400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жол белгілерін білеміз бе? " Сын есім және шырай түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне пайдасы тиер деп ойладым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Сынып : 5 «Ә»

Пәні: қазақ тілі

Күні: 19.02.2020ж

Мектеп

«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» кмм

Пән мұғалімі

Ақшолпан Саттарова

Бөлім

Көлік және жол белгілері

Бөлімше

«Жол белгілерін білеміз бе?» . Сын есім және шырай түрлері

Қатысқандар-18

Қатыспағандар-

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.2.1-лексикалық ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану

ӘТН 5.4.3.1.- Сын есімдердің , шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:лексикалық ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тануды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды.

Кейбір оқушылар орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын шығармашылық жұмыстарында қолдана алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Жол белгілері туралы сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қатысты өз ойын білдіріп, баға береді. Сын есімдерді табады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жол белгілері, тыйым салу, ескерту белгілері, сын есім

Ишара: бармақ көрсету, бас изеу

Алдыңғы оқу

Жол белгілері туралы біліп келу

Бағалау критерийлері

Ойлау деңгейлері: білу, түсіну.

-Жол белгілерін ажыратады.

-Сын есімді анықтайды.

Құндылықтарды дарыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут




Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ. Бағдаршам тобы

2-топ. Аялдама тобы

3-топ. Жаяу жүргінші тобы

Шаттық шеңбері «Сәттілік тілеу!»

1-тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау. «Конверттік сұрақ» әдісі 1-балл

Кері байланыс: Қол шапалақтау



1-топ. Бағдаршам тобы

2-топ Аялдама тобы

3-топ. Жаяу жүргінші тобы








Сабақтың ортасы 30- минут

1-тапсырма













8 минут



























































5 минут













3 минут













2 минут







3 минут





















4 минут





















5 минут

2-тапсырма.

Қазақтың бас ақыны-Абай. Абай Құнанбаевтың туғанына -175 жыл.

Ойжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

«Ойлан тап» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Жол белгілері не үшін керек?

Егер жол белгілері болмаса қалай болар еді?

Неліктен жол белгілері біз үшін маңызды


Оқу мақсатымен таныстыру

3-тапсырма

«Ашық микрофон» әдісі 2 балл

(Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мәтінге байланысты немесе сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.)

І Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге ақпарат беру мақсатында жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

1) ескерту белгілері;

2) басымдылық белгілері;

3) тыйым салу белгілері;

4) міндеттеу белгілері;

5) ақпараттық-көрсеткіш белгілері;

6) қызмет көрсету белгілері;

7) қосымша тақтайшалар.

ІІ

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта

Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек? Соған қарап ұғасың.

Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар

Әлденеге қатаң тыйым салады.

Өміріңді қорғауға олар арналар,

Білмеген жан өкінішке қалады.

«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,

«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді.

«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,

Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».

Белгілердің мәнін білу — мықты күш,

Келесісі — шеті қызыл үшбұрыш.

Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,

Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.

Темір жолға таяп әлде қалдың ба?

Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?

Мекені ме жабайы аң мен малдың да?

Соның бәрін біліп ал да абай бол,

Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.

Белгілердің сырын еске сақтап ал,

Болашақта жүресің ғой талай жол.

Дескриптор:

1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

2.Негізгі және қосымша ақпаратты таба алады.

3.Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады.

Қ.Б «Басбармақ»


4-тапсырма

Топтық жұмыс. 2-балл

1-топ. Бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіріп жазыңдар.

2-топ. Мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттен көрсетіңдер.

3-топ.Сын есімді қатыстырып,өздерің жақсы білетін жол белгісін сипаттап, мәтін жазады

Қ.Б. «Бас бармақ»


5-тапсырма 3-балл

Жұптық жұмыс. «Жалғасын тап» әдісі. Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын.

Асқақ     тәтті-----     жақсы-----     аласа

сымбатты       ә----------       а-----------      л------

қасқа    т---------        қ-----------      а------

ақылды    т---------        с-----------      с-------

қоңыр    і----------       ы-----------     а-------

  1. Жұппен жұмыс жасайды.

  2. Сын есімдерді табады.

  3. Бір-бірін бағалайды


Сергіту сәті: Абай әні «Көзімнің қарасы»


6-тапсырма

«Кім жылдам?» әдісі 2-балл

Сын есім-салыстырмалы шырай-күшейтпелі шырай

Әдемі Әдемілеу, әдемірек әп-әдемі, ең әдемі

Терең тереңдеу, тереңірек өте терең, аса терең

Биік биіктеу, биігірек тым биік, ең биік

Б\К: Сын есімнің шырай түрлерін жазады

Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай түрлеріне аажыратады

Кері байланыс «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалау

7-тапсырма

«Еркін жазу» әдісі арқылы топтық жұмыс
Ақындарша жырлаймын... Оқушылар шығармашылғы

_________________________________білейік,

_________________________________сүрейік.

_________________________________боп,

_________________________________жүрейік

Б\к:

Жол ережесімен байланыстырады.

Өлең шумағын құрастырады.

Шығармашылықпен айналысады.

ҚБ «Бас бармақ»

7-тапсырма

«Топтық жұмыс» әдісі

  1. «Жол белгілерін білудің қандай маңызы бар?» деген сұраққа шағын мәтін құрап жазыңдар

  1. Жол белгілерін есіңе түсіреді

  2. Жол белгілерін білудің маңызын топпен талдайды

  3. Мәтін құрауда сын есімдерді қолданады.

Кері байланыс . «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Жол

белгілерінің суреті, ақ қағаздар,



Жол белгілері суреттері, сын есім туралы мәліметтер





Ноутбук, тыңдалатын мәтін, А3 парақшасы, маркерлер







Слайдта берілген жол белгілері

Соңы 5 минут

Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»

Мен үшін...

Үйге тапсырма: 4-тапсырма

Бағалау : «Бағдаршам» әдісі











Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай

түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?




АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс.


Жетелеу сұрақтарын жас ерекшеліктеріне қарай қою және мадақтау арқылы бағалауды жүзеге асыру . Үй тапсырмасын «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы сұрадым, өйткені оқушылардың өтілген тапсырмаларды еске түсіруіне көп пайдалы. Жаңа сабаты түсіндіру үшін «Ойжұмбақ», «Ойлан тап» «Ашық микрафон» әдісін пайдалану арқылы түсіндірдім. «Жалғасын тап» әдісі оқушылардың жұптасып жұмыс істеуіне ыңғайлы. «Кім жылдам» әдісі арқылы жеке жұмыс жасалды. Бұл жұмыс барысында оқушы жылдамдыққа және өз ойын нақты жеткізуге тиімді болды. «Еркін жазу» әдісі арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуға, өз ой-тұжырымын нақтылауға ұмтылады. Топтық жұмыстар оқушының бір-біріне деген сенімділігін ұялатады және шағын мәтін жазуға бейімделеді. «Bilimland.rz» бойынша тест тапсырмаларын орындады. Сабақ соңында «Бір ауыз сөз » арқылы оқушылар түйінді ой айтып, кері байланыс жасады.

Оқушыларға мəтінді тыңдайды. Олар жұптасып тақырып қояды.

Қарасөзбен баяндап мәтін жазады.


Оқушы білімін бағалауды қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын.Әр тапсырманы орындаған соң, кері байланыс жасап,қолдау көрсетіп, мадақтап отырамын. «Бас бармақ», «Қол соғу» және «Бағдаршам» арқылы бір-бірін оқушылар бағалап отырды.


Ноутбук, Интерактивті тақта арқылы слайдтармен тапсырмаларды корсету.



Адам өміріндегі жол белгілерінің маңызын түсіну. «Жол қозғалысы ережелерін» жетік білуге баулу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары шынайы ма?

Оқушылар бүгін не

үйренді?

Сабақтағы ахуал

Қандай болды?

Жоспарланған саралау

жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу

болды ма?

Жоспарға қандай

өзгеріс енгізілді?

Сабағыңызға анағұрлым тəн сұрақтарға жауап беріңіз


Қорытынды баға

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын

тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?







Тексерілді: Г.Аждарова

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1257
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі