400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жиын дегеніміз не? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары 1сынып мұғалімдеріне көмегі тиеді деп ойлаймын. Бұл материалда оқушыларға жиын туралы алғашқы ұғымды ойын түрінде беруге тырыстым. Әсіресе топпен жұмыс жасағанда балалардың қызығушылығы артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін. М.Д.Оқу ісі жөніндегі орынбасары:________________Нұрсейтова Закира

Пәні: Математика

Мектеп:№13 орта мектеп

Мұғалім: Султамуратова

Күні: 25.04.2018ж.

Сабақтың тақырыбы:

Жиын дегеніміз не?

Сынып: 1 «б»

Қатысқан:

Қатыспағандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.3. заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру, тең жиындарды, бос жиынды анықтау.

1.4.1.1. екі жиынның қосылуын және жиын бөлігінжоюды көрнекі түрде бейнелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктейді;

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді;

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

берілген тапсырмаларға ұқсас өз бетінше орындайды;

Жетістік критерииі

түрлі жиындарға мысал келтіруді;

жиынның элементтерін көрсетуді;

жиындағы элементтердің ортақ белгісін табуды меңгереді.


Алдыңғы оқу

Диаграмма,пиктограмма

Тілдік максаттар

-Жиын дегеніміз не? Жиынға мысалдар келтір. Ол қандай элементтерден тұрады?


Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басы

5 мин





10 минут

Ұ.Ұйымдастыру кезеңі.

Күндей жарқырап....

Ұ. Ширату жаттығуы. 4 топқа қораптардағы заттардан бір-бірден алуды ұсыну.

-Қолдарыңдағы заттарды жоғары көтеріп көрсетіңдерші. Әрқайсың атауларын атап шығыңдар.

-Қайталанатын заттар да бар екен. Тақтадағы себеттерге қалай орналастыру керек екенін көрсетіңдер.

Неге ол осы топта тұр? Осы топты қалай атауға болады?

«Жеміс-жидектер». «Жол белгілері». «Геометриялық фигуралар». «Жануарлар».

Осы ортақ атау бойынша мәлімет айту. Мыс:Жеміс-жидектер адам ағзасына дәрумендер береді.

Тактаға оқушыларды шығарып,4 топтан топ атауын жазу

1

2

3

4

ж

и

ы

н



Оқушылармен бірге сабақ мақсатын қою.

  • жиын ұғымымен танысасыңдар;

  • жиын элементтерін білетін боласыңдар;

Тақырып: Жиын дегеніміз не?





Ортасы


Ұ. 1. Оқулықпен жұмыс

«Балмұздақ» әдісі арқылы оқулықтағы ережемен таныстыру. /оқулықтан оқыту/ 

Жиын -ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы. Жиынды­ әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады. Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

Тақтамен жұмыс.Мысалы: “ЖЕМІСТЕР” — жиын, ал “АЛМА” “ЖЕМІСТЕР” жиынының элементі. Сондай ақ “бос жиын”, яғни бірде-бір элементі жоқ жиын да болады.

Олардан тағы да қандай жиындарды атай алатынын сұрау. Заттар жиынын атауды және олардың қандай элементтерден тұратынын сұрау.

- Оларға қандай белгі ортақ?

-Жиында неше элемент пайда болды?

-Жиынға тағы басқа элементтерді қосуға бола ма?

Оқулықпен жұмыс.

ТТ. «Табиғатта». 

-Жиындар қалай аталады?

-Ағаштар, жәндіктер, гүлдер жиыны.

-Элементтерін ата.

Жауабы:

ағаштар жиыны: шырша, қарағай, емен, қайың;

гүлдер жиыны: көк гүл, ақ гүл, жасыл гүл, қызыл гүл;

жәндіктер жиыны: көбелек, қоңыз, инелік.

ТТ. Элементтер

Жауабы:

қарлығаш — құстар жиыны; қайың — ағаштар жиыны; көбелек — бунақденелілер жиыны; сары өрік — жемістер жиыны.


ЖЖ. Шығарып көр.

1.Не артық екенін тап, сыз.

2.Ортақ атауын жаз.


Жауабы:

балық; пияз; үшбұрыш.


Дәптермен жұмыс /Ө/

1.Жиындарды тап және қарындашпен белгіле.

Сенде қанша жиын пайда болды?

2.Жиындарды толықтыр.

Дескриптер

1.Оқушылар өздік жұмыспен сабақта алған білімдерін бекітеді. Олар заттарды жиын бойынша бөліп, бір жиынды құрайтын заттарды сызықпен қоршайды.

Жауабы:төрт жиын: жалаушалар, доптар, құралдар,

қарындаштар.

Оқушылардан әр жолда қандай заттар бейнеленгенін сұрау. Оларды бір сөзбен жалпылап қалай айтуға болатынын сұрап, әр жолды тиісті заттармен толықтыруға уақыт беру. Жауабы:бірінші жол: көгөністер; екінші жол: киімдер; үшінші жол: ойыншықтар.

 Топпен жұмыс. (Постерге қима суреттерді ортақ белгісіне орай жапсыру арқылы үш жиыннан құрау. )

- көкөністер жиынын құрастырады және ортақ атауын жазады;- киім жиынын құрастырады және ортақ атауын жазады;

- оқу құралдары жиынын құрастырады және ортақ атауын жазады;

- аяқ киімдер жиынын құрастырады және ортақ атауын жазады;

Оқушыларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру. Әр топқа жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып айтып беруге жағдай жасау.

Топтарды «От шашу» арқылы бағалау.

ҚБ) «Жарайсың!» ,«Жақсы» сөздерін пайдалану.



Слаид









Оқулықпен жұмыс,

Дәптерлер










Сергіту сәті



Соңы

Қызықты тапсырма.


Қызықты тапсырма.

Қандай жиындар шығады?

Отбасы жиыны

А. Адамдардың жиыны; Ә. Ұлдардың жиыны.

Рефлексия

*Сабағымыз жемісті болып, сендер бүгінгі сабақтан көп білім алсаңдар - ағашқа алма жапсырыңдар.

*Сабақ жақсы өтіп, сендер үшін қызықты болса - ағашқа гүл жапсырыңдар.

*Ал сабағымыз қызықсыз болып, сендер үшін пайдалы болмаса – жасыл жапырақ жапсырыңдар


Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, сабақтағы көңіл күйлеріне қарай

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Оқушылар Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?


Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын.

Жиын элементтерін түсінді және айыра білді.



Алдыңғы білім «пиктограмма, диаграмма» сияқты математикалық тілге «жиын » сөзі енгізілді.


Дифференциялау

жоспарым жүзеге

асты ма?

Тапсырмалары

сәйкес болды ма?

Уақыт дәлдігі қалай

болды? Жоспарыма

қандай өзгерістер

енгіздім?


Сабақ мақсаты мен оқу міндеті толық орындалды.

Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынды. Уақыт өте тиімді пайдаланылды. Әр тапсырма өзінің қажетті уақыттында орындалып отырды.

Қорытынды баға

  • Оқыту мен үйренудің қайсысы сәтті болды?

Оқулықпен жұмыс жиын құру және жиынға топтастыруда балалар өте белсенділік танытты.

  • Оқыту мен үйренудің қайсысы толықтырылуы керек?

Үйренуге арналған тапсырмалар әлі де түрлендіре түссем , деген ой туындады

  • Келесі сабағымда ескеретіндей сынып пен жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым? Жеке жұмыстар ұйымдастыру.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі