400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Жолда жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол , жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

№18 «Мереке» бөбекжайы МКҚК-ның

директоры: _________Ожахаева А.Б

«______»_____________ 2021 ж




Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық.

Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол , жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, мақал – мәтелдер, өлең жолдары, ойын.

Сөздік жұмыс: жол белгілері, бағдаршам.

Билингвальды компонент: жол белгілері – дорожные знаки, бағдаршам - светофор.

Көрнекіліктер: бағдаршам, видеоролик, жұмбақтар сөзінен слайд.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын.


Оқу қызметі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың оқу қызметі

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.

Амандасу.

Саламатсыздар ма!

Здравствуйте!

Good morning!

Шаттық шеңбері

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін,

«Қайырлы күн!» тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін.

Видео ролик: «Сәлем!Сәлем!»








Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-тырушылық -ізденістік

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар? Айт аттарын атап берші?

-Балалар біз өткен оқу қызметімізде нелермен таныстық?

-Қандай жануарлармен таныстық?



Жұмбақ жасыру.

Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта, жүр дейді.

-Бұл не екен балалар?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

-Бағдаршамның неше көзі бар?Қандай.

-Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші. Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз.

-Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.

-Сендер таңертен балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?

-Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз.

- Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Балалар мен сендерді үш топқа бөліп тапсырмалар берем орындаймыз ба?

Ендеше сендер мынадай үш топ атымен атаймын.

«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» деп үш топқа бөлінеміз.

Әр топқа бөлек тапсырма.

Бірінші тапсырма «Қызылдарға»

Жолдардан қалай өтеміз ?

Екінші тапсырма «Сарыларға»

Бағдаршамның түстерін атап шық?

Үшінші тапсырма «Жасылдарға»

Көлік жүргізетін адамды кім деп атаймыз?

Жарайсыңдар балалар.

Сергіту сәті: «Бағдаршам»

Енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар

«Қызылдарға» жұмбақ

Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

«Сарылырға» жұмбақ

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (жол полициясы)

«Жасылдарға» жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
Сергіту сәті.

Бірінші топқа бағдаршамды жапсырту. Екінші топқа бағдаршам көздерін құрастырту. Үшінші топқа бағдаршамды бояту.

Балалар енді жол ережесі туралы шағын әңгіме тыңдайық. (видео ролик көрсету.)

-Қазір жылдың қыс мезгілі?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Табиғат бұрышымен.


-Қоян, тасбақа,кірпі.





-Бағдаршам.

-Машиналар бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.

-Адамдардың жолдан өтуі үшін.

-Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.

-Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.

-Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.

-Машиналарға кедергі жасамас үшін.




Топқа бөліну.



Тапсырмалар орындау.




Өз топтарына берілген тапсырманы орындау.




Жұмбақтар шешу.




Жұмбақты мұқият тыңдау.






Сергіту сәтін орындау.

















Оқу қызметінің бақылау кезеңі.

-Балалар, жол белгілері дегеніміз не?

-Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге тыйым салынады?

-Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады?


Балалардың білімдерін мақтап мадақтау



Жол белгілері туралы жаттап келу.



Оқу қызметінен алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам қызыметін.

Баланың жасай алуы: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол тәртіп сақтауды.

Баланың меңгеруі: жол белгілері, басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.






































№ 18 «Мереке» бөбекжай-бақшасының МКҚК











Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Жолда жүру ережелерімен таныстыру»



















№12 «Арай» ересек тобының

тәрбиешісі А.Асенова










2020/2021 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
1578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі