400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жеті шал" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме және тәжірибе бөлісу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу


Мектеп: М.Әуезов атындағы № 2 ОЖББМ

Күні: 16.11.18

Мұғалімнің есімі: А.Б.Калдешова

СЫНЫП: 2в

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар: 0

Бөлім

Менің мектебім

Сабақ тақырыбы:

Мектептегі бір күнім

Оспанхан Әубәкіров. Жеті шал.


Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сұрақ-жауапқа түседі, топта жұмыс жасайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыпты болжайды, сөздердің мағынасын түсіндіреді, бір күні жайлы әңгіме жазады.

Кейбір оқушылар:

  • білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады, қатесіз жазады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, АКТ, ұялы телефон, топқа бөлуге арналған түрлі түсті ленталар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. Рейтинг.

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. Қарым-қатынас жасау қабілеті. Жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, математика

Өткен сабақтардан алған білім

3 минут

Аламын білім кітаптан. ( мазмұнын сұрау)

Әңгіменің авторын ата.

Мәтінде сөз етілген қандай кітап деп ойлайсың?

Өзің құраған «Кітапханадан кітап алу» ережесін оқып бер

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 2 минут


Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)


Ортасы 25 минут

Мағынаны ажырату

Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақ:

  1. Бір аптада неше күн бар? (7)

  2. Осы 7 күннің өзіндік атаулары бар. Кім біледі?

  3. Осы жеті күннің неше күнін де мектепке келесіңдер?

  4. Ал бүгін қай күн?

  5. Тақырыпты болжау. Олай болса, бүгінгі сабағымыз не жайлы деп ойлайсыңдар? (сұрақтар арқылы оқушыларды тақырыпты болжауға жетелеу)

Ия, бүгінгі сабағымыз осы апта күндері жайлы және соның ішінде мектептегі бір күніміз жайлы болмақ.


Ал, бүгінгі сабағымыздың мақсат-міндеті мынадай болмақ:

Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/ сахналау.

Шығарманың мазмұнын түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру.

Осы мақсатқа жету үшін біз неге жетуіміз қажет?

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Тыңдалым.

Оспанхан Әубәкіров өмірімен таныстыру.

Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті шал» әңгімесін тыңдату.

«Сөздің қабығын аршу дегенді қалай түсінесің?

  • Сөзді бөліп айту

  • Сөзді созып айту

  • Сөзді түсінікті етіп айту (дұрысы)

  • Сөзді дауыстап айту


Топтық жұмыс.

Топқа бөлу. Жіптер бойынша топтастыру. Жіптерді әр түрлі түстері бойынша таңдайды.

Қызыл түсті жіпті таңдағандар1-топ,.

Сары түсті жіп 2- топ

Көк түсті жіп 3-топ

Жасыл түсті жіп 4-топ болады.

Тапсырма: Аптаның бір күнін таңдап алып, сол күнгі сабақтарың жайлы әңгімелеңдер.

Мысалы: ____________күні біздетөрт сабақ болады. Бірінші

сабақ__________. Бұл сабақта біз ақын- жазушылардың әңгімелерін оқимыз. Екінші сабақ....... т.б


Топ

Жетістік критерийі

1

Дүйсенбі

Топтық жұмыстың жүруі



2

Сейсенбі

Топтық жұмыстың жүруі



3

Сәрсенбі

Топтық жұмыстың жүруі



4

Бейсенбі

Топтық жұмыстың жүруі




Дискриптор

1 Аптаның бір күнгі сабағын толық жазды.

2 Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.


Мұғалімнің іс-әрекеті:

Берілген кестені түсіндіреді.

Оқушылармен кері байланыс жүргізеді.



Оқушының іс-әрекеті:

  • Берілген кестемен танысады.

  • Аптаның бір күніне мәтін құрады.


Бағалау. Жетістік критерийі бойынша топтар жұмыстарын алмастырып, «екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.»


Айтылым.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма. Сұрақ-жауап әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру:

  • Сен қай күні демаласың?

  • Әдебиеттік оқу қай күндері болады?

  • Аптаның қай күні қасиетті күн

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Біз қандай мәтінмен таныстық?

  • Апта күндермен біз тағы қай сабақта таныстық?

  • Мәтіндегі Сәрсенбі шалдың есімі не үшін қойылған?

Дискриптор

  1. Сұрақтарға толық жауап берді.

  2. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.


Мұғалімнің іс-әрекеті:

  • Оқушылармен кері байланыс жүргізеді.

  • Оқушылардың білімі мен іс-әрекетіне баға береді.


Оқушының іс-әрекеті:

  • Оқушылар жұпта тапсырманы орындайды.

  • Бір-бірінің жауаптарын бағалайды.


Бағалау. Басбармақ арқылы бағалау.


Ой толғаныс. Жеке жұмыс.

Хрестоматиядан М. Жаманбалиновтың «Бір аптада» өлеңін оқы.






Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға жұмбақ жасырып, өзім сұрақ қоямын.







Мақсатын параққа жазып тақтаға ілемін.




Жазушының суреті.

Интербелсенді тақта арқылы мәтінді тыңдату.





























Сұрақтарды интербелсенді тақта арқылы көрсету



Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»


Видео

жазбадағы би

Аяқталуы 5 минут

Кері байланыс.

«Рейтинг» технологиясы:

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы өзіне баға қояды. Одан кейін оны мұғалім бағалайды. Бөлшек жазылады. Мысалы, 4/5, ондағы 4 – оқушының бағасы, 5 – мұғалімнің бағасы. Тəсіл бағалау өлшемдерін келісу мақсатында қолданылады. Біраз уақыт өткеннен кейін алым мен бөлім жиірек сəйкес келе бастайды. Өз еңбегін тұрақты бағалау білігін қалыптастыру осы мақсатты пайдаланудың тағы бір жолы болып табылады




Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі