Материалдар / Ашық сабақ "Жомарттық пен кеңпейілдік" 3- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жомарттық пен кеңпейілдік" 3- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану ұстаздарына қосымша көмек құралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2021
606
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 21

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Жомарттық пен кеңпейілділік

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділік туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т ережесін қайталап, сабаққа оқушыларды шақыру

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №20 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №21, «Атымтай Жомарт» мәтінін оқып келу.

Тапсырма:

Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар. Мәтінге байланысты сұрақ құрастырыңдар.

  1. Т – ережесі:


3Сабақтың дәйексөзі.

Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес

Халық мақалы
Сұрақтар:

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен?

- Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?


- Иә, балалар жақсылық жасағанда, кем кетіктерге көмектесер болсаңдар, оны жария етпей құпия сақтаған дұрыс, және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымда өмір сүреді. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің болуы шарт емес


4.Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жақсылық қылсаңда,жамандық қылсаңда өзіңе!

Бейнероликті бірге тамашалайық!




5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1.Қол жомарт, жол жомарт, көңіл жомарт дегенді қалай түсінесіңдер? Ой бөлісіп, пікір білдіре отырыңдар.

2.Оқушылар жомарттық туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?



Тапсырма: нүктелер орнына қажетті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді жазыңдар.

Қажетті сөздер:

Жомарт, кең, сыйлық, жолы ашық, жомарт, кең пейілдің, жомарттық.

......... бергенін айтпайды.

.......... жолыңды ашады.

.......... адам аш болса да, тоқпын дейді.

Сыйлқтың жақсысы - шын көңілмен бірге .......

....... болсаң - кем болмайсың


6.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар!

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

 Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



7. Үйге тапсырма

1. №21 – сабақ. Жомарттық және кеңпейілділік туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №22, «Жомарт» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Бүгінгі сабақтан игерген құндылықтарды есте сақтап, жүрек түкпіріне сақтап алыңдар!




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!