жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жиындарды салыстыру 1 сынып
МАТЕМАТИКА IV ТОҚСАН 40 МИНУТҚА ЖОСПАРЛАНҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Алматы қаласы
Бостандық ауданы
№81 мектеп –гимназия бастауыш сынып мұғалімі
Шукеева Толкын Давлеткелдиевна
Мектеп: №81 мектеп -гимназия Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4B Жиынтықтар. Логикалық элементтер Бөлімше: 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар Ортақ тақырып:«Тағам және сусындар», Күні: 02.05.2019 Сынып:1 «В» |
||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Жиындарды салыстыру. Тең жиындар
|
|||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.4.1.3 жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру/ тең жиындарды, бос жиындарды анықтау |
|||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Геометриялық фигуралардан жиындар құрып, бір-біріне сұрақ қоя отырып, тең жиын туралы түсіну Оқушылардың көпшілігі Әр түрлі заттардан жиын құрып,олардың ішінен ортақ белгісі бойынша жиынды бөліп алып, жаңа жиын құрып, оларды атап беру Кейбір оқушылар:Өз бетінше тең және тең емес жиын құру |
|||||||||
Ойлау деңгейлері |
Білу,түсіну,қолдану |
|||||||||
Бағалау критерийлері
|
Затардан жиын құрып, оларды біріктіре отырып, жиын элементтерінің атын жазады. Геометриялық фигуралардан жиын құрып,олардың тең жиын екенін анықтайды. Әр түрлі заттардан жиын құрып, оларды ортақ белгісіне қарай бөліп, жаңа жиын құрады, атайды. |
|||||||||
Тілдік мақсат |
тең жиындар |
|||||||||
Пәндік лексика және терминдер |
Жиын, элемент
|
|||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
-Жиынды қалай құрамыз? -Жиын элементтерін ата? -Қандай жиын құрдыңдар? -Тең жиын деген не? -Құрған жиындарыңда геометриялық фигуралар бар ма? |
|||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелу. |
|||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек |
|||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, проектор |
|||||||||
Бастапқы білім |
Жиындар туралы біледі |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Дереккөздер/ Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу Психологиялық ахуал. Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн , біз көңілді баламыз. Қайырлы күн, біз амандасып аламыз. -Балалар көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Сұрақ жауап әдісі арқылы, оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тексеру дерін тексеру. -Жиын деген не? -Жиынды қалай құрамыз? Оқушыларды топқа қалаулары бойынша бөліп, топпен жұмыс жасауды ұсынамын. |
Әр партаға: қағаз; геометриялық фигуралар топтамасы; “тең жиындар”, “тең емес жиындар” деп жазылған парақтар;
жиындар тақырыбына слайд. |
||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут
|
1-тапсырма. Топтық жұмыс Тап және салыстыр. Балаларға әр түрлі суреттер таратылады. А3 қағазының басында жиын атауы жазылады. Балалар сол жиынның құрамына кіретін элементтерді суреттердің ішінен таңдап алып, А3 қағазына жабыстырады. Жұмысты бітірген топ жұмысын қорғайды (көкөністер, жемістер,сүт өнімдері, тәттілер). Топта өз пікірлерімен алмасуға уақыт беремін. Құралған жаңа жиынды атап беруін сұраймын. Оларға әр жиындағы элементтерді санауды ұсынамын.(д.2-тап 3ұпай слайдтан көрсетемін)
Қалыптастырушы бағалау: әр оқушы дескриптор арқылы өздерін бағалап отырады Ширату сәті: Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Оң аяқ, сол аяқ Жаттығу оңай-ақ
2-тапсырма . Топтық жұмыс Белсенді оқыту (көрсету және моделдеу) Оқушыларға әр партаға қағаздан жасалған геометриялық фигуралар топтамасын дайындап қоямын. Оларға жиындағы элементтер саны әртүрлі үшбұрыштар мен шаршылардан жиын құрау керектігін айтамын. Тақтаға бір оқушыны шақырып, оған отырған оқушыларға сұрақ қойғызамын. Мысалы: “Кімнің жиынында 3 үшбұрыш және 4 шаршы бар?” — деген сұрақ қояды. Оған сыныптағы бірнеше оқушы қол көтеруі мүмкін. Осы оқушылардың жиындары туралы өзара “тең жиын” деп айтуға болатынын және оның не себепті “тең жиын” деп айтылатынын сұрап, жалпы сыныппен “тең жиын” деген ұғымға тұжырым жасатамын. Содан кейін осы тәріздес бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтардың көмегімен тағы басқа кімде “тең жиындар” бар екенін анықтатамын. Тапсырманы талдап, сыныппен біраз жұмыс жасаған соң қолын мүлде көтермеген оқушыларды тұрғызып, олардың не себепті қол көтермегенін айтқызып, өз тұжырымдарын жасауды ұсынамын. (Олардың жиындары сыныптағы ешкімнің жиынымен тең емес. (д.1-тап 3ұпай)
Қалыптастырушы бағалау: әр оқушы дескриптор арқылы өздерін бағалап отырады 3 – тапсырма. Берілген жиынға тең және тең емес жиынды тауып жазу. Жеке жұмыс Саралау (қарқын,қолдау көрсету және диолог) Берілген жиынға тең жиын жаз және тең емес жиын жаз. Мысалы: 1 3 5 7 9 осы сандарға тең жиын. Ана, әке, ұл, қыз; осы сөздерге тең емес жиын
|
Заттардың суреттері
Тілек ағашы
|
||||||||
Сабақтың соңы 10 минут |
Кері байланыс: «Тілек ағашы» әдісі арқылы жүзеге асады. Сенің бүгінгі көңіл-күйің қандай? Сабақтан қандай әсер алдың? Саған қай тапсырма күрделі болды? (Тақтада «Тілек ағашы» ілініп тұрады. Оқушылар алдарындағы стикерлерге өз пікірлерін жазып, ағашқа әкеліп іледі.)
|
|
||||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы |
||||||||
Оқу мақсатына сәйкстендірілген тапсырма бойынша саралаудың «Қарқын», «Диолог және қолдау көрсету» тәсілін жүзеге асырамын. Оқушыларға жеке жұмыс беремін.Әр оқушы өз бетінше берілген жиынға тең және тең емес жиындар құрады. Тапсырманы тез орындаған оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. Жай орындаған оқушыларға қосымша уақыт беріп, қолдау көрсетемін. Белсенді оқу –-тапсырмада белсенді оқу әдісінің «көрсету және моделдеу» тәсілін қолданып, геометриялық фигуралардан жиындар моделін құрастырды. |
Критериалды бағалаудан шығады Оқушылар бағалау парақшасынан дескриптор бойынша өз ұпай сандарын санайды. Сол арқылы бағаланады. Мысалы: 7-8ұпай өте жақсы 5-6 ұпай жақсы 3-4 ұпай орташа 1-2 ұпай төмен
|
Оқушылар сынып ережесін, оқушы ережесін және қауіпсіздік ережесін сақтайды |
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген