Ашық
сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Жергілікті
желі
Пәні: Информатика
Байқоңыр
қаласы
Сабақтың
тақырыбы: Жергілікті
желі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жергілікті желілердің түрлерін
ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның
артықшылығы мен кемшіліктерін білуге
үйрету.
ә)
Тәрбиелік: Білімгерлерді жан - жақты
болуға, ізденімпаздыққа, өз бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге,
компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
б)
Дамытушылық: Білімгерлерге жергілікті желі
технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін
көрсетудің қолданбалы бағытын игерту, ой - өрістерін дамыту,
өзіндік іс - әрекетін, шығармашылығын
арттыру.
Сабақтың
типі: Білім, білікті практикада
қолдана білу сабағы.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Пәнаралық
байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, қазақ
тілі, геометрия
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе -
түсіндіру,сайыс, топтық жарыс.
Сабақтың
көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті
тақта, слайд, плакат, видео-ролик.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру
ІI. Үй тапсырмасын
тексеру
ІІІ. Жаңа
сабақ
ІV. Сергіту
сәті
V.
Қорытындылау
VІ. Үйге
тапсырма
VII.
Бағалау
І.
Ұйымдастыру
Білімгерлермен амандасып,
түгендеп шығу, сабаққа дайындығын тексеру, білімгерлерді 3 топқа
бөлу, әр топ өз тобының атын шығу тарихын және білген мағлұматтарын
айтып шығады. Тақтада 3 жапырақсыз ағаш берілген, әр топ өз ағашына
жапырақ жинайды.Сабақтың соңында жапырақты санау арқылы ұпай санын
біліп, бағалайтын боламыз.
1-топ
(VK)
2-топ
(Instagram)
3-топ
(Whatsapp)
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
Байланыс арналары.
Хаттамалар тақырыбы бойынша интерактивті
тақтаға сұрақтар шығады сол бойынша әр топ кезек-кезек сұрақтарға
жауап береді
1. Байланыс арналары
дегеніміз
(Мәліметтерді қашықтыққа
жіберуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды айтады
)
2. Желілік
хаттама
(Желіге біріктірілген
компьютерлерге ақпарат алмасуға және қосылуға мүмкіндік беретін
ережелер мен техникалық процедуралар
жиыны)
3. Желілердің
түрлері
(Тікелей кабельдік
байланыс,жергіліктік,аймақтық,корпоративтік,ғаламдық)
4. Көптеген жергілікті,
аймақтық және корпоративтік желілерді біріктіретін ауқымды
компьютерлік желі.
(Интернет
желісі)
5. Үлкен қашықтықта және
пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш
желілер
(Телекоммуникациялық
желілер)
6. Бір қала мен ауданда не
бір мемлекетте орналасқан мекемелердің өзара біріктіруді қандай
желі деп атайды.
(Аймақтық
желілер)
7. Компьютерді желіге
телефон желісі арқылы қосу үшін не
қажет.
(модем)
8. Әр түрлі желілерді
байланыстыруды не деп атайды?
(шлюз)
9. Интернет қай елде және
қашан пайда болды?
(1969ж. АҚШ - та қорғаныс
министрлігінің тапсырысы
бойынша)
10. Ұйыммен тұлғаларға интернет қызметін
ұсынатын компания.
(провайдер)
11. Біздің провайдеріміз
кім?
(қазақтелеком)
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Жергілікті желі шектеулі
аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, ) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді
автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге
қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен (желілік адаптер)
жабдықталуы керек. Компьютерлер(желілік адаптерлер) бір - бірімен
кабельдер арқылы байланысады.
Желілік
адаптер - компьютердің байланыс
желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған
адаптерлерлерге: Ethernet, Token Ring, Ark Nett типтері жатады.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс
желінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік
құрылғыларға –
концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар мәлімет алмасу сапасын
жақсартады және мәліметтерді таратудың әр түрлі стандартарын
қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Екі компьютерді
желіге қосудың – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым
әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың
керегі жоқ: компьютерлер бір біріне параллель немесе тізбекті
порттары арқылы қосылады. Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі -
жетекші, екіншісі жетекте болады. Жетекші компьютерден жетектегі
компьютердің папкаларына, дискісіне, принтеріне қатынасты
қамтамасыз етеді.
Жергілікті желінің екі түрі
бар: клиент - сервер және бірдеңгейлі (бір рангілі),
яғни тең дәрежелі желі. Бір орталықтан басқарылатын желіні «Клиент
- сервер» желісі деп те айтады:
Клиент
– өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект
(компьютер немесе программа).
Сервер
– басқаға қызмет көрсететін объект. Егер желіде
оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын қуатты
компьютер бар болса, онда олар клиент – сервер түріне жатады.
Сервер ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын
компьютер.
Ортақ ресурстар
деп электрондық пошта, факс, модем, принтерлерді
атайды.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір - бірімен
геометриялық байланысу тәсілі топология деп
аталады.
Шиналық
топология
Сақина
топология
Жұлдыз
топологиясы
Ақшақар
топологиясы
1.
Ең қарапайым топология түрі - шина. Мұндай желіде барлық
компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге
жалғанады.
2.
Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық
компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге
жалғанады.
3.
Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютер бір - бірімен
жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4.
Құрылғылардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға
байланысты анықталады. Желі топологиясын мекеменің қажетіне қарай
таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр
қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір
сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе
осы топологияны пайдаланған тиімді.
Жергілікті желі туралы
видео-ролик көрсетіледі.
ІV. Сергіту
Физкультминутка арқылы
видеороликке қарап іс- қимыл қайталау
V.
Қорытындылау
Кім тапқыр
ойыны. 10-дық 20-лық 30-дық
смайликті сұрақтар берілген, сұрақтарға жауап беру керек.Сұрақтар
арасында сыйлықтарда беріледі.
Филборд
ойыны
С
|
К
|
Л
|
И
|
Е
|
Н
|
Т
|
И
|
Н
|
Е
|
Ш
|
Г
|
І
|
Л
|
С
|
А
|
Қ
|
А
|
Р
|
И
|
Р
|
К
|
І
|
Р
|
К
|
О
|
М
|
В
|
Н
|
Е
|
Т
|
Қ
|
А
|
Т
|
У
|
М
|
Е
|
А
|
Ж
|
І
|
А
|
С
|
А
|
Т
|
О
|
Р
|
Ж
|
А
|
Ж
|
Ш
|
К
|
А
|
Ф
|
Р
|
Л
|
Ұ
|
Ш
|
Е
|
Қ
|
А
|
Р
|
Е
|
Т
|
Д
|
Ы
|
З
|
Л
|
І
|
А
|
Д
|
А
|
П
|
VІ. Үйге
тапсырма
Бүгінгі өтілген 4
топологияларды үш тілде аударып келу (қазақша, орысша, ағылшынша)
және анықтамасын жаттап келу
VІІ.
Бағалау.
Әр топ өзінің ағашына қанша
жапырақ жинағанына байланысты бағалау
Әдебиеттері:
1.
Балапанов Е.К., Бурибаев
Б.,«Информатикадан 30 сабақ». Шартарап,
1998-2007жж
2.
Симонович С.В. Практический
справочник: Microsoft Word 2007 / C. В.
Симонович.-СПб.:
Питер, 2008.---480 с.(2)
3. Чулюков В.А. Семейство Microsoft
Office7 Access
2000 : Лабораторный
практикум.---Воронеж:
Изд-во ВГПУ, 2001.---35с. (94)
4.
Т.Қ.
Қойбағарова
5.
Интернет
желісі