Материалдар / Ашық сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуындағы ойының маңызы. Ашық сабақ туралы түсінікберу туралы мәлемет беру. Оқушыларды жоспар туралы мәлемет беру туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2021
229
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақтарды өткізу кестесі


Оқу жылы

Күні

Топ

Тақырып

Тыңдаушылар

1




Күн тәртібі-мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті

Студенттер

2




Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті ойын.

Студенттер








Сабақтың жоспары

Поурочный план

Күні/ Дата:

Топ/ Группа:

Пән/ Предмет: Мектепке дейінгі педагогика

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия:

Сабақтың үлгісі / Тип занятия: аралас сабақ.

Сабақтың түрі/Вид занятия: іскерлік ойын

Мақсаты/ Цели занятия: Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуындағы ойының маңызы

білімдік / образовательная: ойындар, олардың жіктелуі, ерекшелігі туралы түсінік беру машықтанумен байланыста көрсете отырып, таныстыру маңызын ашып көрсету.

дамытушылық/ развивающая: Дамыту ойындарын тәжірибе жүзінде көрсете отырып, кәсіби құндылықтарын түрткілеу,танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,Ойлауды белсенді ететін теңеу қабілеттерін дамыту.өз пікірлерін қорғай білу,таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная: Өз мамандықтарын сүйе білуге , жақсы көзқарастармен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ Оборудование: интерактивті тақта, бейнетаспа,нормативті-құжаттар,слайдтық презентация,қима қағаздар,тест сұрақтары.

Сабақтың барысы/ План занятия:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Мақсатқа жету

  4. Жаңа тақырыпты хабарлау.

  5. Материалды бекіту.

  6. Үй тапсырмасы

  7. Қорытынды жасау.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning. Бірыңғай талап бойынша студенттерді тексеру, сыртқы пішініне назар аудару, кімнің жоғын ескеру.


2.Үй тапсырмасын сұрау

Тест тапсырмасы 10 сұрақ

Сұрақ-жауап

Сөзжұмбақ

3.Мақсатқа жету. «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін көрсетіп, үйренгенін нығайтып бекітеді».

Нәзипа Құлжанова


4.Жаңа тақырыпты хабарлау. Бейне таспа қойылады. Бейне таспада 14 балабақша әдіскері тәрбиешіге қойылатын талаптар туралы айтып кетеді..қалай ойлайсыздар тәрбиеші болу үшін осы жеткіліктіме? Қалай ойлайсыңдар?


5.Сабақ барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:

-Тест тапсырмалары 10 сұрақ-өткен сабақтағы материалдарды бекіту мақсатында.


-Нормативті-құжаттармен жұмыс.(білім туралы заң,мемлекеттік үлгі қалып, бағдарламалар) қима қағаздар бойынша талқылап өз ойларын білдіреді.


-Әр топқа арналған ойындар-ортаға шығып .. 14, 61, 5 балабақша әдіскері ,директоры және үш жас ерекшілік топ тәрбиешілері рөлінде ойынға басшылық етеді


-Сергіту сәті. Денсаулықты нығайту мақсатында топпен жүргізілетін жаттығу жұмысы үш тілде студенттер дайындығымен жүреді.


- Студенттерді топқа бөліп өз шығармашылықтарымен осы ойындарды ұйымдастыруларын сұрау.


-Бейне таспаны қарап педагогикалық жағдаятарды шешу ,сұрақтарды талдау.


5.Дәрісті меңгерулерін тексеру

Ойындар...

  1. Дидактикалық ойындар дегеніміз не?

  2. Ерекшелігі неде?

  3. педагогикалық құндылығы неде?

  4. Сюжетті-рөлді ойындардың жіктелуі.

  5. ойындарға басшылық ету

  6. Қимылды ойын тәрбиенің қандай міндеттерін шешеді?

  7. Дидактикалық ойынның бала дамуына әсері?


деген сөзге дәріс барысында алған білімдерін жинақтап жауап беру.Әрқайсысы өз ойларын айтады.


Үй тапсырмасы. Бір үстел-үсті ойынын дайындау.



Әдебиет/ Литература/ Literature:

  1. Отбасы және балабақша \\ Дошкольная педагогика под ред.В.И.Логиновой и П.Г.Саморуковой. М., П., 1988 г. Бабанский Ю. Педагогика, 1983

  2. Дошкольная педагогика под ред. Ядешко В.И. и Ф.А.Сохиной М., П.. 1986 г

  3. Байтұрсынұлы АШығармалары. Алматы 1989


Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры . Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. Ең алғашқы ойын туралы өз пікірін білдірген ұлы педагог Я.А.Коменский. ойын-дегеніміз баланың барлық қабілетін дамытатын ақыл-ой әрекеті.

Педагогикада дидактикалық бағыт берген Ф. Фребель. Ойын процесі баланың дене бітімін дамытады,сөздік қорын, ойлау қабілетін молаятады. А.С.Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек, ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет, - оның барлық өмірі – ойыннан тұрады,»- деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

«Ойын үстінде бөбек — деп жазды К. Д. Ушинский,— есейген адам, ол өз күшін байкайды жэне өз жасағандарына жеке билік етеді»

. Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетініп атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды қоршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды

кеңейтудің құралы деп білді. «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін,- деп жазды ол, - ойынның айрықша маңызы бар : ойын олар үшін –оқу, ойын олар үшін-еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің мықты формасы.» А. В. Запорожец дидактикалык ойындардын ролін бағалай келіп, бы­лай деп жазады: «Біз дидактикалык ойын жекелеген білімдер мен іскер-ліктерді игерудің формасы ғана болып коймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілеттерін қалыптастыруға кызмет ететін болуына жетуіміз кажет»1.

Елизавета Ивановна Т и х е е в а Сезім органдарынын дамуы үшін Е. И. Тихеева жасаған .дидактика-лык материалдар жүйесі, балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык тэрбие беру жөніндегі ұсыныстары казіргі заманғы балалар бакшалары-ньщ жұмысында да пайдаланылуда


«Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» ойынның мазмұнына қарай мына түрлері ұсынылады:


1. Сюжетті-рольді ойындар.

2. Құрылыс материалдарымен өткізілетін ойындар.

3. Қимылды ойындар.

4. Дидактмкалық ойындар



Қазіргі заманғы дамыту ойындарына келетін болсақ,


Эйлер – геометриялық сызбасы Леонардо Эйлердің 18 ғасырда ойлап тапқан баланың логикалық ойнауына арналған ойындары.

Никитиннің интелектуалды ойындары.

Раймунд Луллий — философ, алхимик XIII ғасыр. Логикалық шеңбер-Луллий шеңбері деп аталады.

Дидактикалық материал "Логикалық блок",  венгер психологы және математик.Дьенш

«Сказочные лабиринты игры В.В. Воскобовича


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!