400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жидектер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам және әлем пәнінен "Жидектер" тақырыбында ҚМЖ. 9 сынып. "Жаңаөзен арнайы мектебі" КММ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бөлім:

Бақ пен бақша өсімдіктері

Педагогтің аты-жөні:

Есенаманова Гулайм

Күні: 9 а

21.11

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Жидектер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

Білімділігі: Жидектер туралы білімдерін кеңейту.Жидектерді сипаттай білуге үйрету.Жемістердің қолданылуы,олардан дайындалатын тамақтар туралы әңгімелеу.

Түзете-дамыту: Жеміс-жидектерді көкөністерден ажырата білуге, заттарды салыстыра білуге, геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды таба білуге дағдыландыру, сурет салу әдістерін пысықтау. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Сөздерді дұрыс байланыстыра сөйлеуге үйрету. Сөйлеу тілін, мәнерін, көру, есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:Табиғатты қорғай білуге, оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, тазалыққа, зейінділікке баулу.

Сабақтың мақсаты:



Оқушыларды жидектердің белгілеріне қарап, бөлуге, оларды көрудің көмегімен сезіне білу қимылдары арқылы тексере білуге үйрету

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану, сипап-сезу, сұрақ-жауап

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Сабақ барысы

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

«Қане жауап берейік»

- Мына суретке қарап, бір сөзбен не деп айтамыз? (Жемістер)

- Жемістер қайда өседі? Олардан не жасаймыз? (Сурет бойынша әңгімелеу)


Суреттер

Сабақтың ортасы


30 минут

ІІ. Жаңа сабақ

- Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жидектер». Жидектерді күнделікті өмірде көріп жүрміз, ал олардың қайда,қалай өсетінін білесіңдер ме?

- Олай болса,мен сендерге жемістер туралы айтып берейін,сендер тыныш отырып,мұқият тыңдаңдар. Жемістер құрғақ және шырынды,жинақталған болып 3- топқа бөлінеді.Жемістер ағашта және бұтада өседі. 1-інші топ құрғақ жемістердің қабығы қатты,сүректенген,құрғақ болады.Мысалы: Жаңғақтар,бұршақтар,дәндер. 2-нші топ шырынды жемістер шырыны мол,жұмсақ.Олар жидек,жидек тәрізді,сүйекті шырынды деп бөлінеді.Жидек-жемістің сыртқы қабағы жұқа,жұмсақ,ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: жүзім, қарақат,қызанақ т.б Жидек тәрізді жемістер-көп ұялы,көп тұқымды.Жемістің сыртқы қабатын- да эфир майы көп,сары,қызғылт-сары түсті.Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ.сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс түзеді.Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. толы.Апельсин,мандарин, лимон.Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа,ортаңғы қабаты қалың етті- шырынды,ішкі қабаты –сүйектенген.Бұл жемістерге шие ,алхоры ,өрік,шабдалы т.б жатады. Жинақталған жемістерге-құлпынай,ананас,тұт,інжір,итмұрын т.б жатады.


ІІІ. Тәжірбиелік жұмыс

Жидектерді кесіп, ішкі құрылысын қарау


ІV. Cергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Сөзді аяқта»

- Жидектерге байланысты сөздердің бірінші буынын айтамыз, ал оқушы аяқтайды.

Ө-рік, жү-зім, таң-қу-рай


«Үлкен – кіші жемістерді ата»

Қандай жемістер жетіспейді, соларды салып боя.

«Кім епті»

Түстерді сәйкестендіру.

V. Дәптермен жұмыс

Жидек - сыртқы қабығы жұқа, ішінде тұқымдары көп, жұмсақ, шырынды жеміс.



Кітап, фото-суреттер, муляж, интерактивті тақта, жидектер






Түрі шар сияқты,

Түсі қан сияқты.

Дәмі бал сияқты

Ол не?

(Шие)

































Жүзім, мандарин, лимон












Кесте, суреттер



Түрлі түсті қасықтар мен алмалар

Сабақтың соңы


10 минут

VІ. Білімді бекіту

«Жаз, ата, есте сақта»

Әріп жазу

Жеміс түрін атау

Жемісті сипаттау

«Не пайдалы?»

-Жидектерді неге пайдалы дейміз?

-Жидектерден не жасауға болады?

-Шырын неден жасалған?

-Тосапты неден дайындайды?

-Йогурт неден жасалады?

Оқушылармен бірге өткен тақырыпты бекіту.

VІІ. Бағалау.

- Сабаққа белсенді

- Икемділік дағдысы қалыпты

- Сабаққа ынталы

- Жұмыс нәтижесіне қарап бағалау

Оқушыларды орындаған тапсырмалары бойынша бауырсақтармен бағалаймыз. Мадақтама қағаздарымен марапаттаймыз.

Бағалауға арналған бауырсақтар, мадақтама қағаздар


Қосымша ресурс:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17.02.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі