15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Жөндеу жұмыстарының түрлері мен жасалу мерзімдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ МКҚК
Ф-П-10/6.1
ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА
Өткізілу түрі: Лекция - семинар
Тақырыбы: Жөндеу жұмыстарының түрлері мен жасалу мерзімдері
Орындаған
оқытушы
Заурбеков
М.Н.
Кафедра
меңгерушісі
Байсалова
А.Д.
.
Шымкент, 2019ж
Пәні: «Мұнай газ құбырлары»
Тобы: МГ-01-16
Сабақтың түрі: Лекция - семинар
Сабақтың тақырыбы: Жөндеу жұмыстарының түрлері мен жасалу мерзімдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жөндеу жұмыстары түсінігін меңгерту тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде жөндеу мерзімін анықтау ұғымдарына түсінік беру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында студенттердің өзіне деген сенімін ояту, алғырлыққа, шапшаңдыққа үйрету, әдемілікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой – өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, даралап оқыту, видеоматериалды көрсету әдісімен оқыту.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Мұнай газ құбырларын салу және жөндеу, Мұнай газ құбырөткізгіштерін дәнекерлеу, Мұнай газ құбырларын пайдалану.
Сабақтатың көрнекілігі: видеоматериалдар, сызба қағаздары.
Әдебиеттер:
А) Негізгі әдебиеттер:
Магистралды газ құбырларын техникалық пайдалану ережелері
Магистралды мұнай құбырларын техникалық пайдалану ережелері РД-39-033-02
Магистралды мұнай құбырларын апатты және ақаулардан жою инструкциялары. А.В. Громов. Н.Е. Гузанов Л.А. Хачакли және т.б. Магистралды газ құбырларын пайдаланушыға. Анықтамалақ оқулық. –М.: Недра 1987
Алиев Р.А. Мұнай, мұнай өнімдері және газды құбырларымен тасымалдау –М. Недра,1991
Бунчук А.В.-Газовик спутнигі.-М. Недра 1995ж
Деточенко А.В.-Газовик спутнигі.-М. Недра 1995ж
М.М. Сулейменов және т.б. Мұнай кәсіпшілігіндегі еңбекті қорғау.-М. Омега-Л,2005
Қосымша әдебиеттер:
Моуленов К.С. «ҚР және шетел мемлекеттерінің мұнай құқықтары» Алматы «Жеті жарғы»,2003
Беляева В.Я. және т.б. «Мұнай газ құрылысы»-М.:Омега-Л,2005ж
Ұсынылатын оқу құралдарына тізімі
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Студенттерді бағалау
ІV. Жаңа сабақтың жоспарын хабарлау
V. Жаңа сабақты түсіндіру
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІІ.Үйге тапсырма беру
Жоспары.
ІI. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақтарды қайталау барысында топтағы студенттерді 2 топқа бөлдік. Бірінші топ студенттеріне құбырлардың түрлерін, механикалық қасиеттері, шойыннан жасалатын құбырлар, құбырлардың қолданылатын жерлері туралы айтып өтті (оларға 10минут берілді).
Екінші топ студенттері құбырлардың тасысымалдау жолдары туралы айтты. Құбырлардың эксплуатациялық қасиеттері, олардан жасалынатын құралдар, қолдану аймақтары туралы қарастырды (Жауаптарын айтып берулеріне 10 минут уақыт берілді).
ІІІ. Студенттерді бағалау
Үй тапсырмаларына берген жауаптарына қарай қосымша сұрақтар қою арқылы бағалау
ІҮ. Жаңа сабақтың жоспары
Магистральдік құбырларға жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
Ерекше жағдайларда құбырларды жөндеу
Жөндеуден кейін магистральдік құбырды қолдануға енгізу
Су астынғы өткелдердің құбырларын жөндеу
Батпақ учаскелер, таулы жерлердің құбыр учаскелерін жөндеу
Магистралды құбырлар сызықты бөлігін жөндеудегі озық техника мен технологиясы
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру
Магистральдік құбырларға жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
Желілік-пайдалану
қызметі апаттық-қалпына келтіру және
жөндеу-алдын алу жұмыстарын орындау
үшін материалдық-техникалық қормен
(көлік құралдарымен және механизмдермен)
жабдықталады. Биіктікте жөндеу жұмыстарын
жүргізу кезінде жұмыс басталмай тұрып
жұмыс орны қоршаулары мен сатылары
төсеме тақтаймен жабдықталады. 3 метрден
артық емес биіктікте жиылмалы басқыштарды
қолдануға болады. Белгіленген нормаларға
сай емес дайындалған төсеме тақтайларды,
сонымен қатар кездейсоқ заттарды төсеме
тақтай ретінде қолдануға тыйым салынады.
Газ құбырының үстіңгі жағын тазалау
немесе газ құбырының осы бөлігін
өшіргеннен және оны газдан босатқаннан
кейін оны оқшаулай жабу үшін газ құбырына
сүйеп қоятын механизмдерді қолдануға
рұқсат етіледі.
Қолданыстағы газ құбырлары мен
технологиялық жарылыс қаупі бар
қондырғылар орналасқан жұмыс орындарын,
сонымен қатар жер жұмыстарын жарықтандыру
жарылыстан қорғалып жасалған құралдармен
(шырақтар, ажыратқыштар, электр
өткізгіштермен) жүзеге асырылады. Қысымы
42 В-тан жоғары емес, зауытта өндірілген
қозғалмалы шамдар (шырақтар), аса қауіпті
(ор, құдық, ыдыстар және т.б.) және
ылғалдылығы жоғары жерлерде – жарылыстан
қорғалып жасалған 12 В-тан жоғары емес
шамдар қолданылады.
Шырақтарды және электр саймандарын
электрмен қамтамасыз ету кәбілі
механикалық зақымданулардан
қорғалады. Газ құбырын
күрделі жөндеу кезінде құбырлардың
жарамдылығын бағалауды кәсіпорын,
Магистральдық газ құбырының
желілік-өндірістік басқармасы және
мердігерлік ұйым өкілдерінен тұратын,
кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссия
жүргізеді. Тесік емес және басқа
зақымданулар анықталған жағдайда
(гофра, механикалық зақымданулар және
т.б.) өтпелі жұмыс қысымы осы учаскеде
ең төмен рұқсат етілген қысымның 30 %-дан
аспайтын мәнге төмендетіледі. Қабырға
қалыңдығының 30%-ға дейін коррозиялық
зақымданулар бар болса (құбырішілік
ақау табу нәтижелері бойынша), қысым
соңғы пайдаланған жылы осы учаскеде
тіркелген ең төмен жұмыс қысымынан кем
дегенде 30%-ға төмендетіледі. Қабырға
қалыңдығының 30%-дан асатын коррозиялық
зақымданулар бар болса (құбырішілік
ақау табу нәтижелері бойынша), газ
құбырындағы қысым толығымен жойылады.
Магистральдық газ құбырының желілік
бөлігін, технологиялық құбырларды
жөндеу кезінде олар механикалық әсерге
ұшыраса, ондағы қысым атмосфералық
қысымға дейін төмендейді. Газды білте
арқылы шығарады. Бұл кезеңде білтеден,
сондай-ақ қозғалтқышы істеп тұрған
машиналардан немесе механизмдерден
200 метрге дейін от жұмыстары жүргізілмейді.
Ашу алдында резервуарлар, аппараттар
суытылады, өнімнен босатылады, істеп
тұрған аппаратурадан және құбыр жүйесінен
ажыратылады, қажет болса, шайылады және
бумен өңделіп, желдетіледі. Артқы ілмегі
бар бітеуіштер жөнделетін резервуарға
тартылған коммуникациялардың бәріне
орнатылады. Газ объектілерінің сенімді
және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету
үшін жөндеу жұмыстарынан кейін кепілді
дәнекерлеу жіктерін орындауға қосымша
талаптар белгіленеді. Кепілді дәнекерлеу
жіктерінің қажеттілігі, орналасуы және
саны ұйымның от жұмыстары жоспарына
және оған наряд-рұқсатқа сәйкес
белгіленеді. Кепілді жіктерді жинау
және дәнекерлеуді операциялық бақылау
үшін жауапты, осындай газ объектілерінде
3 жылдан кем емес дәнәкерлеу-құрастыру
жұмыстарын жасау тәжірибесі бар тұлға
басқарады. Дәнекерлеу жұмыстарына
6-разрядтан төмен емес біліктілігі бар,
аттестаттаудан өткен дәнекерлеушілер
жіберіледі. Кепілді дәнекерлеу жігі
екі сағаттан кем емес уақыт бойы жұмыс
қысымымен тасымалданатын (технологиялық)
өнім (шикізат) арқылы саңылаусыздыққа
тексеріледі.
Магистральдық
газ құбырының желілік бөлігіне техникалық
диагностика жасаудағы басты міндет –
оның техникалық жағдайының өзгеруін
уақытында анықтау болып табылады:
қоршаған ортамен өзара байланыс жағдайы,
газ құбырының қалған қорын бағалау,
Магистральдық газ құбыры желілік
бөлігінің сенімді жұмыс істеуін және
қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету
үшін қажетті шаралар мен жөндеудің
тиімді әдістері.
Құралдарды жөндеу
жөніндегі жұмыстардың мерзімділігі
мен мазмұны осы Қағидалар бойынша
белгіленеді.
Құралдар
мен газ тарату стансалары жүйесі үшін
осы Қағидаларда мынадай қызмет түрлері
мен жөндеу жұмыстары белгіленеді:
1) мерзімді техникалық қызмет көрсету;
2) ағымдағы жөндеу;
3) күрделі жөндеу.
Мерзімді
техникалық қызметтің және жүргізілетін
жөндеудің көлемі мен графиктері жыл
сайынғы жоспарлармен анықталады.
Мерзімді техникалық қызмет – құралдың
жұмыс істеу жағдайын пайдалану құжатында
бекітілген уақыт аралықтары арқылы
қолдау бойынша операциялар кешені.
Ағымдағы жөндеу – жоспарланған кезекті
жөндеу жұмыстарына дейін құралдың
қалыпты пайдаланылуы қамтамасыз етілетін
жөндеу түрі. Ағымдағы жөндеуге жататындар:
тиекті крандардың тығыздамаларын және
бөлшектерін жуу, тазалау, майлау;
сақтандырғыш қақпақшасының қысымын
берілген қысымға сәйкестендіру, корпусын
бояу; газ құбырларының, қондырғылардың,
арматура мен жүйелердің үстіңгі
қабаттарын бояу, шаңтұтқыш ілгекті
арматуралардағы сұйықтықтың ағуын
болдырмау; іргетастарды, қоршауларды
және т.б. ішінара жөндеу және сырлау.
Ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді
жекелеген құрамдас бөлшектерді ауыстыру
немесе қалпына келтіру арқылы жояды.
Ағымдағы
жөндеу кезінде қалған құрамдас
бөлшектердің техникалық жағдайы міндетті
түрде тексеріліп, табылған кемшіліктері
жойылады және реттеу жұмыстары атқарылады.
Құралдар мен жүйеге ағымдағы жөндеу
жүргізу қажеттілігін магистральдық
газ құбыры желілік өндірістік басқармасының
басшылығы жоспарланған алдын ала жөндеу
жасау графиктері негізінде, жоспарлы
тексерістің нәтижелеріне және газ
тарату стансасын пайдалану үдерісіндегі
ескертпелерге сүйене отырып анықтайды.
Қорғауыш қақпақшалары мерзім сайын
бекітуші қысымға тексеріледі және оның
нәтижелері тексеріс актісіне
және 26-қосымшаға сәйкес
ППК баптауына тіркеледі. Редукциялау
сызығында және басқа құралдағы ілгекті
крандарды жөндеу кезінде тұтынушыларға
газ беру магистральдық газ құбыры
желілік өндірістік басқармасы әзірлеген
нұсқаулығына сәйкес айналма желі арқылы
жүргізіледі. Апат жағдайында тұтынушыларға
газ беру сызығында берілген қысымды
қалыпта ұстау да стансаның айналма
желісі бойынша жүзеге асырылады. Айналма
желі бойынша жұмыс істеген кезде газ
тарату стансасының шығысында қысымды
тоқтаусыз тіркеу жұмыстары жүргізіледі,
осыған сәйкес газ тарату стансасында
жұмыс атқаратын қызметкерлердің болуы
міндетті.
Магистральдық газ құбырының
желілік бөлігін пайдалануды жүзеге
асыратын мекеме техникалық диагностика
кезінде алынған ақпараттардың сенімділігі
мен шынайылығына жауапты болады.
Жүргізілген диагностикалық тексерулер
негізінде магистральдық газ құбырының
желілік бөлігінің техникалық жағдайына
бағалау жүргізіледі және оның жұмысқа
жарамдылығы болжанады. Сараптама
нәтижесі бойынша ұсынылған газ құбыры
учаскесін диагностикалау, күрделі
жөндеу және жаңарту жүргізу жоспарына
енгізу нақтыланады. Тексеру техникалық
құралдар мен жабдықтарды қолдана отырып,
газ құбыры учаскесі мен объектінің,
жекелеген тораптардың техникалық
жағдайларын бағалауды нысанаға алады.
Тексеру ішіне қарау да кіреді. Тексеру
бағдарламасы мен әдістерін газ тасымалдау
ұйымы немесе мамандандырылған ұйымдар
дайындайды. Тексеру нәтижелері
объектілерді пайдалануға жауапты
тұлғаларында және газ тасымалдау
мекемесінің өндірістік-техникалық
бөлімшесіндегі тұлғаларда сақталады,
актімен рәсімделеді.
Дұрыс
пайдалынылған машиналармен механизмдерді
толық істен шықты деп есептеуге
болмайды,себебі тез тозатын детальдарын
өз уақытында ауыстыру,реттеу жөндеу
жұмыстарды оның тоқтаусыз істеуіне
мүмкіндік береді.Бұл шараларды қолдану
қымбат түйінді мен детальдарын ауыстыру
жəне жөндеуде оданда көп шығындарды
болдырмайды.
Күнделікті жөндеу жұмыс істеу қабілеті тексеріледі, түйіндерімен механизмдерді реттелінеді. Күрделі жөндеу еңбексыйымдылығы көп жəне өте күрделі жоспарлы жөндеу түрі, күрделі жөндеу жабдықтарды толық шашып қайта жинайды немесе барлық тозған детальдарымен түйіндерін толық ауыстырады не жөндейді. Күрделі жөндеуде жабдықтың техникалық сипаттамасы толық өз қалпына келтіріледі. Күрделі жөндеулер көбінесе жөндеу заводтарда жүргізіледі, қажет болған жағдайда жөндеу базаларда немесе кішігірім шеберханаларда да жасайды. Жабдықтардың техникалық жағдайын, пайдалану дайындығын жəне авариялық бұзылуды болдырмау үшін оларға техникалық қызмет көрсетіледі (ТҚК). Пайдаланудағы жабдықтарда келесідей техникалық қызмет түрлері көрсетіледі: 1. Жабдықтарды монтаждай жинап кейін жұмысқа қоспай тұрып, олардың барлық жалғасқан жерлерін тексереді, приборлармен оның жұмыс істеу қабілетін тексеріп көзден өткереді. 2. Жабдықтар қысқа уақыт тоқтап тұрғанда, жұмыс өтеу сағатының санына қарай оларға күрделі техникалық қызмет жүргізбейді, жабдықтың тек сыртынан қарап, кемшілігі болса түзетеді. 3 Техникалық қызмет көрсетудің периодикалық түрі жұмыс өтеу сағаттар санына қарай теке асады. Пайдалану жəне жөндеулерден əрбір жабдықта физикалық жəне моральдық тозу пайда болады, сондықтан оларды одан əрі пайдалану жəне экономикалық тұрғыдан да тиімсіз.
Жабдықты жөндеуден кейін жаттықтырумен қоса дайындау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты қызметкерлер газ тасымалдау ұйымы (оператор) қызметкерлерінің құрамынан тағайындалады. Газ қауіпті (от) жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарды басқаруды дайындық жұмыстарына жауапты және (немесе) жұмысты жүргізуге жауапты тұлға міндеттерімен қатар атқаруға болмайды. Егер жөндеу жұмыстарын мердігерлік ұйым орындаса, ұйым тарапынан осы жұмысты орындауға рұқсат құжаты берілген ұйым қызметкері жұмыстың басшысы болып тағайындалады. Бұл жағдайда дайындық жұмысынан кейін агрегат жөндеу жұмысы мерзіміне мердігерлік ұйымның актісі бойынша беріледі. Негізгі жөндеу жұмыстары кезінде дайындық жұмыстары газ қауіпті және от жұмыстарының көлемін барынша қысқартады. Магистральдық газ құбыры трассасында, бұрма жолақта немесе автомобиль және темір жолдарының күзет аймақтарында, электр қуатын беру желілерінде, кабельдік желілерде, кеме жүретін өзендер мен кеме жүзетін каналдар өткелдерінде, сонымен қатар басқа ұйымдарға тиесілі жоғары вольтты желілер мен коммуникациялардың түйіскен жерлерінде жөндеу, сондай-ақ дайындық және жер жұмыстарын жүргізу үшін осы жолдар мен коммуникацияларды пайдаланып отырған ұйымдармен алдын-ала жазбаша келісім жасалады. Егер келісімде жұмыстар кезінде ұйым өкілінің қатысуы келісілген болса, соңғысы жұмыс мерзімі мен орны жөнінде алдын ала ескертіледі.
Су астынғы өткелдердің құбырларын жөндеу
Осы топқа су құбырлары мен газ құбырлары үшін, сондайак жылыту жүйелері мен құрылымның бөлшектері үшін қолданылатын цинктелмеген және цинктелген пісірілген болат құбырлар жатады.Ұзындығы бойынша құбырлар 4-тен 12м –ге дейін дайындалады.
Әрбір 5 мм кесіндісі бар өлшеуіш немесе еселік өлшемді ұзындығы бар және барлық ұзындығына бойлық ауытқуы плюс 10 мм құрайтын су өткізгіш құбырлар.
Ұзындығы өлшемсіз су,газ өткізгіш құбырлар.
Дайындаушы тұтынушымен келісу арқылы өлшемсіз болат суөткізгіш құбырларының топтамасында ұзындығы 1,5 –тен 4 м-ге дейінгі құбырлардың 5 % дейін рұхсат етіледі.
Қабырғаның қалыңдығы бойынша плюс жағына қарай шекті ауытқу су өткізгіш құбырлардың салмағы бойынша шектеледі.
Кәдімгі дәлдікпен дайындалған СГӨ болат құбыры су құбырлары, газ құбырлары және жылыту жүйелері үшін қолданылады.
Су газ өткізетін болат құбырлардың ұзындығы бойынша 1 м-ге қисықтығы мынадай шектен аспау керек: 2 мм-20мм-ге дейінгі шартты өтпені қоса алғанда; 1,5 мм – 20 мм-ден артық шартты өтпелі бар.
Батпақ учаскелер, таулы жерлердің құбыр учаскелерін жөндеу
Батбақтан өтетін құбырды жергілікті шарттарға байланысты былай төсеуге болады:
1) траншеяда жартылай және толық шымтезекті алып тастау;
2) фашинді төсем бойынша траншеясыз батбақтың үстінен;
3) шымтезекті шоғырларда шымтезектен тазартылусыз және батбақтың минералды түбінеде жартылай немесе толықтай шымтезектен тазартылғанда салынатын арнайы жасалған себінділерде;
4) тіруішті, аспалы және басқа сүйеулерде.
Батбақтан өтетін құбыр төсеулері мыналардан тұрады:
1) трасса тармақтарының сызықтарын дайындау бойынша әдеткі шаралар, оны кептіру және құбырдың дәнекерлеу секциясын дайындау, ал кейде олардың оқшаулануынан;
2) құбыр төсейтін орынды дайындау;
3) үйіділерде, тіреулерде, траншеяда немесе траншеясыз шымтезекті негіздерде құбырды құрастырудан және төсеу;
4) құбырды салу.
Батбақтан өтетін құбырлар траншеяның суланғанынан немесе суланбағанына байланысты келесі әдістердің бірі бойынша төселеді:
1) қорытбадан кейін немесе бұрын орындалған балластировкалы қорытбалы әдісбен;
2) құбыр плетінің балластирленген тарту әдісі бойынша.
Шымтезекті шоғырда және минералды түп траншеяларында құбырларды төсеу жер асты төсеу әдісі болып табылады. Сепкілдерде және бағаналарда сапалы және басқа тіреуіштерде құбырларды төсеу жер үсті төсеу әдісі, ал шымтезекті шоғыр үстінде құбырды төсеу жер бетінде төселген әдіс болып табылады.
Батбақты құрғату
Магистральды құбырларды батбақтан өткізіп төсеу үшін міндетті түрде батбақты құрғату керек. Батбақтың шымтезекті шоғырларын құрғату сатысы шымтезек негізде құбырларды төсеуде, сондай – ақ батбақта құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізгенде ерекше қажетті отыру мәніне және шымтезектің құрғамаған қабілеттіліге байланысты болады. Шымтезек шоғырларын құрғату құбырды бұру жолында немесе батбақтың бәрінде жүргізілуі мүмкін және ол алдын – ала 6 – 12 ай ішінде жүзеге асырылуы қажет. Құрғату толық және жартылай болуы мүмкін. Толық құрғатуда құрылыс шымтезегінің шоғыры жолында барлық шымтезек шоғырларының түбі құрғайды, жартылай құрғатуда – шымтезек жабынды қуатынан аз тереңдікте.
Жартылай немесе толық құрғату өндірістің құрғату жұмыстарының техникалық мүмкіндіктеріне және экономикалық мақсаттарына байланысты болады.
Құрғату алдында батбаққа байланысты трасса құбырының орналасуын және батбақ аймағын немесе сулы аймақты қарастыратын мәліметтерді алу нәтижесінде батбақты тексереді.
Шымтезекті шоғырды шымтезек шоғырынан ажыратылған сулы арық (құрғатқыш) көмегімен құрғатады. Одан басқа батбақта оның осімен 10 м ара қашықтықта құбырдың екі жағында орнатылған сулы арықтар, сондай – ақ құбырды қоршау үшін және өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Әдетте құбыр трассасының жолын құрғатуда жергілікті нақты еңісті қолданады. Осыған байланысты құрғатушы арыққа судың ағу бағыты таңдалады.
Құрғатушы арықтан басқа құрғатылған батбаққа жақын орналасқан аймаққа судың тасуынан қорғауға арналған таулы арықтар (қоршағыш) ажыратылады. Таулы арықтар жергілікті батбаққа жақын орналасқан бедер сипаттамасына байланысты үздіксіз, үздікті, бейімділік сатысында орналасқан және U – тәрізді болады.
Батбақты құрғату жұмыстары жергілікті таулық және құрғатушы жыраларды бөлуден және трассаны ағаштардан, кустарниктерден және басқа өсімдіктерден тазалаудан басталады. Басында таулы кейін құрғатушы жыраларды орады. Таулы жыралар құбырдың еңісі бойынша құрғатылған алаң шекарасы мен ажыратылады.
Жыралар алдағы уақытта траншеяны қазуға арналған механизмдермен және машиналармен қазылады.
Серпухов – Ленинград газ құбыр трассасын Валдай батбағынан өткізгенде барлық батбақты суды және автокөлік жолдарынан кювет шірінші сұйықтығын жіберіп кептірген болатын.
Осы мақсат үшін бульдозерлер әр 400 – 500 м сайын жол трассасын құрғатып және эксковаторларға жылжуға мүмкіндік беретін және судың көп мөлшерде шірінді сұйықтықбен ой жерлерге ағып кету үшін «шырша» тәрізді су жинағыш науа қазады.
Жыралардың көлденең қима өлшемі гидравликалық есеп негізінде анықталады. Жыралардың бассейн суының шығынын ағысты ескере отырып мына формула арқылы табуға болады:
мұндағы: Q1 – судың шығыны, м3;
z – таулық коэффициенті (тегіс және әлсіз ағашты бассейін үшін z = 10);
μ – топырақ өткізу коэффициенті ( күшті сіңіруде μ = 1,5);
к – климаттық коэффициент ( к = 1);
F – бассейін ауданы, м2.
Судың жырадағы шығыны
Жыраның тереңдігі Һ, оның түбінің ені, құлама коэффициенті және оның еңіс ұзындығы бойынша есептеледі.
Тірі қима ω, абгва алаңына тең;
Смоченный периметр Р, ав + вг + гб ұзындығына тең;
Орташа гидравликалық радиус R=ω/P;
Берілген жыра қимасының орташа жылдамдығы
с коэффициентінің мәндері R – ге байланысты және берілген есептер үшін 1.2.1 кестеден алынады.
Орташа гидравликалық радиусқа байланысты с коэффициентінің мәндері
кесте 1.2.1
R |
C |
R |
c |
0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 |
18 22 25 27 28 |
0,6 0,7 0,8 0,9 1,0 |
30 31 32 33 33 |
Келтірілген υω алдында есептелген Q = 1/4Q1 тең келу керек. Егер υω Q – дан үлкен болса, олар сәйкес келгенше жыра өлшемін кішірейту қажет, керісінше жағдайда үлкейту керек.
Магистральды газ құбырын жөндеу жұмыстары көпшілік жағдайда жоғары қысымда жұмыс жасайтын магистральды газ құбырына жақын жерде жүргізілетіндіктен техника қауіпсіздік ережелерін қатаң бақылау қажет етіледі.
Табиғи газ негізінен метаннан тұрады (98% дейін). Егер онда қауіпті, улы қоспалар жоқ болса, онда газ усыз.
Салалық нормада қарастырылғандай техникалық маман жұмысшыларына арнайы киім, арнайы аяқ – киім және сақтандырғыш құралдар тегін беріледі.
Газды жерлерде тыныс алу мүшелерін қорғау үшін ПШ – 1 түріндегі оқшауланған шлангалы противогаз қолданылады. Противогаз жинағы резиді масқадан, ұзындығы 8 – 10 м иілмелі шланғадан, механикалық қоспадан тыныс алу ауасын тазалау үшін арналған фильтрден, жіпті сақтандырушы белбеуден тұрады. Тыныс алу кедергісі – 20 мм су столб. Жинақ салмағы 8 кг.
Желдеткіш жұмыс жасайтын екі жұмысшыға бір уақытта ауаны бере алады. Шланга ұзындығын 40 м дейін өсіруге болады.
Құдықта және катлоаһванда жұмыс жасайтын адамның сақтануы үшін лямкалы сақтандыру белбеу және сақтандыру жіп қолданылады. Резинді шлем немесе маска, шланга, белбеу және жіп әр қолданудан кейін тексеріледі және қаралады. Көрінетін түсті және көрінбейтін ультракүлгінді және инфрақызыл сәулелерден, сондай – ақ өз кезегінде металдың балқытылған ұшқынынан элект дәнекерлеуші көзін және бет терісін қорғау үшін түсті фильтрлі арнайы шлемдер қолданылады.
VI Жаңа сабақты қорытындылау
Магистралды құбырлар сызықты бөлігін жөндеудегі озық техника мен технология
Магистралды құбырөтiзгiштiң сызықтық бөлiмi құбырөтiзгiштiң өзiнен, тарамдарынан, лупингтен, өшiру және жабу арматураларынан, жасаны және табиғи кедергiлерден, қорғаныс, өртке қарсы құрылыстардан, коррозиядан, электрохим қорғаудан байланыс сызығы, сызықтық өндiрiстiк диспечерлiк құрылыстан, трасса бойымен жүргiзiлген құрылыстардан тұрады. Тарамды құбырларды магистралмен тең берiктi жобаланады. Тармдардың шегi олар: қосу түйiндегi задвижка және соңғы учаскада-территориядағы бiрiншi задвижка. Тарамды құбырларды магистралға екiншi задвижкамен қосады: жер үстiндегi (электр жетегiмен), металды қоршауды екi метрден аз емес биiктiгi және жер астындағы (қолды жетекшiмен1), колодецта орналасқан. Жер астындағы задвижканың нормалды қалпы – түрақты ашық тарамда жөндеу жұмыстары жүргiзiлгенде жабылады, электр жетектi задвижка тарамының жұмысын оперативтiк басқаруға арналған, қосу түйiн лпдс-тың диспечерiмен немесе операторымен тұрақты байланысымен жабдықталады. Тарамдар 10 км-ге дейiн көп жiптi болып жобаланады (әр мұнайға бөлек құбыр салынады), 10 км жоғары бiр жiптi (тiзбек айдау кезiнде).
ҮІІ.Үйге тапсырма беру
Өтілген жаңа материалды оқып келу. Кітаппен және лекциямен жұмыс жасау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген