400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жіктеу есімдігінің септелуі" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарында топпен, жұппен жұмыс қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі: 27. 02.2016 ж

Аралық байланыс

Алдыңғы сабақта

Не сәтсіз болды?

Топтық бағалауда әділетсіздікке жол берді

Не сәтті болды?

«Кір жаятын жіп» әдісі оқушыларға қатты ұнады

Нені өзгертуге болады

Сауаттылыққа үйрету

Бүгін сабақта нені жақсартамын

Топ ережесін еске түсіремін


Тақырыбы:

Жіктеу есімдіктерінің септелуі

Мақсаты

Жіктеу есімдіктерін зат есімді септеуге қатысты білімдерін пайдалана отырып, септей алуға үйрету

Міндеті

Оқушылардың өз бетімен тапсырманы меңгеруіне ықпал жасау, жаттығулар орындату.

Күтілетін нәтижесі

Сөйлем ішінде есімдіктің қай септікте тұрғанын ажырата біледі

Әдісі

Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар

Қолданылған модульдер

Оқыту мен ОЖТ , ОБ және көшбасшылық, диалогтық оқыту, АКТ, Оқытуды бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен ОЖТ: СТОҮ: есептерді сыни тұрғыдан тұжырымдау,

Кезең


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Ресурстар,

Құралдар,

көрнекіліктер

Кіріспе

5 минут

  • «Пошта» әдісі:

1. Өткен сабақты қорытындылау.

- Балалар , біздің сүйікті мультфильміміз «Аю мен Маша» иә?

- Олай болса, балалар, бүгін тағы Машаға келген хатты аю оқи алмай отыр екен. Біз оларға көмектесеміз бе? Ал, онда хатты оқуға көмектесейік. 2.Топқа бөлу.

- Әрқайсымыз алған хатымыздың түсіне қарай топтасайық.

Әр топтан топбасшы сайланады.



Оқушылар «хаттарды» алып, тест шешеді.




Алған хаттарының түсіне қарай топтасады

Мен тобы Сен тобы


Дәптерлері, стикерлер, А4 форматы


2 минут

  • «Мен, сен, ол» ойыны

Мұғалім оқушыларды жіктеу есімдіктерімен атайды

  • «Мен, сен, ол» ойыны

Аты аталған оқушылар өзіне айтылған есімдікті қатыстырып сөйлем құрастырады

слайд

Таныстырылым

4-минут

  • 1-жаттығуда сөйлемдерді оқытып, қарамен жазылған сөздер қай септік жалғауында тұрғанын анықтату. Қарамен жазылған сөздердің орнына жіктеу есімдігін қойғызып, сөйлемдерді көшірту

Оқушылар 1-жаттығумен жұмыс жасайды

Балалар бос уақыттарында үлкендерге көмектесті. Балалардың көмегіне үлкендер риза болды. Сені күні мектеп оқушылары музейге барды. Музейде адамдар көп екен. Түстен кейін үйге Мұрат келді. Мұратпен бірге киноға бардым. Жалбыз – дәрілік өсімдіктердің бірі. Жалбызды әртүрлі ауруларға ем үшін қолданады.

Оқулық , слайд



3-минут

  • Ережемен таныстыру Жіктеу есімдіктері септеледі.


Ережемен танысады.

А4 қағазы

6 минут

  • 3-жаттығуда берілген зат есімдер мен есімдіктерді септеп жазғызу. (жеке жұмыс)


Оқушылар берілген сөздерді септеп жазады

А. с. күн, сен, қол, ол.

І. с. күннің, сенің, қолдың, оның.

Б. с. күнге, саған, қолға, оған.

Т. с. күнді, сені, қолды, оны.

Ж. с. күнде, сенде, қолда, ода.

Ш. с. күннен, сенен, қолдан, одан.

К. с. күнмен, сенімен, қолмен, онымен.

Оқулық, қима қағаздар

Негізгі бөлім

7 минут

  • 5-жаттығуда жіктеу есімдіктерін әртүрлі септікте қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырғызу. (топпен жұмыс)

Оқушылар 5-жаттығуда топпен жұмыс жасайды.

дәптер

4 минут

  • 6-жаттығуды шығармашылық жұмыс ретінде жеке орындату.

6-жаттығуды жеке орындайды.

(Кімді?) ... қуантты. (Кімнен?) ... үйренді.

(Кіммен?) ... оқыды. (Кімде?) ... болды.

(Кімге?) ... айтты. (Кіммен?) ...келді.

Оқулық , А4 қағазы

Қорытынды бөлім

  1. минут

  • «Пошта» әдісі

  • Балалар, Маша бізге «рахмет!» айтып жатыр, ал енді бүгінгі сабақ жайлы кері байланыстарыңды хатқа жазып, пошта жәшігіне сала қойыңдар.

Кері байланыс жасау

.

Үйге тапсырма: 4-жаттығу. (58-бет)

Бағалау


Оқушылар кері байланыстарын хатқа жазып, пошта жәшігіне салады..

Пошта жәшігі







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі