«Жолда жүру
ережелері»
Тәрбиеші:
-Құрметті ұстаздар және
балалар бүгінгі «Күншуақ» тобының «Жол белгілерін
білейік, аман-есен жүрейік» атты жазғы сауықтыру іс
әрекетін бастауға рұқсат етіңіздер!
Мақсаты:
- Балалардың көшеде жүру
ережелері туралы білімдерін
кеңейту. Ойын арқылы
бағдаршам, негізгі жол, жиек жол,
машина түрлері жайында
нақтылай білім беру. Қарапайым
көшеде жүру ережелерін
естеріне сақтау өзара сыпайы
болуға
тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
-Кәне балалар, бүгінгі іс-әрекетімізді
әдеттегідей шаттық шеңберімен бастайық.
Алтын сәуле арайлы
Бақшамыға тарайды
Қуанышпен шат күліп
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң достар
Қайырлы таң апайлар
- Балалар бізге хат келді ашып
оқиықшы. Хатта былай жазылған екен. «Біз жол белгілері елінің
балалары кездейсоқ оқиғаға тап болдық. Зұлым сиқыршы біздің
белгілерімізді сыйқырлап тастады, сондықтан өте көп жол апаттары
болып жатыр. Сендер хат жазып жіберген жүргізушілерге сендерден
көмек сұрап тұрмыз.»
Тәрбиеші:
-Балалар,
көмектесемізбе?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
-Естідіңдерме, міне жол
белгілерінің қандай жаман жағдайға ұшырағанын, оларсыз, көшедегі
бағдаршамсыз, жол белгілерісіз жүру бәрімізге өте қиын. Біз оларға
көмектесейік.
Балалар:
-Ия
көмектесейік.
Тәрбиеші:
-Ендеше жол белгілеріне
көмектесуге кірісейік. (Осы кезде ортаға кеудесіне жол белгісін
таққан ұл бала Нұрсұлтан шығады. Жылап тұрады).
Тәрбиеші:
-Балалар, бұл
кім?
Нұрсұлтан:
-Мен, жол белгісімін менің
қандай белгі екенімді мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.(
Қолындағы жұмбақ жазылған қағазды тәрбиешіге
береді.)
Тәрбиеші:
Денесі бар, басы бар.
Ал бірақта жаны жоқ,
Үш көзінде жалын-от.
Кезектесіп жұмылар,
Кезектесіп
ашылар.
Жұмбақ шешер кімдер
бар?
(бағдаршам)
Бір тұлпар су ішпейді, жем
жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адамда,
Шылбырын сымға байлап тез
жөнейді.
(трамвай)
Нұрсұлтан:
-Өте дұрыс. Сендер жұмбақты
дұрыс шештіңдер.
Ал енді қараңдар мені таныдыңдарма? Мен «бұрылу»
белгісімін. Мені кай жерден көре аласыңдар?
Балалар:
- Жолдан
көреміз.
Тәрбиеші:
- Балалар сендердің естеріңде
болсын. Велосипедпен негізгі жолға тек 14-ке толған балаларға
рұқсат етіледі. Ал балалар кім жылдам ойынын ойнайықшы. Сендер
қағаздан машинаның бөліктерін тауып жапсырыңдар.( Машина екі түрлі
маркада болады. )
( Ойын соңында «мысық» жүгіріп
кіреді. )
Тәрбиеші:
- Сен
кімсің?
Мысық:
-Мен бағдаршам ғылымының
зерттеушісімін.
Тәрбиеші:
-Жолда жүру ережесін
білесіңбе?
Мысық:
-Мен ережені білмей-ақ жүре
беремін.
Тәрбиеші:
-Олай болса көрейік көшені қай
жерден қиып өтесін!
Мысық:
-Қалай? Төрт аяғыммен өте
беремін.
Тәрбиеші:
-Балалар мысық дұрыс
айттыма?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші:
-Ал, қалай өтуі
керек?
Нұрзат:
Жүргінші,жүргінші.
Есіңде болсын көше қиылысы,
Жер асты, жер үсті жолдарын.
Теңбіл-теңбіл
жолдарды,
Есіңнен ешқашан
шығарма.
Тәрбиеші:
-Дұрыс. Ал сұрағыма жауап
берші. Автобустан түскен соң көшенің келесі жағына қалай
өтесің?
Мысық:
-Автобустың дөңгелектердің
арасынан өтемін.
Тәрбиеші:
-Балалар мысыққа
көмектесейік.
Дархан:
-Автобустың аялдамадан өтуін
күтіп жолдың екі жағына кезек карап сосын өту керек. Жақын маңда
жаяу жүргіншілер жолы болса, сол жерден өту
керек.
Тәрбиеші:
-Мысық енді соңғы сұрағымызға
жауап берші. Көшеде ойнауға болама?
Мысық:
-Әрине шахмат болса ойнауға
болмайды. Машиналар фигураларды құлатып кетеді. Ал доппен ойнауға
болады.
Тәрбиеші:
- Балалар мысықтың айтқанына
келісесіңдерма? Жолда ойнайықпа?
Балалар:
-Жоооқ.
Наргиза:
Қай көше, қай қалаға
барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ! Улкен кіші
баршамызға.
Мысық:
-Рахмет сендерге балалар!
Сендер жолда жүру ережесін жақсы білесіңдер.
Тәрбиеші:
-Қараңдаршы балалар мынау не?
Бағдаршамды көрсетеді.
А.Нұрсұлтан:
Менің атым бағаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Тәрбиеші:
-Балалар, шаршамадыңдарма, келіңдер ендеше
бойымызды сергітіп алайық.
Бағдаршам жанса қызыл боп,
Өтуге жолдан болмайды.
Егер ол жанса жасыл боп,
Өт деп сені қолдайды.
-Ал енді, сендердің
зейіндеріңді тексеріп көрейін. Бағдаршамның қызыл көзі жанса тыныш
отырыңдар, сары көзі жанса-шапалақтаңдар, жасыл көзі жанса-
аяқтарыңмен жүруді бейнелеңдер.
Тәрбиеші:
-Кім бағдаршам туралы тақпақ біледі?
Камшат:
Ашса кезек үш
көзін.
Айтты деп ұқ үш
сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол
ашық!
Мысық:
- Енді бәріміз сиқырланған жол
белгілерін шақырайық. «Жол белгілері» ортаға келіңдер!( Ортаға
барлық жол белгілері шығады).
Қонақтар:
-Балалар, сендерге көп рақмет, бізді сиқырдан
құтқардыңдар.
Енді біз еш қиындықсыз өз міндеттерімізді
атқаратын боламыз. Ендеше біз орнымызға барайық. Сау болыңдар.
(Олар шығып кетеді)
Тәрбиеші:
-Мінекей, балалар, сендер өз
білімдеріңнің арқасында көптеген жақсылықтар жасадыңдар.
Біліміміздің арқасында,зұлым сиқырдың арбауынан жол белгілерін
құтқардық. Өзімізде енді жол ережесін бұзбаймыз. Жол тәртібіне
бағынамыз.
Ережені
бұзбайтын
Тәртіпті қатаң
сақтайтын.
Өзіне де досына,
Сақтықпен бірге
қарайтын.
Зерек біздің достар
бар,
Жол тәртібін бұзбайтын -деп
бүгінгі іс-әрекетімізді аяқтаймыз. Қош сау
болыңыздар.