Ашық сабақ Жж дыбысы мен әрпі. 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жж дыбысы мен әрпі. 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып яғни 1-сынып мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Сабақ: сауат ашу

Мектеп: 48 орта мектеп

Күні:25.01.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Туребекова М.Ж.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлімі:

Сабақ тақырыбы

Табиғатқа саяхат

Жж дыбысы мен әрпі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.9.1 Әріпті тану. Ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін ( буындап оқу, жиі кездессетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе сұраққа жауап беру. (мұғалімнің көмегімен)

1.1.9.3 Сөдің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы ,мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


Сабақ мақсаттары

1.2.9.1 Әріпті тану. Ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін ( буындап оқу, жиі кездессетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе сұраққа жауап беру. (мұғалімнің көмегімен)

1.1.9.3 Сөдің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы ,мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

Әріпті тану. Ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре алады.

Сөдің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады.

Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі жіне сұраққа жауап бере алады.Табиғатқа саяхат және Жж дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Бағалау критерийлері


  • Әріптерді таниды және ажыратады.

  • Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

  • Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

  • Суреттерді сөзбен атайды.

  • Сөзде қанша дыбыс барын анықтайды.

  • Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Табиғат-природа-nature

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді айту.

Ж дыбысының дауыссыз екенін білу.

Сөздерден сөйлем құрау.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық,өмір бойы білім алу, құрмет,жауапкершілік,шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Электронды оқулық жазылым , сергіту сәті.

Бастапқы білім

Ж дыбысы мен әрпі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы:

5 мин





















Сабақтың ортасы

20 мин



































































































7 мин













Сабақтың соңы

8 мин










І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері»

«Амандасу» жаттығуы. Қарым –қатынас амандасудан басталады. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Егер тақтада Күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге қарап күлімдейміз. Күн бейнеленсе.алақанымызды ұстап жылу сыйлаймыз.Қол бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз. Жүрек бейнеленсе,құшақтасамыз.


Балалар біз қай бөлімдеміз ?

Бізді қоршаған не?

Табиғат бөліктеріне нелер жатады?

Табиғат нешеге бөлінеді ?

-Ендеше мен сендерді табиғат бөліктері бойынша топқа бөлемін.

Топқа бөлу.

1топ – Күз

2топ – Қыс

3-топ – Көктем

4-топ – Жаз



Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Ашық микрофон» әдісі

Топтағы кез-келген бір оқушы сұрақ қояды , екінші оқушы жауап береді.

-Дыбыс дегенімз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Ә дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай буынында кездеседі?

Әр топ өз аттарына дыбыстық талдау жасайды.

ҚБ: сөздер беру арқылы мадақтау

Ойлан тап (суретпен жұмыс) арқылы жаңа сабаққа көпірше саламын.

-« Жүзім, жұлдыз, қонжық, жұмыртқа, жарқанат, жылан, жеті, жүзік» сөздері қай әріптен басталып тұр? Ж-Ж-Ж

Ж- дауыссыз қатаң, өз алдына буын жасай алмайды

Ж- дыбысы сөздің басында , ортасында кездеседі.




Белсенді оқу әдісі

Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқу әдісі.


жаға жалау жасыл жақсы жылтыр жарыс

жаса жасау жайлау жаман жауын Жарас

Дескриптор: Білім алушы

Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды

ҚБ: Арқа қағу

Ат жарысы туралы интербелсенді тақтадан суреттер көрсетемін.


«Ат жарыс» 2- оқушыны шығарып Ж дыбысы бар он сөз айтып жарыстыру.


Дескриптор

  1. Сөздерді дұрыс табады

  2. Сөздерді қатесіз оқиды.


Кері байланыс:

ҚБ. Мадақтау сөздер арқылы бағалау

Сергіту сәті



Топтық жұмыс.

Күз тобы- «Сөздер банкасы» сөздерді оқып, буын санын анықтау.


І-топ


«Сөздер банкасы» сөздерді оқып, буын санын анықтау.


жаға жалау жасыл жақсы жылтыр жарыс

жаса жасау жайлау жаман жауын Жарас


Дескриптор:

1. Ж әрпіне байланысты дұрыс сөздерді дұрыс оқиды.

2. Буын санын анықтай алады.


ІІ-топ

«Жаңбыр тамшылары»

Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады?

Дескриптор:

1.Тиісті әріптерді дұрыс тауып қояды.

2. Сөздер құрай алады


ІІІ-топ

Мәтінді ретімен құрастыру.

Жарыс

Жарыс, жарыс! Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

Дескриптор:

1.Берілген мәтінді құрастырады.

2. Сөйлем құрай алады.


ІV-топ

«Өз орнын тап» ойыны



Дескриптор:

1.Сөздерді оқи алады.

2.Сөздердегі буын санын анықтай алады.

Кері байланыс:

ҚБ:топтар бірін-бірі бағалау. Отшашу,шапалақ, бағдаршам, басбармақ





Дәптермен жұмыс

а) Ж әрпін жазу үлгісін түсіндіру

ә) Құм терапиясы.

б)Көркем жазу.


Дескриптор: Білім алушы

Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.
Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды.

ҚБ.мадақтау сөздер жапсыру

Сабақты бекіту.

«Киім ілгіш» әдісі: Т.Ж

1-3топ: Кім?

2-4топ Не? сұрақтарына жауап беретін сөздері бар киімдерді киім ілгішке іледі ?

Дескриптор:

1.Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажыратады.

2.Сөздерді дұрыс оқиды.

Кері байланыс:

ҚБ:Басбармақ



Рефлексия:Ағашты безендір


-Сабақ ұнады ,сабақта белсенді болдым, тапсырмаларды дұрыс орындадым .Өзіме ризамын!



- Тапсырмалар орындауда сәл қиындықтар кездесті, бірақ мен орындадым.Өзіме ризамын!


-Сабақта тапсырмалар қиын болды , маған көмек керек!



































Picture 109





Оқулық















музыка ырғағымен жаттығу жасайды















































Дәптер ,қаламсап













сөздер жазылған қима қағаздар























Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдауды үнемі қажет ететін оқушыларға саралаудың «Диолог және қолдау көрсету» тәсілі бойынша тапсырманы орындату барысында жан-жақты әрі нақты көмек беремін.

Бағытталған сұрақтар арқылы оқу мақсатына жетуге ынталандырамын.Қабілеті жоғары оқушыларды әрі қарай танымдық қабілетін арттыру мақсатында өз бетінше дерек көздер тәсілі бойынша ақпараттар жинау,өз бетінше білім алуға дағдыландырамын.


Білім алушылырдың деңгейлерін анықтауда қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.



« Басбармақ» арқылы бағалау



«Бағдаршам» арқылы бағаладым.



Смайликтер арқылы бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Алтын ереже таныстырылады

Топ ережесін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына (ОМ) қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттықкезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.


2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1


2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі