400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғаілмдеріне екінші деңгей бітірген мұғаілмдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы ,Жуалы ауданы


№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп


Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алтынбекова Жайсакүл Тансыққызы



Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»

Мақсаты: Шалкиіз туралы мағлұмат беріп, «Би Темірге бірінші толғауының» идеялық мазмұнын ашып, көркемдік ерекшеліктерімен танысу.

Міндеттері:

Білімділік – Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Би Темірге бірінші толғауының» идеясы мен поэтикалық тілін талдау;

Дамытушылық – шығармаға поэтикалық талдау жасай алуға төселдіру, өзіндік ой-пікірлерін тиянақты жеткізе алу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту, қорытынды жасауға дағдыландыру;

Тәрбиелік – білімдерін өз бетінше қолдануға, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Оқушылар Шалкиіз Тіленшіұлы өлең-толғауларының тақырыптары туралы біледі, «Би Темірге бірінші толғауының» тәрбиелік мәнін түсінеді, өмірде қолдана білуге дағдыланады.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, салыстыру, талдау, жинақтау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, Шалкиіз жырау шығармашылығына арналған слайд, жырау өлеңдерінен үзінділер. «Бес ғасыр жырлайды» І том. Құрастырғандар: М. Мағауин, М. Байділдаев, Алматы 1984ж.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңберіне тұру

1.Топқа бөлу. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді:

І топ «Жыр»

ІІ топ «Жыршы»

ІІІ топ «Жырау»

3. Топ жетекшілерін сайлау

Миға шабуыл: Топ басшысына топтың атын қорғау тапсырылады.

  1. Жыр деген не?

  2. Жыршы туралы түсінік беріңіз

  3. Жырау дегенді қалай түсінесіз?

Жалпы сұрақ:

  • Толғау деген не?


ІІ. Сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


«Араның ұясы» техникасы.

Шалкиіз жыраудың өмірі мен толғауларының негізгі тақырыптары жайлы өздерініңоқып-білгендері туралы ой бөлісу үшін әр топ бір-біріне кезекпен сұрақ қояды, жауап береді.

2. Толғауларынан жаттағандарын айту. Не туралы екенін, идеясын анықтау.

3. Үй тапсырмасына қорытынды жасау.

IV. Жаңа сабақ:

Электронды оқулықпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

2. Сөздікпен жұмыс

Қу – аққу

Көкшіліден - бұл жерде су айдынында деген мағынада

Арабы торым – бұл жерде ауыспалы мағынада асыл тұқымды дегенді білдіреді

Алдаспан – ауыспалы мағынада наркескен қылыш

Қағба - мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны

Күлік – сәйгүлік, жүйрік жылқы

Кепке – бұл жерде бас деген мағынада

Ғазизлеген – құрметтеген деген мағынада

Көбең –ептеп оңалған, ет алған

Берік – мықты, берік, бекем

Сызашық – жерден шығатын судың көзі

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда аяқ киім мен шалбар балағын қорғайтын ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі

Берен –нағыз шын болат

Берек – мәуелі ағаштар мен түрлі бұталардың үрімі, бұтағы

Бостан – бұтақ, берек, үрім

Шүй – жоғарыдан төмен қарай құлдилай, сорғалай түсу, шүйлігу

Сона – жануарларды шағатын қос қанатты қансорғыштардың ірісі

Сақын – сақтық, қырағылық


3. Толғауды талдау:

  • Толғаудағы Би Темірдің бейнесі

  • Жыраудың өз бейнесі

  • Толғаудағы өсиет сөздер

Толғаудағы көркемдегіш тәсілдер:

  • Метафора деген не?

Толғаудағы метафораны табу.


Аллитерацияны табу.

Анафораны табу.


V. Жаңа сабақты қорыту.

  • Шалкиіз қандай жырау?

  • Тәуелсіз елдің ұрпақтарына өздеріне Шалкиіз жырау болып тілек-бата, ақыл-сөз айтып көріңдер.

VІ. Бағалау.

Оқушылар топ жетекшісінің бағалау парақшасы арқылы бірін-бірі бағалайды.


№


Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасының орындалуы

Жаңа сабақ бойынша жұмыс

Әдебиет теориясы

Қорытындылу

Қорытынды баға

1







2







3







4







5









VІІ. Үй тапсырмасы.

Жыраудың өсиет сөздерін оқи отырып «Жақсыдан – шарапат, Жаманнан – кесапат» тақырыбына өз ойларыңды жазыңдар.

VІІІ.Рефлексиялық кезең.

Сабақ бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі