400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жібек жолы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақстан тарихы.

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы сырлары

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Ұлы Жібек Жолының пайда болу тарихымен таныстыра отырып, Ұлы Жібек Жолының сауданы, шаруашылық пен мәдениетті, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы рөлі туралы түсінікті қалыптастыру. Жібек Жолының Қазақстан жеріндегі қалалардың дамуындағы рөлі туралы, әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың Ұлы Жібек Жолы кезіндегі сауданы қазіргі Қазақстанның және өзге мемлекеттердің сауда дамуымен салыстыра білу, баға беру қабілеттерін дамыту. Өзіндік жұмыстар жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Барлық салада Отанының ілгері дамуы үшін үлес қосуға, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,тақырыптық слайттар,карта, кесте.

Негізгі ұғымдар: Ұлы Жібек Жолы. Батыс пен Шығыс арасындағы дипломатикалық қарым-қатынастар. Ұлы Жібек Жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы. Шаруашылықтың дамуына әсері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық треинг.Менің көңіл күйім.Топқа бөлу (4 топ)

Алтын ережемен таныстыру:


ІІ. Фильм «Ұлы Жібек жолы».(5 минут)

  1. Сауда жолының Ұлы Жібек Жолы деп аталу себебі неде? Жібек Жолы қай кезде қалыптасты? (Ұлы Жібек Жолы-б.з.д 2 ғасырдың бастап 16 ғасырға дейінгіҚытай мен Еуропаны байланыстырған сауда керуен жолдарының жалпы атауы)

2.ЧЕМ торговали купцы? В свою очередь из Рима, Византии, Индии, Ирана, Арабского халифата, а позднее из Европы и Руси по нему шли товары, производимые в этих странах. По Шелковому пути везли на продажу знаменитых коней Ферганы, арабских скакунов, верблюдов и слонов и многое другое. 

Их даже трудно перечислить. Я узнала его, ведь это именно о нем писал поэт средневекового Востока Фирдоуси: Верблюдов отборных с ним тысячу шла,

И не было грузам богатым числа.

Сто рыжих верблюдов с дирхемами шли,

А сорок верблюдов динары везли…

С вьюками, где мускус и лучший алой,

С шелками, дивящими взоры красой,-

Их Чин поставляет, и Мыср, и Иран –

Шел тридцать верблюдов еще караван.


3.ГДЕ начинался ВШП?(ағылшынша)




Қызығушылықты ояту: (3 минут)

Топпен жұмыс: Әр топқа түйенің макетіне салынған бірнеше затты ұсынамыз. Сол заттардың бүгінгі сабаққа қатысы қандай сипаттайды.

( Көбелек, жібек мата, жібек жіп,карта, компас, дән, иіс су, қурай, құмыра, кеме, музыкалық аспаптар т.б) Жасмин суы, муск ат жаңғағы

Женышень.Пілдер, мүйізтұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар т.б.)


Негізгі бөлім.Жұппен жұмыс (10 минут)

1-топ. 3Д ручкасымен сурет салу.Дүңгіршек. Жібек құртының ,Тұт –қасиетке толы киелі ағаш. Қазақша

2- топ. Макет ( құдық, мешіт, керуен сарайы) Орысша

3- топ. Слайд жасау. А) Жібек жолы өткен Қазақстан қалалары желер

Б) Картаның сурет. Табиғатттың қиындығын жеңу жолдары.

В) Жібек жолының жаңғыруы. Түйе тізген керуеннің орнына заманауи транспорттық инфрақұрылымды дамыту.Ағылшынша

Жеке жұмыс . летописцы, археологи, миссионеры, купцы, послы, караванщики и другие.

Көпестің күнделігі 1-топ. Орта Азия көпестерінің қазақ тілінде жазу.

2- топ Орыс көпестерінің жазу.

3- топ. Ағылшын тілінде жазу

1 летописец ЧуньЦу: Слушайте. (Разворачивает свиток) ВШП – одно из наиболее значимых достижений в истории мировой цивилизации. ВШП – это система караванных торговых путей, соединявших со 2 века до н.э. до 15-16 века страны Евразии – от Китая до Западной Европы. Великий Шелковый Путь протяженностью в 7 тыс. км- получил свое название в 19 веке немецким историком К. Рихтгофеном от ткани, впервые изготовленной и вывозимой из Китая. Судя по археологическим раскопкам, шелковая ткань появилась в Китае в 1 веке до н.э. Я также записал сведения, что шелк миру подарил вот этот тутовый шелкопряд

2 летописец Ван Чун: А я в своих летописях записал вот что. (разворачивает свиток) Первыми европейцами, увидевшими роскошные шелка наяву, были воины Александра Македонского. При Александре Македонском шелк приобрел известность в Риме, где за него платили чистым золотом. Появление правителя Римской республики Цезаря в шелковой тунике вызвало настоящую сенсацию. С тех пор ношение одежд из китайского шелка стало обычаем в высшем обществе Рима.

В течение многих веков шелк считался роскошью, самым драгоценным товаром — он выполнял роль денег, им платили дань, рассчитывались при торговых сделках.


Каталогпен жұмыс

«Купцы»

1.Какие товары выставлялись для международной торговли? Какие товары везли в Китай?

2.Какими товарами торговали жители Востока и Средней Азии, селившиеся вдоль Шёлкового пути?
 
3. Какие товары пользовались спросом у жителей Средиземноморья и Европы?
 

Буклет қонақтарға (қызықты оқиғалар)

В чем же историческое значение Великого Шелкового пути? (Слайд №18).

Чему, помимо торговых связей, способствовал ВШП (дипломатическим отношениям между Западом и Востоком

ЛЕГЕНДЫ:

1. По одной из версии открытие шелка при​писывают четырнадцатилетней императрице суп​руге легендарного Желтого Владыки Владычице Су-Лииг Лао-тсу. Во время чаепития под тутовым деревом кокон шелкопряда случайно упал ей в чаш​ку Обнаружив червячка девушка раскрыла его секрет. Легенда гласит что именно она приказала разводить тутовых шелкопрядов. Пишут что секрет шелка очень тщательно охранялся пока в 140 году до н. э. о нем не узнали в королевстве Хотан на Тибете Это случилось когда китайская принцесса, ставшая позднее супругой принца Хотана провезла контрабандой в своем головном уборе яйца тутовых шелкопрядов.

 2. Другая легенда гласит, что примерно в 550 году н. э. византийский император Юстиниан послал в Хотан двоих персидских монахов (сейчас это горо​док в провинции Синьцзян —Уйгурском автономном районе на западе Китая) выведать секрет этой новой таинственной ткани. Монахи вернулись с семена​ми шелковицы, а позднее несколько шелкопрядов были найдены в бамбуковой палке, которую они тайно провезли в Японию через Корею. Император Юстиниан в свою очередь попытался сохранить секрет шелка, но к IX веку н. э. известие о нем и спо​собе его получения достигло Европы. Впоследствии историки нарекли путь, по которому торговцы пере​возили шелк на Запад Шелковым путем.





Формулирование вывода. (Слайд № 19) Вывод: Благодаря развитию торговли вдоль Великого Шёлкового пути и во всём мире стали развиваться шелководство, ткацкое производство и различные виды ремёсел, появлялись и развивались новые города, крепли международные дипломатические, экономические, культурные связи, распространялись различные религиозные верования, развивалось искусство.









1-тур Сұрақтар

2-тур проектілер

3-тур Көпестің күнделігі

4-тур Жеңімпаздарды марапттау








Ежелгі Қытай данышпанының мына сөзімен бастаймын:

Постер қорғау

1-топ.Қолөнершілер. Ұлы Жібек Жолының пайда болу тарихы.

2-топ.Саудагерлер. Ұлы Жібек Жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

3-топ.Елшілер. Ұлы Жібек Жолының тармақтары.

4-топ.Көпестер. Ұлы Жібек Жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы


1-топ.Қолөнершілер. Ұлы Жібек Жолының пайда болу тарихы. Көне замандарда Еуразия құрлығын қамтыған бірнеше ірі сауда жолдары болды. Б.з.б. III—І І ғасырларда Жібек жолы шықты.

Алғашқы мәлімет буддист Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан алынды.

Тасылатын тауарлар.

  • Жібек - халықаралық валюта рөлін атқарған.

2-топ.Саудагерлер. Ұлы Жібек Жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы

Өнердің таралуы.

> Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілді.

  • Бағдатта халиф сарайында маскалық ойын-сауық өткізілді.

Кедер қаласында саз маскамен сахналық өнер көрсетілген


Діннің таралуы.

• Буддизм.

  • Бұл дінді соғдылар таратқан.

  • Исфиджабтан жерасты храмы, Ақбешімнен екі будда храмы табылды.

• Христиан діні.

  • Христиан дінінің несториандық бағыты тарады. Манихейлік дін. Тараздан әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды.

• Зороастризм.



Ұлы Жібек Жолы бойындағы елдердің өзара мәдени байланыстары күшейіп, Азияда «әлем патшалықтары» пайда болды.

1.Пілдер патшалығы-Үндістан-данышпандар патшалығы

2.Асыл тастар патшылығы-Иран және Византия-Парсы патшалығы-патшалардың патшасы.

3.Жылқы патшалығы-Түрік қағанаты-азулы аңдар патшалығы

4.Адам патшалығы-Қытай-мемлекетті басқару патшалығы

2004 жылы қабылданған «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сəйкес


3-топ.Елшілер. Ұлы Жібек Жолының тармақтары

Жетісу-Ұлы Жібек Жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы

Оңтүстік Қазақстан-Ұлы Жібек Жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі

Жібек жолы Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өтеді?

Қазақстан -2050 бағдарламасы бойынша.


4-топ.Көпестер. Ұлы Жібек Жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы


Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның еркін эконмикалық аймақтары болып табылатын Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланыстар күшейе түсуде. Алматы-Үрімші-Алматы әуе желісі, Жаркент қаласы мен Инин қалаларының арасында автобус қатынасы жолға қойылды.


Үй тапсырмасы: Параграфты оқу, мазмұндау. Ұлы Жібек Жолының картасын дәптерге түсіру. Презентация дайындау.









Табиғи жағдайда 200, кейде 300-500 жылдай өмір сүреді. Қазақстанда 2 түрі: ақ тұт және шах тұты қолдан өсіріледі. Жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді. Жапырақтары қарапайым, жиектері аратісті. Жидегі – күрделі құрылысты, сүйекшелердің бірігуінен тұрады, тәтті әрі жағымды иісі бар. Тұт ағашы тәтті, адам ағзасына пайдалы жемісімен ғана бағалы емес, сонымен қатар тұт ағашының жапырағы да бағалы. Себебі жібек құрты тұт ағашының жапырақтарын жеп жібек матасының жібін береді.

Қытай елі мыңдаған жылдар бойы тұт ағашынан жібек өндіруді құпияда сақтаған. Үш мың жылдан астам уақыт жібек өнімі тек Қытайдан ғана экспортқа жөнелтіліп жатты. Оларда әлі күнге дейін жібек құпиясын ашқан адамға өлім жазасы бар. Құпия толықтай ашылмағанымен, кейіннен жібек өндірісі Жапония, Үндістан, Орта Азия елдеріне ойыса бастады.

Ерте кезден бастап Орта Азияның халықтары тұт ағашынан музыка аспаптарын жасаған. Тұт ағашынан жасалған аспаптар бағалы болып саналған. Тұт ағашының орташа өмір сүру мерзімі 200 жыл, кейбір түрлері 300-500 жылға дейін өмір сүреді. Иерихонда өсіп тұрғанына 2000 жыл болған әйгілі тұт ағашы бар екен. Тұт ағашының қолданылуы. Қазақстанның жылы оңтүстік аймақтарында тұт ағашының екі түрі: ақ тұт және қара тұт өседі. Бұл екі тұт ағашының айырмашылығы – жидегінің түсінде. Ақ тұт ақ жидек береді, қара тұт қара жидек береді. Екеуінің жемісі де өте тәтті, жұмсақ, нәзік хош иісті. Тұт жемісі – денсаулыққа өте пайдалы. Тұттың жемісінің құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, амин қышықылы және белсенді заттар бар.

Қазақ жерінде жібек құртын өсіруді жолға қойсақ. Екі мың жылдық тарихы бар Тараз шаһары Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Кезінде керуен-керуен жібек артқан көш легі мен алтын теңгелі саудагерлер тізбегі Ташкент, Самарқан базарларына бет түзеген. Сондықтан Тараз шаһарының Ұлы Жібек жолы көне замандағы негізгі күнкөріс көзіне, сауда айналымына айналған.

Жалпы, жібек мата орта ғасырларда ең құнды бұйымдардың санатынан орын алған. Тарихшылардың айтуынша, бір кезде Парсы елі мен Қытай мемлекеті жібекті тек алтынға ғана айырбастаған екен. Ал, Екатерина патшайымның тұсында Ресейде бір келі жібектің бағасы бір келі алтынмен тең болған. Осыдан-ақ, жібек құнының қаншалықты қымбат екенін бағамдауға болады.

Жібек мата негізінен жібек құртынан дайындалады. Ал жібек құрты кəдімгі тұт ағашының жапырағымен қоректенеді.

Дерек көздеріне сүйенсек, тұт ағашының оннан астам түрі Азияның, Африканың жəне Солтүстік Американың тропикті жəне субтропикті аймақтарында кең таралған. Сондай-ақ, тұт ағашының ерекше қасиеті жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді. Тұт ағашы адам ағзасына пайдалы жемісімен ғана бағалы емес. Сонымен қатар тұт ағашының жапырағы да бағалы болып табылады.

Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында тұт ағашы көптеп өсіріліп, одан алынған жібек құртынан жібек мата шығаруды ойластырған. Жалпы, оңтүстік өңірлерде тұт ағашын өсіріп, қалдық суларды тазалап, соған пайдаланып, одан жібек мата шығару керек еді. Сонда

жібек мата Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларда өндірілсе, сырттан мата тасымалдау жағы толастайтын еді. Тұт ағашынан жібек құрттарын өсіру үшін отыз-ақ күн керек екен. Отыз күннен соң жібек құртынан жіп шығарып, одан мата, матадан киім тігіп ары қарай іліп əкетуге болады.

Иə, бүгінде жібек мата елімізге сырттан тасымалданады. Жібек мата өндіруден Қытай мемлекеті алдына жан салмай отыр. Қытайдың жібек мата өндіріп, оны экспорттап келе жатқанына үш мың жылдан астам уақыт өткен. Бір жағынан пайда, екінші жағынан жұмыс көзі болып табылатын тұт ағашынан жібек өндіруді қытайлықтар мыңдаған жылдар бойына құпия ұстаған. Тіпті, Қытайда жібек құпиясын ашқан адамға əлі күнге дейін өлім жазасы тағайындалған. Себебі, бұл – аса ірі табыс көзі, сондықтан мемлекеттің экономикалық дамуына да оң серпін беретін үрдіс.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Біз Ұлы Жібек жолын жаңғыртып жатырмыз», - деп айтқан болатын. Ия, бүгінде мемлекет тарапынан барлық шаруаға жол ашық. Өкініштісі, қазіргі кезде бірді-екілі кəсіпкерлер ғана болмаса, өңіріміз түгелдей тұт ағашын өсірумен айналысып отырған жоқ.

Тұт ағашы тәтті, адам ағзасына пайдалы жемісімен ғана емес, сонымен қатар жапыра­ғымен да бағалы. Себебі әлемге жібек сынды нәзік те көркем жібек матасын беретін жібек құрты осы тұт ағашының жапырақта­рын жеп қоректенеді.

Құрамында сахароза, фруктоза, эфир майы, минералды заттар, илік және бояу заттар, органикалық қышқылдар, дәрумендер бар. С дәрумені көп мөлшерде болады. Емдік мақсатта тұт ағашының жемісі, жапырағы, діңінің қабығы қолданылады. Жапырағының шырыны қарақұрттың шаққанына, тіс ауруына, ауыз қуысы уылғанда көмектеседі. Тұмау, қант диабеті, көз аурулары кезінде өте пайдалы және сауықтырғыш қасиетке ие. Жемісінен сусын, шырын алуға болады. Қазіргі кезде тұт ағашының жалғанбалы декоративті түрі көгалдандыруда пайдаланылады. Бақшаларда өсіреді. Жасыл қоршау, табиғи бөгеттер жасайды. 



Түркістан қаласының іргесінде Қарнақ деген ауыл бар. Қожа Ахмет Ясауи кесе­несіндегі атақты «Тай­қазан» осы ауылда құйыл­ған. Қарнақтың тағы бір ерек­шелігі, мұнда елдің айтуы бо­йынша 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы бар. Оның қалыңдығы он адам құшақ жайса да қол жетпейді.

Тұт ағашының жидегін жеуге болады. Жапырағында, қабығында илік заты көп. Жидегінің құрамында қант көп болады, жеуге келеді. Өндірісте жидегінен спирт алынады, сірке қышқыл жасап, пастила жасалады. Талшығын тоқыма өндірісіне пайдаланады, әр түрлі жуандықтағы арқандар, картон және қағаз жасалады. Жапырағынан сары және қара бояу алынады. Тұқымының 30%-ті май болады. Ақ тұтта илік зат өте көп. Майын тамаққа пайдалануға болады. Күнжарасы мал азығы үшін өте бағалы болады. Өсімдікте наркоз заттары бар. Сондықтан қара сораны медицинада кеңінен қолданады.




Тұт жібек құрты өнімінің сипаттамасы. Тұт жібек құрты немесе жібек құрт – жұлдызқұрт және көбелек жібек өндірісінде басты экономикалық рөл ойнайды. Жұлдызқұрттар тек тұт ағашының жапырақтарымен ғана қоректенеді. Жақын түрі – жабайы тұт ағашы – шығыс Азияда: Қытайдың солтүстік облыстарында және Ресейдің оңтүстік теңіз жағалауларында өседі.

Тұт ағашының жібек құрттары буынаяқты жәндіктер сыныбына кіреді. Бұл жібек құрт үй жәндіктерінің мысалы бола алады. Адамдар жібек құртын үй жәндігі ретінде мыңдаған жылдардан бері өсіріп келеді. Ол өзінің жабайы қасиетін жоғалтып, енді табиғи жағдайда өмір сүре алмайды. Оның бірнеше бейімділік қасиеті артып, оны өсіру жағдайлары жеңілдеген. Мысалы: тұт жібек құртының көбелектері, әсіресе аз қимылдайтын аналықтары ұшу қабілетін жоғалтқан. Сонымен қатар жұлдызқұрттар да баяу қимылдайды.

Тұт жібек құрты – жалғыз толықтай қолға үйретілген үй жәндігіне айналған жәндік. Қытайдағы барлық құрттар қолға үйретілген, табиғатта жабайы түрде кездеспейді. Аналықтары ұшуды да ұмытып қалған. Үлкен жәндіктер ақшыл қанатты, 6 см-ге дейін жететін толық көбелектер. Тұт жібек құрты басқа да көбелектер секілді толықтай өзгеру арқылы дамиды. Тұт жібек құрты көбелегінің қанаттары 40-тан 60 мм-ге дейін жайылады. Оның денесі мен қанаттарының түсі кір ақшыл, азды немесе көпті ашық бұлыңғыр жолақтары бар болып келеді.

Сыртқы көрінісіне қарай тұт жібек құртының аналығын аталығынан ажырату оңай. Аталыққа қарағанда оның қарны салмақты әрі мұрттары аз жетілген болып келеді.

Тұт жібек құртын өсірудің технологиялық үрдісі. Тұт жібек құртының бала құрттарын алған соң оларды бірден арнайы қоректік заттармен араластыру қажет. Жұмыртқаларының дамуы үшін инкубаторда 10 күндей тұруы керек. Олар жақсы желдетілуі үшін 24-25 градус темтературада тұруы керек. Ол жерге тұт ағашының жапырақтары салынады.

Тұт жібек құрттары салқын қандылар тобына кіреді. Оның темтературасы айналасындағы ауаның температурасына байланысты болады. Бала құрттардың температурасы және өсуі оның ағзасына әсер ететін химиялық реакциялар одан температураның артуын тездетеді. Бірақ температураның өзгеруіне ағзаның әсері 20-27 градус көлемінде сақталады. Одан арғы температураның жоғарылауы балаң құрттың ағзасына кері әсер етеді.

Тұт жібек құртының балаң құртының денесі жұмсақ, целиндрлі. Тері қаптамамен қапталған. Ол бас, кеуде және қарыннан тұрады. Тұт жібек құрты балаң құрт кезеңінде тез өседі. 30-35 күнде балаң құрт дене салмағын 10000 есе арттырады. Балаң құртының дамуы барысында 5 жастан өтеді, ол 4 рет түлейді. Түлеу кезінде балаң құрт өзін жібек жіптерімен қандай да бір жерге бекітіп, ұйықтауға кетеді.

Көктемде 1 кг жібек пілләсін алу үшін 15-17 кг жапырақ қорегі қажет. Ал жазда 19 кг-ға дейін керек. Жоспарлы есепте 1 кг піллә алу үшін жапырақтар шығынын 20 кг-ға дейін есептеу керек.

Жібек құрттарын өсіру және жібек пілләсін алу уақыты. Жыл сайын наурыз айының соңы мен сәуір айының басында жібек құрттарын өсіру науқаны басталады. Бұл уақыт 45 тәулікке созылады. Жібек құрттарын қоректендіруге көптеген тұт ағашының жапырақтары қажет болады. Тұт ағашының жапырақтарының қажеттілігін есептеу үшін өндірілетін піллә саны оны 20-ға көбейту арқылы анықталады.


Себебі әлемге жібек сынды нәзік те көркем жібек матасын беретін жібек құрты  осы тұт ағашының жапырақта­рын жеп қоректенеді.  Ұлы Жібек жолымен жаһанды жаулаған қытай мұны мыңдаған жылдар бойы құпияда сақтаған. Солайша үш мың жылдан астам уақыт жібек өнімі тек Қытайдан ғана экспортқа жөнелтіліп жатты. Оларда әлі күнге дейін жібек құпиясын аш­қан адамға өлім жазасы бар. Құпия толықтай ашылмағанымен, кейіннен жібек өндірісі  Жапония, Үндістан, Орта Азия елдеріне ойы­са бастады.  Жалпы, Орта Азияның ха­лық­тары сонау ерте кезден бастап тұт аға­шынан музыка аспаптарын жасаған. Ондай аспаптар өте  бағалы саналған. Бәл­кім, тұт ағашының киелі саналатыны оның орташа өмір сүру жасының - 200 жыл, кейбір түрле­рінің 300-500 жылға дейін өмір сүруіне байланысты шығар (тіпті Иерихонда өсіп тұрғанына 2000 жыл болған әйгілі тұт ағашы бар екен).  Себебі қазақ ескіден келе жатқан көне заттарды қасиетті санап, оларда бір кие барын айтады.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі