағдайдан қандай қорытынды шығаруға болады?

/Адам ауасыз тіршілік ете алмайды./

(Ө, Т) Тәжірибе.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді де, әрбір топқа түрлі пішіндегі шарларды береді.

  • Шарларды үрлеу және уақыт көлемін есептеу.

  • Шарлар неліктен көлемін өзгертті? (Себебі, шарлар ауаға толтырылды).

  • Неліктен шарлар түрлі уақытта ауаға толтырылды?(Себебі, шарлардың көлемі әр түрлі болды) ?

  • Шарды босатқанда, ауаға не болады? (Ауа кеңістікке тарап кетті)

  • Қалай ойлайсыздар, ауаның көлемі бола ма?

(Ауаның нақты көлемі болмайды)

  • Шардағы ауа қайда кетті? Ол көзге көріне ме?

(Ауа барлық жерде, ол көзге көрінбейді).



Оқушылар өздері демалу арқылы көз жеткізеді.






Тәжірибе жасауға арналған ресурстар

Сергіту сәті

1 минут

Сергіту сәті. От,Су,Жел.

Оқушылар сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

18 минут

Тәжірибе жасау

Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз.

1 тәжірибе .

Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады.

2 тәжірибе.  Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді.

3 тәжірибе.

Ыдысқа су құйыпалып стаканның ішіне қағаз бүктеп салып, суға төңкеру.

Бақылау барысында стаканның ішіне ауаның әсерінен судың кірмейтінін және қағаздың құрғақ күйінде шығатынын байқаймыз.

-Сатакандағы суға түтікшені салып үрлеп корсету арқылы су ішінде пайда болған көпіршіктерді көрсету. Ол дегеніміз ауаның бар екендігін білдіреді.

-Тағы қай кезде стақаннан көпіршіктерді көруге болады? (стақанға газдалған суды құйған кезде)

4 тәжірибе.  Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін екіге тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

 А) Оның біреуін стақанмен жабу.

Б) Үшіншісін ашық қалдыру.

Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.

Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса,  су құю керек.

Дәптермен жұмыс 25- жұмыс парағы

Оқушылар тәжірибе жасау арқылы өздері анықтайды

Кері байланыс

2 минут

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»


«Менің көңіл-күйім баспалдағы»


Үйге тапсырма: Мазмұндау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал

қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі