жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жол жүру белгілері 5-сынып
«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы: «Жол белгілерін білесің бе?»
Қазақ тілі
5-сынып
Жансүгіров ауылы
2019-2020 оқу жылы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7-бөлім Көлік және жол белгілері Күні: 31.01.2020 ж. Сынып: 5- сынып |
Мектеп: Қ.И.Сәтбаев атындағы о/м-г Мұғалімнің аты-жөні: Жұмағұлова А.А
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
||
Сабақтың тақырыбы: |
Жол белгілерін білеміз бе? |
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру 5.ӘТН.4 Сын есімнің түрлерін (негізгі, туынды, дара, күрделі) ажырату, қолдана білу
|
||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтады, сын есімді ажыратады. Білім алушылардың көпшілігі орындай алады:Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар құрастырады, өз ойын дәлелді айтады сын есімнің түрін құрамына қарай ажырата алады. Кейбір білім алушылар орындай алады: Проблемалық сұрақтар құрастырып жауап береді, өз ойын өмірмен байланыстырып айтады, сын есімнің түрлерін орынды қолдана алады. |
||
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы - Мәтін мазмұнын түсінеді. - Мәтін мазмұны негізінде сұрақтаға жауап береді. - Мәтіннен көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
|
||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну және қолдану
|
||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «жол», «ереже», «сақтау», «бағдаршам», «тротуар», «жол серігі» Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін Талқылауға арналған сұрақтар: • «Жол
ережесі» деген не? |
||
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы |
||
Пәнаралық байланыс |
Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым және жаратылыстану |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Қиял мен шындық бірлігі |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
||
Сабақтың басы
(5мин) |
Қызығушылықты ояту. «Кіру билеті» әдісі арқылы оқушылар «Жол ережесін сақтайық» әдісі арқылы сыныпқа жаяу жүргінші жолы арқылы кіреді. Мұғалімнің қолынан билет алады. Сол алған билет түстері бойынша топқа біріктіреледі. (Билеттердің түсі бағдаршам түсі секілді қызыл, сары, жасыл болады) Оқушыларды топқа бөлу.
Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымызға жаяу жүргінші арқылы кірдік және мына түстер қызыл, сары, жасыл сендерге нені еске салып тұр? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ? «Жол белгілерін білеміз бе?»
Сабақтың SMART мақсатын оқушылармен бірге анықтаймыз, талқылаймыз
|
||
Сабақтың ортасы
10мин
10 мин |
Мағынаны тану 1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма. «Ой шақыру» әдісі Тыңдалым алдындағы тапсырма
Тыңдалым Аудиомәтінді мұқият тыңдаймыз. Сол тыңдалған мәтін мазмұнына сәйкес топтық тапсырма орындаймыз. Әр топқа әртүрлі жол белгілері және сын есімнің түрлері таратылып беріледі. Сол бойынша топтық жұмыс орындалады. Қосымша ресурстар таратылып беріледі. «Үштік» әдісі бойынша топтар тыңдалған мәтін мазмұны бойынша 5сұрақ құрастырады. Өзара сұрақтармен алмасады. Дұрыс жауабымен тексеріп топтардың жауабына кері байланыс береді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар
Дескриптор - Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады және жауап береді - Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы Топтық жұмыс 1-топ «Бағдаршам» Дара және күрделі сын есім 2-топ «Жаяу жүргінші» негізгі және туынды сын есім 3-топ «Жақын маңда мектеп бар» сын есім Үш топқа үш түрлі тапсырма таратылып беріледі топтар ортаға шығып «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі бойынша бір-біріне түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалау: «Нысана» әдісі бойынша өз-өзін бағалайды.
|
||
10 |
«Кинометафора» әдісі «Жаңа Қожанасыр» туралы жол ережесін сақтамаған Қожанасыр жайлы видеоролик көрсетіледі. Соны мұқият қарайды да өмірмен байланыстырып рөлдік ойындар көрсетіледі. 1-топ: «Еркін микрофон» әдісі арқылы журналисттің рөліне еніп топтардан сұхбат алады. 2-топ: «Жол қызметкері» рөліне еніп топтарға жол ережелерін түсіндіреді. 3-топ: «Шахмат» әдісі арқылы Қожанасырдың іс – әрекетіне талдау жасайды «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайды.
«Көмек аралы» қажетті ресурстарды, көмекті сол жерден алады (саралау)
Бағалау критерийі:
Қалыптастырушы бағалау: Мұғалімнің кері байланысы арқылы жүзеге асады
Ширату жаттығуы: «Үш дөңгелек» |
||
|
Саралау тапсырмасы Әр топтың ішіндегі бір бір оқушыға қосымша саралау тапсырмасы беріледі 1-тапсырма «Сәйкестендіру» 2-тапсырма «Сұрақ құрастыру» 3-тапсырма «Жол ережесін сақтаудың пайдасы» 4-тапсырма: «Сатылай кешенді талдау» (сын есім бойынша) |
||
Сабақтың соңы 5мин |
Рефлексия Сабақтың басында таратылып берген «Кіру билеті» бойынша рефлексия жасалынады. І топ «ҚҚҚ» әдісі бойынш (қажет, қиын, қызық)
|
||
Қосымша ақпарат |
|||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін, үйренгенін қалай тексересіз? |
||
1Оқушыларды қарқын бойынша саралауды «Көмек аралы» әдісін пайдаландым. Қабілетті оқушыларды тарту мақсатында журналист рөліне және ГАИ қызметкері рөлдеріне дарынды оқушыларды таңдадым.
|
Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», «Ынталандыру», «Нысана» арқылы бағалаймын. Бұл әдістер білім алушылардың бірін- бірі бағалай білуге, шынайылыққа үйретеді. Қалыптастырушы бағалау білім алушының алға ілгерілеуіне, нәтижеге қол жеткізуіне, ынталануына ықпал жасайды.. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген