400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жиындардың қиылысуы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып жас мамандар үшін қажет деп ойдаймын. топтық жұмыста сабақ өтудің тиімді екенін көрсеткім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: математика

Сабақтың тақырыбы: Жиындардың қиылысуы.

Көпұлтты Қазақстан.

Мұғалімнің аты-жөні: Балтаболатова Б

Күні: 13.12.2017ж

СЫНЫП: 2 «А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.4.1.2. Сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі, сандар тізбегіндегі орны жəне басқалары бойынша сандық жиындарды құру жəне жіктеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: • сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі бойынша сандық жиындарды құрады жəне бөледі.

Көпшілік оқушылар: • жиындар тобына атау таңдайды.

Кейбір оқушылар: • таңдалған белгі бойынша сандар тізбегін құрады.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология. Жиындар қиылысы. Жиын элементтері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер. Талқылау.

  • Жиын құрыңдар.

  • Жиынға атау беріңдер.

  • Жиын элементтерінің санын санаңдар.

  • Жиындар тобына атау таңдаңдар.

  • Екі жиынның қандай элементтері қиылысатынын анықтаңдар.

Жазу. Жиын атауын жазуға арналған латын əліпбиінің бас əріптері, жиын элементтерінің атауын жазуға арналған латын əліпбиінің кіші əріптері.

Тірек білім

Жиындардың бірігуі, жиындардың қиылысуы.

Алдыңғы оқу

жиын құрауды және элементтерін атай алады.

Бағалау критерий

-Сандарды жазылуындағы цифрларының саны бойынша (бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы) топтайды

-Жұп және тақ сандарды ажыратады

-Сандарды сандық тізбектегі орны бойынша жіктейді

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Шаттық шеңбер.

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!

«Қазақстан өз шаңырағының астында əртүрлі ұлттар мен мəдениеттердің өкілдерін біріктіріп отыр. Біз əртүрлі ұлттардың өкілдері өз Отаны деп есептейтін елде тұрып жатырмыз. Ал олардың тілі, мəдениеті, дəстүрлері еліміздің қайталанбас келбетін, оның байлығын құрайды.

  • Біз қандай мемлекетпіз?

  • Алда қандай мейрам?

  • Қазақстан тәуелсіздігі қашан қабылданды?

  • Біз осы Тәуелсіз Қазақстанның қандай ұрпақтарымыз?

Топқа бөліну: Лента түстері арқылы.

1 - топ. «Достық».
2 - топ. «Ынтымақ».
3 - топ. «Бірлік».

4 - топ. «Татулық»

Шаңырақ

Түрлі түсті лента

суреттер

слайд

Өткенді қайталау


Жаңа білім

10 минут




Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді бекіту.Топтық жұмыс.

  • Әр жиынға атау бер. Әр жиынға тиісті және тиісті емес бір элементтен ойлап тап және жаз.

Қызығушылығын ояту.

  • Қазақстан Республикасында қандай ұлттардың өкілдері тұрады?

  • Жиынды – Қазақстан халқын құрайтын ұлттарды атаңдар.

  • Барлығы қандай тілдерде сөйлей алады?

Сұхбат барысында біз сабағымыздың тақырыбына жақындап қалғанымызды байқамай қалдық. Бүгінгі сабақта біз жиындар құрамыз, олардың ортақ элементтерін табамыз.

Оқулықпен жұмыс.

1-мысал. Топтық жұмыс. Менің достарым бар.

  • Бұл балаларды екі жиынға бөл

  • Кім екі жиындада тұр?

  • Шеңбердің қиылысуында кімболуы мүмкін?

Оқулық,

слайд

гүлдер, ағаштар суреттер. Шеңбер

А4 парағы маркерлер

слайд


Оқулық суреттер Венн диаграммасы

А4 парағы

слайд

Ортасы

10 минут




Топтық жұмыс.

2-мысал. «Алғырлар тобы» ойыны. Мақсаты : топ жылдамдығын, ынтымақтастығын, зеректігін байқау.

32, 27, 47, 11, 45, 12, 100, 300, 400, 200

  • Екі таңбалы сандар жиынына жататын сандарды ата.

  • 40-тан үлкен сандар жиынына жататын сандарды ата.

  • Қиылысқан тұсына қандай сандар орналасқан?Shape2 Shape1

32 100

27 45 300

Екі таңбалы 11 47 400 40-тан үлкен

сандар жиыны. 12 200 сандар жиыны

Ойын. «Ойлан , тап»

3-мысал. Карточкадағы сандарға қара. Сандар жиынын құрастыр. Жиындардың әрқайсысында неше элементтен болды?

1 - топ. «Достық» а) Екі таңбалы сандар.
2 - топ. «Ынтымақ». ә) Бір таңбалы сандар.
3 - топ. «Бірлік». б) 50-ден артық сандар.

4 - топ. «Татулық» в) Толық жүздіктер.

Сандар, Венн диаграммасы

слайд







«Ойлан, тап»

Тапсырма карточкалары

Топ марапаттау

«Алғырлар тобы»

слайд

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сəті ретінде шағын жаттығу

– Ұлдар жиыны тұрыңдар.

– Қыздар жиыны тұрыңдар.

– Аттары дауысты əріптен басталатын ұлдар жиыны қолдарыңды бұлғаңдар.

– Аттары дауыссыз əріптен басталатын қыздар жиыны бастарыңды изеңдер

– 2-сынып оқушыларының жиыны бір орында айналыңдар.

– Біздің сыныптың ұлдар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар

– Біздің сыныптың қыздар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар

Сергіту сәті

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

4 – мысал. А) ауызша Ә) Топ басшы сайысы.

А) Сандарды жуық ондыққа дейін толықтыр.

1 - топ. «Достық» 89, 67
2 - топ. «Ынтымақ». 58,29
3 - топ. «Бірлік». 78,99

4 - топ. «Татулық» 59, 57

Ә) Топ басшы сайысы. Есепте.

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы тапсырма

Тапсырма

Сандарды 100 санының алдында және кейін орналасқан сандар тобына жіктеп жаз. 76, 28, 228, 130, 101, 99, 90, 102.

100-ге дейінгі сандар тобы: ______________________

100-ден кейінгі сандар тобы: _____________________

Дескриптор Білім алушы

− 100-ге дейінгі сандарды анықтайды;

− 100-ден кейінгі сандарды анықтайды.

Оқулық

Сандар

Топ басшы сайысы

Марапаттау


слайд



Тапырма

Бағалау тақтасы

смайликтер


Кері байланыс

3 минут

«Шкала» социометриясы. Өзін – өзі бағалау.

Шкала суреті

слайд

Үйге тапсырма: 5-мысал. 55 бет

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

АКТ-мен байланыс

Жаратылыстану пәнімен байланыс

Қалыптастырушы тапсырма

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
7111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі