жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жолтай Әлмешев "Күн тәртібі"
Пән: Әдебиеттік оқу Күні: 29.11.2019 ж. Сынып: 3 «Д» Мектеп: №143 мектеп-лицейі Мұғалімнің аты-жөні: Абдыкалыкова Г.О. Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны:0 |
||
Сабақ тақырыбы |
Күн тәртібі. Жолтай Әлмешев |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
3.1.3.1 – шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғалараға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау. |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсінеді; Көпшілік оқушылар: күн тәртібін құрады. Кейбір оқушылар: күн тәртібіне байланысты етістіктерді ретімен шеңберге орналастырады. |
|
Бағалау критерийлері |
күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіне алады; күн тәртібін құра алады; әңгімелеп бере алады. |
|
Тілдік мақсаттар |
таң – утро – morning; күн – день – day; кеш – ночь – evening; күн тәртібі – режим дня – daily schedule; демалыс күні – выходной – weekend. Таңертеңгі тамақ –завтрак – breakfast, түскі тамақ –обед – dinner, Кешкі тамақ –ужин– dinner, ұйықтау –спать – sleep. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Күн тәртібін сақтауға дағдыландыру |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд,бейнежазба, |
|
Сабақтың барысы |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы
|
Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал Соғылды міне, қоңырау Біз сабақты бастаймыз! Партамызға отырып, Табыс тілеп өзгеге, Жаңа білім алуға, Алға қадам тастаймыз!
Топқа бөлу. 1-топ: «Тәулік» 2-топ: «Таңғы уақыт» 3-топ: «Түскі уақыт» 4-топ: «Кешкі уақыт»
Жаңа сабаққа кіріспе. «Суреттер сөйлейді» әдісі Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға дайындық жүргіземін. -Мына суреттердің басқы әріптерінен сөз құрау.
Жауабы: «Күн тәртібі» Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн тәртібі» Күн тәртібін білесіңдер ме? Күн тәртібін қалай құрамыз? ҚБ. Жарайсыңдар! Өте тамаша!
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба? Бүгін сол туралы әңгімелесеміз. Күнімізді дұрыс әрі пайдалы өткізу, күн тәртібің жоспарлау негізгі мақсатымыз болмақ.
|
Слайд
Қима қағаздар |
Сабақтың ортасы |
Оқулықпен жұмыс. «Тыңда! Талда! Талқыла!» әдісі «Күн тәртібі» мәтінді мұғалім оқиды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді, талқылап айтады. ҚБ. «бағдаршам» әдісі
Топпен жұмыс. Әр топ Досалының күн тәртібін құруға көмектеседі.
Қ.Б: «Алақан» арқылы бағалау Дұрыс - «Алақан» 1 қате-«үш саусақ» 2 қате –«жұдырық»
Топпен жұмыс. Жағдаяттар шешу. Топтарға жағдаяттар таратылып беріледі. 1-жағдаят.Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. -Сендер не деп айтар едіндер? 2-жағдаят. Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып,дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» деп сөзін құлағына да елемеді. -Қалай ойлайсыңдар , Саматтың айтқаны дұрыс па? 3-жағдаят. Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды.Бірақ ол неден бастарын білмей, дал болды. Ойлана келіп,өзінің күн кестесін құрудан бастады. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті. -Асланның ойы дұрыс па? Сендер қалай ойлайсыңдар?
4 - жағдаят
Қазіргі қоғам жастары салауатты өмір салтын жүргізбейді. Өз сымбаттарына, денсаулықтарына көңіл бөлмейді. Жастардың көбі ғаламтор желілерінде, компьютерде отырады. Бұл олардың дене бітімінің дамуына әсер етеді. Пікірлерін айту
ҚБ. «От шашу» әдісі
Сергіту сәті Видеоролик «Күн тәртібі»
|
Оқулық Қима қағаздар
Қима қағаздар
Слайд Бейне жазба |
Сабақтың соңы |
Жеке жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі Күн тәртібінің ретін анықтап, цифрлармен жазып көрсетіңіз. Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?
Дескриптор - бір аптадағы күн санын анықтайды; - апта күндерінің ретін анықтап, жазады; - аптаның соңғы күнінің атауын жазады.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі
|
Қима қағаздар
Бас бармақтар
|
Кері байланыс
Үйге тапсырма |
Әркім өзінің күн тәртібін жазып келу. |
Күннің суреті Стикер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Күн тәртібіне байланысты сөздерде шеңберге орналастыра алады.
|
Бағалау – оқушылардың материялды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Әр тапсырманың соңында оқушыларды «Үш шапалақ»,«Жарайсыңдар», «Алақан», «Бас бармақ» әдістері арқылы бағалау.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Мектеп және сынып ішілік ережелерді сақтау. Өзара қарым- қатынасқа түскенде сақ болу.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген