400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Жол тәртібін білейік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол ережелер мен жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Қойылған сұрақтарға жауап дайындау қабілеттерін, тілдерін, есте сақтау қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Кемелбаева Г.У.

Күні: 09.02.22.

Білім беру саласы/ бөлімі: Денсаулық / Қауіпсіздік тіршілік негіздері

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік

Мақсаты: жол ережелері және жол белгілері туралы білімдерін тиянақтау,түсінігін кеңейту.

ТМ: жолда жүру ережесін сақтауға, мейірімділікке,ұқыптылыққа, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

БМ: жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.

ДМ: қойылған сұраққа жауап дайындау қабілетін, тілдерін,есте сақтау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекіліктер: жол белгілері, бағдаршам, ұшақ,телевизор

Алдын ала жұмыс: жолда жүру ережелері жайлы әңгіме өткізілді.

Сөздік жұмыс: тротуар – жол жиегіндегі жіңішке жол, зебра – жаяу жүргінші өткелі

Билингвальді компонент:бағдаршам – светофор, жолда жүру ережесі-правила дорожного движение.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация -лық қозғаушы







Іздеу- ұйымдас-тырушы










































































Рефлекция -

лық түзетуші





  • Балалар, бүгін біздің топқа қонақтар келді. Қане, бәріміз амандасайық .

  • Сәлеметсіздерме! Здравствуйте!

  • Армысың - Алтын күн!

  • Армысың - Жер ана!

  • Армысың, - жан досым!

  • Жылуыма жылу бер,

  • Міне, менің қолым!


Балалар орындарына отырады

Тосын сый

  • Балалар,қараңдаршы, недеген әдемі ұшақ! Ұшақта жазылған жазулар бар, оқып көрейік.

«Біз -жол белгілері елінің тұрғындарымыз, зұлым сиқыршы барлық жол белгілерін сиқырлап тастады, оларсыз біздің қалада жиі апаттар болуы мүмкін. Көмектесіңіздерші!»

  • Олар бізден көмек сұрайды.

  • Балалар, сендер жол белгілері елінің тұрғындарына көмектесесіңдерме?

  • Уақытты созбай жолға жүрейік. Балалар, көзімізді бір сәт жұмайық. Міне, балалар, келіпте қалдық, көздеріңді ашуға болады. Қараңдаршы,алдымызда екі жол айрығы жатыр,жалпақ және жіңішке жол.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жол жаяу жүргіншінікі?

  • Жіңішке жол қалай аталады? Тротуармен кімдер жүреді? Тротуардың қай жағымен жүреміз?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін білейік» деп аталады.

  • Балалар, жолда жүру белгілері 4 –ке бөлінеді, ескертуші, тыйым салынатын, сілтеуші, рұқсат белгілері деп (әрқайсысына тоқталып суретін көрсету)

Жұмбақ

  1. Барлық таныс жолақтар, біледі балалар, біледі ересектер

  • Оны "зебра" деп те атайды, өйткені оның жолақта -ры бар.

  • Зебра жолда не үшін қажет?

2.Сөйлеуді ол білмейді.

Бірақ тоқта, жүр дейді.


Қ/о: «Бағдаршам» (әуенмен бағдаршамның түстеріне бөлінеді)

  • Балалар, қане ақ жолақ зебрамен бағдаршамның көмегі арқылы жолдан өтіп көрейік.

  • Балалар, бағдаршамға қараңдар, біз бәріміз бағдаршамның жасыл түсі жанғанша үлгермеуіміз мүмкін, мұқият болыңдар!


Сергіту сәті

Балалар әуенмен қимыл – қозғалыс жасайды


Проблемалық ситуация

(Телевизордан суреттер көрсету)

Ойын (таяқшамен)

  • Балалар, автобусқа отырғанда қай есіктен кіреміз?

  • Автобустан қай есіктен шығамыз?

  • Автобусқа отырғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек?

  • Автобустан түскенде кім бірінші түседі, үлкендер ме, әлде балалар ма? Автобус тоқтаған соң арғы жағына қалай өтеміз?

  • Балалар, біз жол белгілері еліне көмектесіп, барлық белгілері шештік. Жол апаттарынан құтқардық.Енді автобусқа отырып, тобымызға қайтайық.


  • Балалар, сендердің жол белгілері жайлы қаншалықты есте сақтағандарыңды көргім келеді. Сондықтан алдарыңда жатқан қима суреттегі белгілерді құрап, айтып берсеңдер.

(балалар бағдаршамның үш түрлі бойынша үш топқа бөлініп, қима суреттерді құрап, айтады)

Д/о: «Бөлшектерді құрастыр»

Мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілетін, зейіндерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

Қорытынды:

Балалар, қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабақ қызықты болды ма? Несімен қызықты?

Балалар, егер бүгінгі сабақ сендерге өте қызықты болса жасыл жұлдызшаны бағдаршамның жасыл түсіне қойыңдар, қызықты болса қызыл түсіне қойыңдар.

Жарайсыңдар, балалар! Сендер жол ережелері мен белгілерін жақсы білетін боласыңдар деп ойлаймын. Енді мен сендер үшін алаңдамаймын. Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін, жол ережесін қатаң есте сақтаңдар! Жолда өте мұқият болыңдар!



Балалар шаттық шеңберде тұрады







Ауа шарына ілінген ұшақ төмендеп келеді

Балалар таңырқап қарайды





Иә, көмектесеміз






Жіңішке жол

Тротуар

Жаяу жүргіншілер







Жаяу жүргіншілер өткелі


Жолдан өту үшін


Бағдаршам





Жаяу жүргіншілер өткелінен жолдан өтеді



Қимыл – қозғалыспен жолдан өтеді




Балалардың жауабы















Бөлшектерді құрастырып, айтып береді




Сабақты қорытады

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: жол ережелерін біледі;

Нені игереді: жол белгілерін танып, атауды;
Нені біледі: жол белгілері жайлы сұрақтарға жауап береді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі