400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жиһаздар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Тұрмыстық жиһаздар

Нұралы Лаззат Қонақбайқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

№ 3 Облыстық балалар оңалту

орталығының психологы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: балаларды үй жиһаздарымен таныстыра отырып атауын үйрету. Олардың қажеттілігін түсіндіру.

Түзете- дамытушылык: баланың ойлау жане сойлеу кабілетін дамыту. Ұсақ маторикасын дамыту.

Тәрбиелік: балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: бөлме жиһаздарының суреті, қиылған жиһаз суреттері, ойыншық жиһаздар, доп, бояйтын суреттер, жабысқақ құрастырғыштар.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Смайликтер ойыны.

Балалар қане мына асем шарларға қарайықшы . Бұл шарларда әртүрлі көңіл – куй белгілері берілген. Біз осы шардағы көңіл –күйлерге қарайық. Олар қуанып тұрма? Алде ренжіп тұрма?

Ал бастайық. Біз осы көңіл – күйлерді салып көрейік.

Мына шарда қандай көңіл-күй белгісі берілген?

1.Ренжіп тұр. Оны қоқыс жәшігіне тастайық. Ренжігенде біздің түріміз қандай болады? Біз ренжиміз ба? Жоқ. Ренжіп тұрған көңіл –күйді қоқыс жәшігіне тастайық.

2.Ал мына көңіл - белгісі ше ол жылап тұр. Мұныда қоқыс жәшігіне тастайық.Ал біз жылаймыз ба, балалар? Жоқ.

3.Ал мына көңіл куй қуанып тұр. Оны біз қайтадан шарға іліп қоямыз. Себебі біз әрдайым қуанып жүреміз.

4.Ал мына көңіл - күй күліп тұр екен. Біз әрдайым күліп жүреміз бе? Иә. Біз әрдайым күліп жүреміз.

Топ жихаздарымен таныстыру.

Орындық. Парта. Шкаф.Компьютер.

«Үш аю» ертегісінің мультфильмін көру. Ертегідегі жиһаздарды сипаттау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық
Тынығып біз алған соң
Әсем сурет салайық

Суретпен жұмыс.

Не жоғалды ойыны? ойыны

Стол үстіне әртүрлі жихаздар суреті қойылады. Бала көріп болған соң бір сурет жасырылып қойылады. Бала жоғалған суретті табу қажет.

Ойын. Кім жылдам?

Ойын шарты: Балалар музыка әуенімен ортада би-билеп жүреді. Музыка тоқтаған кезде жылдам орындыққа барып отырып қалу қажет. Орындыққа отыруға үлгермей қалған бала ойыннан шығарылады.

«Үш аю» ертегісін рольдерде ойнау.

Ойын. Доп қайда жасырылған?

Бөлме ішінде допты орындықтың, партаның немесе шкафтың жанына жасырып, доптың қайда жасырылғанын балаға іздеп тапқызу қажет.


Ертегі кейіпкерлерінің суретін бояу.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық.

«Төртінші артық» дидактикалық ойыны

Ойын мақсаты: Баланың сөздік –логикалық ойлауын, Есте сақтау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Көрнекіліктері: суреттер

Ойын барысы: Баланың алдына төрт сурет қойылады. Сол төрт суреттің ішінен артық бір суретті тауып, атауын атап беруі керек.

Балаларды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі