жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жердің ауа қабаты" 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Жаратылыстану Сынып: 2 |
Мектеп: БҚО,Ақжайық ауданы, "Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ"КММ |
|||||
|
Күні: Бөлім: Менің туған өлкем Бөлімше: 3.2 Ауа |
Мұғалімнің аты-жөні :Урингалиева Лаззат Сырымовна |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: Жердің ауа қабаты. |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
2.3.2.1 - Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру 2.3.2.2 - Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі) 2.1.2.4 - Бақылау жүргізудің жоспарын құру |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Тіршілік үшін ауаның маңызын түсіну Ауаның қасиеттерін сипаттау Жоспарлы бақылау жүргізу |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Ауаның адам, жануар және өсімдік тіршілігіндегі маңызын түсінеді Ауаның (агрегаттық күйі, түсі, иісі) қасиеттерін сипаттайды Жоспарлы бақылау жүргізеді |
|||||
|
Тілдік мақсат
|
Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін сипаттайды,ауаның қасиеттерін санамалап атап береді, таза ауаны сақтау біздің ғаламшарымыз үшін маңызын әңгімелейді. Пәнге тән лексика мен терминология: Ғаламшар, ауа, тазалық, тыныс алу, сақтау түсі жоқ, иісі жоқ, көлемі жоқ жылуөткізгіш, кеңістікті толтыру, газ тәрізді. Атмосфера Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Неліктен ауаның иісі болмайды? |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өмір бойы білім алу(құрмет,ынтымақтастық, ашықтық),еңбек пен шығармашылық |
|||||
|
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері, сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,математика |
|||||
|
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
Интербелсенді тақта,таныстырылым,бейнежазба" Атмосфера құрамы және құрылысы ", сергіту"Әли мен Айя" таза ауа әні |
|||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылардың ауаның бар екендігі, адамның ауамен тыныс алатынын, ауаның жануарлар мен өсімдіктерге де қажет екендігі туралы түсініктері бар |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 5 минут Топқа бөлу 3минут Мақсатын хабарлау 2 минут |
(Ұ) Ширату Амандасу Топтарға бөлу: "Мозаика"әдісі. Оқушыларға түсті шар, доп, пластикалық құты суреттері қиылып араластырылып таратылады.Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сурет бойынша бірігіп топқа бөлінеді. "Ой қозғау"жұмбақ Аяғы жоқ қолы жоқ Бірақ тыныш тұрмайды Сақтамасаң-қорын сен Барша тіршілк қурайды. Бұл не? -Бүгін сабақта не жайлы сөйлесеміз, қалай ойлайсыңдар? (МК) Сабақтың мақсатымен таныстыру |
Қима қағаздар 1-топ "Шар"
2-топ"Доп"
3-топ"Құты"
|
||||
|
Сабақ ортасы 30 минут 3 минут 3 минут 5 минут 4 минут 1 минут 3 минут Қызықты тапсырма 4 минут 3 минут 4 минут |
Білу және түсіну (Ж Ұ Қ)Проблемалық сұрақ 1.Адам өміріне қандай қажеттіліктер керек? (ауа, жарық,су,жылу,тамақ) Осы аталғандар біздің өмірімізде аз ғана уақыт болмаса немесе жетіспей қалса, тірі ағзалар қинала бастайды. (Т)Ауа дегеніміз не, ол қайда болады, неге ұқсайды талқылау жасаймыз. (Ұ)Ауаның басқа жерлерде өзгеруі туралы ойландыру (мысалы, биік тауда,ормандарда) -Балалар, жоғарыда яғни биіктікте тыныс алу қабілеті мен жаттығу жасау қандай өзгерістерге алып келеді? Қосымша ақпарат Адам ауасыз аз уақытқа дейін шыдайды.Ауа-барлық тіршілік дүниесінің тыныс алатын нәрсесі.Ауасыз бәрі тіршілігін жояр еді. Ауа кеңістігі бүкіл Жер бетін алып жатыр.Ауа біздің планетамызды қоршап тұрады.Ауаны біз барлық заттың құрамынан кездестіреміз.Жер шарын тегіс қоршайтын ауа қабаты атмосфера деп аталады.Атмосфера - жердің ауа қабаты. Ол біздің ғаламшарымызды қатты суып не ысып кетуден сақтайды,сондай-ақ зиянды әсерлерден қорғайды.Таза ауаның дәмі, иісі және түсі болмайды.Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады.Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы: Азот -78% Оттегі-21% Көмірқышқыл газы-1% Бейнежазба "Атмосфера құрамы және құрылысы" Оқушылар оқулықтағы негізігі мәтінмен танысады.
Сергіту сәті. "Әли мен Айя" таза ауа әні ( ОТ) Тәжірибе Әрбір топқа түрлі пішіндегі шарлар беріледі.
(Т) Деңгейлік тапсырма 1-тапсырма.Саралау тәсілі "Тапсырма" әдісі Берілген сұрақтар мен суреттерді пайдаланып,әңгімеле. -Ауаның адам, өсімдік, жануарлардың тіршілігі үшін қандай маңызы бар? -Ауаның ластануына не әсер етеді? -Лас ауаның қоршаған ортаға қандай зияны бар? -Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
Дескриптор: Қолдауды қажет ететін оқушылар Дескриптор: - лас ауаның қоршаған ортаға зияны барын әңгімелейді. Қолдауды аз қажет ететін оқушылар Дескриптор: - Лас ауаның қоршаған ортаға зияны барын,ауаның адам, өсімдік, жануарлардың тіршілігі үшін маңызы барын әңгімелейді. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар Дескриптор: -ауаның ластануына әсер ететін, лас ауаның қоршаған ортаға зиянын, ауаны ластанудан сақтау маңызын әңгімелейді. Кері байланыс: Тамаша! Бағалау: Бағдаршам түсі
арқылы (Ө) 2-тапсырма Ауаның қандай қасиеттері бар? Қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз. 1-тәжірибе: Жан-жағыңа қара. Не байқадың? Сенің айналаңда ауа бар. Ауаны көріп тұрсың ба? Бұл ауаның қандай екенін білдіреді? 2-тәжірибе: Жан-жағыңдағы заттардың түсі қандай? Ауаның түсі көріне ме? Бұл ауаның қандай екенін білдіреді? 3-тәжірибе: Асханаға, дәрігердің бөлмесіне, шаштаразға барғанда ненің иісін сезесің? Олар бірдей ме? Бұл ауаның қандай қасиетін білдіреді? 4-тәжірибе: Допты екі бүйірінен қаттырақ қыс. Не байқадың? Енді қолыңды сәл босаңсыт. Не байқадың? Доп өзінің бастапқы қалпына келді ме? Бұл ауаның қандай қасиетін білдіреді? Дескриптор: | |||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген