400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жобаның презентациясы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі 5.4А: Жобаны жасау және қорғау





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қуаталы А.Қ.

Сынып: 5 Ә

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жобаның презентациясы

Осы сабақта жететін мақсаттар (оқу жоспарына сілтеме)

1.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау
1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Қазіргі жағдайдағы жалпы ғылыми және жалпы интеллектуалдық сипаттағы біліктілік пен дағдыны қалыптастырады
Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамытады
Көбі: Нақты шешімдер таңдауға бағытталған ой-өрісін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін арттыру..
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. 

Жетістік критерийлері

Жобаның міндеттерін қою кезеңін түсінеді ойын бағдарламалар құрастыру ортасында пайдалана алады
Жобаның қателерін анықтап көрсетеді және мүмкін болатын жақсарту жолдарын ұсынады анимацияның жасалу нәтижесін бағалайды

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Жобаның міндеттерін қою кезеңін сипаттай алады;
анимацияны жасау тәсілін таңдау себебін дәлелдей алады; 
жобаның міндеттерін талқылай алады;
осы кезеңдегі іс-әрекетінің нәтижесін күнделікке жаза алады 
Пәнге тән лексика мен терминология:
алгоритм, бағдарламалау ортасы, эргономика, қабаттар, командалар, сценарий (әрекеттер реті), спрайт, скрипт, айнымалы, блок-схема, орындаушы, анимация, алгоритмді ұсыну тәсілдері

Құндылықтар





Жоба міндеттерін қою кезеңіндегі топтық және жұптық жұмыс кезінде өзіне және өзгеге деген құрмет 

Пән-аралық байланыс

Жобалар өнер, биология тәрізді пәндік облыстардың негізінде құралады 

Алдынғы білім



ойын программалау тілі Scratch және Logo программалау тілінде бағдарламалау






Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастырушылық кезең

Аялы алақан
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып тұрады. Оқушылар 1 жылы сөзден айтып шығады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Бағалау парақшасымен таныстыру

Scratch бағдарламасының кейіпкерлері арқылы 2 топқа бөлу

«Ыстық орындық » әдісі арқылы үй жұмысын сұрау

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырып бойынша оқушылардың білімін актуалдау үшін мұғалім сұрақ қояды: Презентация құру үшін нені білу, нені жасай білу керек?
Бұрынғы уақыттарда баяндамашылар ватман қағазға әртүрлі схемалар, кестелер, формулалар, диаграммалар салып, кнопкамен тұрғызып жүретін еді.
Мультимедиа – біруақытта ақпаратты әртүрлі жағдайларда көрсетуге көмектесу технологиясы (сандарды, мәтіндерді, графикаларды, анимацияларды, дыбысты, бейнефильмдерді).
Слайд сияқты презентация және бейнепрезентациялар жоғары дәрежеде көрініп келеді. Көптеген көңілдерді өздеріне аударады.
Бұл тақырып жоғарғы сыныптар үшін маңызды, өйткені олар ғылыми жоба жұмыстарын, баяндамаларын, рефераттарын қорғауда үлкен көмегін тигізеді.

Bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсету.

Практикалық жұмыс

Оқушылар компьютерлерге отырып “Менің сүйікті қалам” тақырыбына шағын презентация жасайды.
Сабақты бекіту

Plickers бағдарламасы арқылы тест алынады.

Оқулық, видео материалдар, дәптерлер.






Сабақ соңы


Рефлексия
«Желпуіш» (Веер)әдісі. Оқушылар қағаздан жасалған желпуішке бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі