жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жомарттық пен кеңпейілділік" 3 сынып
Сабақ :Өзін-өзі тану |
Мектеп: Краснопреснен орта мектебі |
||||
Күні: 12.02.2020 |
Мұғалімнің есімі: Наурызбаева С.Н |
||||
Сынып 3 |
Қатысқандар саны-3 |
Қатыспағандар саны- |
|||
Сабақ тақырыбы |
Жомарттық пен кеңпейілділік
|
||||
Сабақта негізделген оқу мақсаты |
әрбір баланың табиғатына берілген жалпы адамзаттық құндылықтарды айқындау |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: дәйексөздің мағынасын түсініп, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі,музыка |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
Алдыңғы білім |
Ақкөңілділік |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 3 минут
10 минут |
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ – қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “ Мен Нұрмын... Нұр менің ішімде... ”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет Сұрақтар: 1 Қандай сезімде болдыңыздар? 2 Өз нұрыңызды кімге бағыттадыңыз?
Көңілді шарлар (Шарларға смайлик салып,бір-біріне береді.) Үй тапсырмасын тексеру.3 сынып мақал-мәтелді жалғастыру.
Жетімді жебей жүр бейнеролигін көрсету Сұрақтар: - Жақсылық пен жамандыққа қай кейіпкер жатады? Осы туралы қай ақын өлеңін білесіңдер.
Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Бейнежазба
Шарлар
бейнебаян
|
|||
Сабақтың ортасы
2 минут
5 минут
15 минут
3 минут |
Пейілі кең адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп беретін адам – жомарт адам және «жомарттық пейілмен болады» .
Дәйек сөз. Адамның қадірлісі - жомарт кісі
Жүсіп
Баласағұни Сұрақтар: - Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? - Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен? - Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?
- Иә, балалар жақсылық жасағанда, кем кетіктерге көмектесер болсаңдар, оны жария етпей құпия сақтаған дұрыс, және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымда өмір сүреді. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің болуы шарт емес.
Шығармашылық жұмыс
. Жағдаятты шешу. (Тақтада ілінген қар қиыршықтарында жазылып тұрған жағдаяттарға жауап беру).
1
– сұрақ 3
– сұрақ
Постермен жұмыс Жол жомарт,қол жомарт 100 беттегі мәтінді оқып, екі мәтіннің ерекшеліктері мен екеуіне ортақ тұстарын тауып құрастырады,сурет салады.
|
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Сабақтың Соңы
2 минут |
Қорытынды: «Ақкөңілділік, жайсаң мінезділік, дарқандық, мырзалық жомарттықты білдіреді. Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді. Ән орындау Соңғы тыныштық сәтi. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар! |
музыка |
|||
Үй тапсырмасы. 101 беттегі Ермек Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін оқып келу. |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Сынып оптық жұмысқа ыңғайлы түрде жабдықталады. Оқушыларға түрлі әрекеттермен жұмыс жасау ұсынылады.
|
|||||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім ? |
Жомарттық мағынасын түсіне білді
Сынып жақсы көңіл күйде болды.Тапсырмаларды толық орындады.
|
||||
Қорытынды бағамдау |
|||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Шығармашылық жұмыс 2:Постер құру Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Оқушылардың бір-біріне көмек беруі
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген