400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жеті лақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Жеті лақ" ертегісі жайлы. Балабақшадағы ортаңғы топ балаларына арналған. Балалардың зейінін ашу мақсатында жазылған.Балаларды кейіпкерлердің əрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға,жан- жануарларға мейірімділік білдіруге,өзара көмектесу, қабылданған ережелерге сəйкес баға беруге үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтынай»ересек тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:21.11.2021.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі)

Мақсаты:Балаларды кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға,жан-жануарларға мейірімділік білдіруге,өзара көмектесу, қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Ертегі желісін түсініп оны есте сақтай білуге үйрету. Ертегілерді тыңдауға оны сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:атрибуттар, суреттер,буклеттер, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: қасқыр, лақ, ешкі.

Үш тілдік компонент.Жеті лақ-семеро козлят-seven goatlings

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері 

Педагогтің іс-әрекеті 

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық 

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін бізде ерекше күн, себебі біздің оқу қызметімізге көптеген

қонақтар келіп отыр екен. Қане, балалар келген қонақтармен жақсылап

амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

Қайырлы таң,  алтын күн,

Қайырлы таң, жер ана.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар!

Балалар .қазір жылдың қай мезгіл?

Күз мезгілі неше айдан тұрады?







Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды














Күз мезгіл

Қыркүйек, Қазан,

қараша

Ұйымдастырушылық – ізденістік 

Тосын сәт: Балалар бізге хат тасушы апай хат әкеледі

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы бізге хат келіпті,?

-Міне, қызық хаттың сыртында жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?
Жұмбақ

Басында екітаяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды

Сақалы тағы бар . Бұл не?

Тастан тасқа секірген

Ұзын салпақ құлақты

Қойдан маза кетірген

Кім біледі . Бұл не?

Алыстан сезіп ел ішін,

Көк төбегім ұлып тұр

Бірақ малдың өрісін

Қияннан-ақ біліп тұр.

. Қандай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр мен жеті лақ ертегісі. Ендеше бүгінгі оқу қызметімізді ертегі желісі бойынша жүргізетін боламыз

Хаттың ішінен диск шығады

 Енді, балалар, сол «Жеті лақ» ертегісін біз тамашалайықшы.

Бәріміз экранға назар аударайықшы

Ертегіні көрдік,суреттер арқылы мазмұнын ашу

Тәрбиеші: 

-Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

-Ешкі тоғайға не үшін барады?

-Ешкі тоғайға кеткенде кім келді?

-Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?

Сергіту сәті;

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

— Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе?
-Ендеше  осы ертегіні сахналап көрейік.Балаларды рөлге бөліп,ойнату.

Ертегіні сахналап көрсету

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты.Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
— Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым — лақтарым,

аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты.

— Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, қабына салып әкетеді.

Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Ешкі лақтарын қанша шақырса да, лақтарын таба алмайды. Ең кіші лағы пештің ішіне тығылып қалып, қасырдан құтылады. Анасын көре сала, кіші лағы жүгіре бастайды. Анасына болған жағдайды айтып береді. Ешкі алты лағынан осылай айырылып қалады

Ешкі орманға қасқырға келіп менің лақтарымды қайтар дейді

Қасқыр менің тапсырмаларым бар сол тапсырмаларды орындасаң ғана жіберем дейді.

Ешкі: -Сәлеметсіңдерме балалар! Балалар мен сендерге орманнан келе жатырмын. Мен күнде орманға барып лақтарыма сүт,тамақ әкелетінмін. Бүгінде орманға барып едім менің орманға кеткенімді пайдаланып көкжал қасқыр менің лақтарымды ұрлап кетіпті жібермеймін дейді. Қасқырдың тапсырмалары бар екен сол тапсырмаларды орындасаң ғана жіберем дейді. Маған көмектесесіңдерме?

-Балалар біздер ешкіге көмектесіп қасқырдың тапсымаларын орындаймызба?

Тәрбиеші: Ендеше Ешкі ханым біздің балалар тапсырманы орындағанша сен біздің балалардың қасына отырып сәл демалып, біздің балалардың білімін қара.

Қасқырдың тапсырмасы.

Д/О: «Жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырату»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар міне біз Ешкі ханымға көмектесіп лақтарын құтқардық.

Тәрбиеші: Ал Ешкі ханым біздің балақайлар сенің лақтарыңды құтқарып қалды.

Ешкі: Балалар мен лақтарымды алып орманға үйшігіме қайтайын, сендерге көп көп рахмет! Сау болыңдар!

Жарайды балалар мен кетейін,

сендер ақылды балалар екенсіңдер. Сол үшін мен сендерге сыйлық дайындап қойдым. Оқу қызметінің соңында апайларың сендерге береді. сау болыңдар.

Сахналап көрсеткендер . Ешкі ролін орындаған: Назкен Тұрарқызы

Қасқыр ролін орындаған ::Нурахметов Н

Лақтар ролін орындағандар.. Айша,Жанель, Жансулу, Шерхан, Аружан, Арсен,Айзере

-Балалар ешкі жеті лағын тауып алып өз үйлеріне оралды. Олар бәрі бірге

бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Қортындылау ертегі бойынша лули шеңберін ойнату Ертегінің атын атап шеңберге қояды









Ия







(Ешкі)







Лақты





Қасқыр







Жеті лақ ертегісі










Орманда

Сут әікеледі

Қасқыр


Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды


















Балалар сахналап көрсетеді
































Иә













Балалар суреттен тауып тақтаға іледі



Себебі жетінші лақ пештің ішіне тығылып қалды, сосын оны қасқыр алып кеткен жоқ, ол анасының жанында болды









Ертегінің аттарын атайды



Рефлексиялық - түзетушілік 

Балаларды марапаттау, сабаққа қорытынды жасау.

-Сондықтанда да балалар әрқайсымыздың отбасымыз аман болсын, деп мен

сендерге бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарың үшін мынандай

смайликтер беремін.



-






Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын;

Игереді: Мейірімділік,қайырымдылық қасиеттерін;

Меңгереді: Шығарманы зейін қойып тыңдауды.

Тәрбиеші:Хихматалимова К.Ж.

Тексерілді:

Ескерту:________________________

























ЖШС Мектепке дейінгі «Бөбек» шағын орталығы





«Құлыншақ» ересек тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы













Тәрбиеші:Хихматалимова .К.Ж.











Семей қаласы - 2019жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
5464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі