жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ "Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан"
№35 «Болашақ» жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих әдістемелік бірлестігі
Ашық сабақ
Сыныбы: 6 «Б»
Тақырыбы: Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Пән мұғалімі: Жакипов Н.Б.
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сақтардың
мәдени мұралары, «Аң стилі», «Бесшатыр
қорымы», «Алтын киімді адам» туралы
түсінік беру
Дамытушылық:
оқушылардың
өз ойларын айтуға, салыстыра білуге, өз
бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
өз
халқының, мәдени мұраларын құрметтеуге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабактың
түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық және жеке жұмыс, ізденіс.
Пәнаралық
байланыс: география.
Сабақтың
көрнекілігі: оқулық,
интерактивті тақта, ҚР-ның картасы т.б.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейіндерін мұғалімге, сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ – жауап
Анаграммаларды шешу
Тест сұрақтар
Симантикалық карта
Сандар сөйлейді
І. Үй тапсырмасының сұрақтары:
Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштерін атап бер?
Түгіскен мен Ұйғарақ ескерткіштерінің салыну мерзімі қай ғасырларға жатады? (б.з.б. VIII – Vғ.ғ.)
Түгіскен мен Ұйғарақ обаларын қазу барысында қандай заттар көптеп табылған? (сыртын жылтыратқан ұзын мойынды қыш ыдыстар, үш қырлы жебе, ат ауыздықтары, ер-тұрман әбзелдері)
Обалардан табылған аң бейнесінде жасалған металл бұйымдардан қандай аңның бейнесі жиі кездеседі? (арыстан бейнесі)
Ғалымдардың болжауынша Түгіскен, Ұйғарақ ескерткішін қай тайпа қалдырған? (массагеттер)
Шірік-Рабат қаласы қай жерден табылды? (Қызылордадан 300 шм жерден)
Қаланың құрылысы қандай, ол жерден қандай заттар табылды, табылған заттар қай ғасырларға жатады? (қала орталығында күзет мұнаралары бар қамал салынған. Қала қамалдары қалың қабырғалармен қоршалған. Жебенің қола ұштары, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар. Б.з.б. ІV – ІІ ғ.ғ.)
Бәбіш- Молда қаласы қайдан табылды? (Сырдарияның көне арнасы жаңадария бойында)
Қаланың құрылысы қандай, қала тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысқан, оған қандай дәлел келтіруге болады? Қаланың қамал қабырғалары және айналдырыла қазылған орлары болған, егіншілікпен, қол диірмен, тары қалдықтары, қыш күйдіретін пеш табылған)
Бесшатыр қорымы қай жерде орналасақан? (Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде)
Бесшатыр қорымы қанша обадан тұрады? (үлкен, орташа, шағын 31 обадан)
Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша, шығыстан батысқа қарай қанша км аймақты алып жатыр? (солтүстіктен оңтүстікке қарай 2км, шығыстан батысқа қарай 1км)
Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар қалай атайды? («патша» қорғандары)
Бесшатыр обасынан қандай заттар табылған және бұл оба қай ғасырға жатады? (семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйреуіш-тер, ақық моншақтар. Б.з.б. V – ІVғ.ғ.)
Бесшатыр сағанасы қандай бөліктен тұрады? (дәліз (дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі)
«Есік обасы» қайда орналасқан? (Алматының күншығыс жағында 50шм жерде, Іле Алатауы-ның баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан соның ішінде «Есік обасы» да бар)
«Есік обасын» тапқан кім және оба қай ғасырларға жатады? (археолог-ғалым Камал Ақышев, оба б.з.б. V – ІVғ.ғ.)
«Есік обасындағы» мәйіттің жанынан қандай заттар табылған? (сол жағында алын үұшты жебе, одан жоғарырақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, жібек қоржын, алтынмен апталған теңгелер, қыштан, ағаштан, металладан жасалған ыдыстар)
Сақ өнеріндегі стиль түрі қандай? (Аңдық силь)
Аңдық стиль Еуразияның далалы аймақтарында қай ғасырдан бастап пайда болды? (Б.з.б. VIII ғ)
ІІ. Анаграммаларды шешу: Жұптық жұмыс
даитахрагу -________
симотир - __________
ақшыр - ___________
терогод - ___________
бонстра - __________
сагмаетс - _________
кунахс - ___________
фрамано - _________
гапсирагсп - ________
иарнра - ___________
рки - ______________
секөм - ____________
І топ Тест сұрақтары:
1. Томирис «әйел болса да жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы кім?
А) Полиэн Б) Страбон В) Помпей Трог
2. Сақтардағы әлеуметтік тобының бірі абыздар қандай түсті киім киді?
А) Ақ Б) Сары В) Қызыл
3. Томирис пен Кир арасындағы шайқасы немен аяқталды?
А) Кир қаза болды Б) Томирис қаза болды В) Екеуі де қаза болды
4. «Досқа адал, дұшпанға қатал» деп кімдер жөнінде айтылған?
А) Грек Б) Парсы В) Сақ
ІІ топ Тест сұрақтары:
1. Сақтардың парсы патшасы Кирге қасы күресін басқарған билеуші кім?
А) Скунха Б) Томирис В) Колоксай
2. Сақтардағы әлеуметтік тобының бірі жауынгерлер қандай түсті киім киді?
А) Ақ – қызыл Б) Көк – Сары В) Қызыл – сары
3. Парсы патшасы І Дарий қай жылы сақ жеріне басып кірді?
А) Б.з.б. 530жылы Б) Б.з.б. 519 жылы В) Б.з.б. 490 жылы
4. «Сақ әйелдері де ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деп баяндаған грек авторы кім?
А) Ктесий Б) Геродот В) Арриан
Симантикалық карта, мағынаны айыру + -
-
Шаруашылық
Территория
Сақ атауы
Тиграхауда
Мургаб аңғары
Көшпелі және отырықшы
Қазақстанның Түркістан аймағы
Мал айналысу
Хаумоварга
Парадарайа
Сандар сөйлейді:
Б.з.б. 530 ж._______________________________
Б.з.б. 519 ж. _______________________________
Б.з.б. 490 ж. _______________________________
Б.з.б. 4 ғ. 30 ж._____________________________
Б.з.б. 530 ж.___ Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерінің басып кіруі
Б.з.б. 519 ж. ___ І Дарийдің сақ жеріне шабуылы
Б.з.б. 490 ж. ___ Марафон шайқасының болған жылы
Б.з.б. 4 ғ. 30 ж.__А.Македонскийдің сақ жеріне қауіп төндіруі
III.Жаңа
сабақ.
1)
Сақтардың мәдени мұралары.
2) Аң
стилі.
3) Бесшатыр қорымы.
4) «Алтын
киімді адам»
1. Сақтардың мәдени
мұралары. Сақтар Іле, Шу, Талас, Сырдария
өзендері бойында көптеген мәдени
ескерткіштер қалдырған. Қызылордаға
300км жерден Шірік – Раббат, Бәбіш –
Молда қалалары табылды. Қала тұрғындары
шаруашылықтың қандай түрлері мен
айналысқан?Оқушылар қала жұртынан
табылған заттарға сипттама береді.
2.
«Аң стилі» - Б.з.Б 3 ғ пайда болған. Сақтар
Аң стилі мен Алдыңғы Азия мен Иранға
сапарында танысқан.Бұл өнер,негізінен,сәндік
сипатта қолданылды.Аң бейнелі тұрмыстық
заттар, құрбандық заттары мол болған.
Сақтар өздерінің шығу тегін аңдармен
байланыстырған.
3.
Бесшатыр қорымы. Іле өзенінің оң
жағалауынан табылған. 31 обадан тұрады.
Обалар көлеміне қарай 3 түрлі болды.
Сұрақ үлкен Бесшатыр қорымын неліктен
патша жерлеу орны деп атайды? Бұл
мәселемен оқушылар өзбетімен айналысады.
4.
« Алтын киімді адам.» Осы тақырып бойынша
оқушылар мәтіннен тауып оқиды. 1969 жылы
Есік қаласындағы «Есік обасынан» Алтын
адам табылды. Обада 40 – тан астам оба
бар. Зергерлік бұйымдар, қару – жарақ,
алтын бұйымдар мол табылған.Алтын-адамды
тапқан археолог К Ақышев.
IV. Сабақты бекіту. Йә-жоқ:
1)Сақ тйпаларының Оңтүстік Қазақстандағы ең көне ескерткіші Түгіскен –Ұйғарақ па? Йә
2)Қызылордадан 300-шақырым жерден табылған қала Алтын-асар ма? Жоқ
3)Қыш күйдіретін пеш,қол диірмен тастары Бәбіш-Молда қала жұртынан табылды ма? Йә
4)Бесшатыр қорымы Б.з.б 8-7 ғасырларға жата ма? Жоқ
5)Бесшатыр қорымы үлкенді кішілі 31 обадан тұра ма? Йә
6)Алтын-адам Есік обасынан табылған ба? Йә
7)Алтын-адамды тапқан археолог Камал Ақышев па? Йә
8)Есік обасынан табылған бұйымдар саны 5000 мыңнан астам ба? Жоқ
9)Аң стилі мен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға сапарында танысқан ба? Йә
10)Сақтар танысқан өмір ағашы арыстан бейнесінде ме? Йә
V.Бағалау.Топпен және жеке бағалау.
VI.Үйге тапсырма: §32 – 33.Тақырыпты оқу. Дәптерге тақырып соңындағы тест жұмысын орындау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген