жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ жоспары 9 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
|
Пәні: |
Физика |
|||||
|
Бөлім: |
9.3 В Тербелістер мен толқындар |
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
Серік А.А. |
|||||
|
Күні: |
12.02.2024 |
|||||
|
Сынып: 9 Ә |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
9.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау; 9.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар істей алады: Еркін және еріксіз тербеліске сипаттама береді. Көптеген оқушылар істей алады: Резонанс құбылысын түсіндіреді Кейбір оқушылар істей алады: резонанстың пайдасы мен зиянына мысал келтіреді |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі//уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Ұйымдастыру 3 минут
Өзін-өзі тексеру 5 минут Жаңа білім 8 минут Біз топ басшымызға сенеміз 3 минут Топтық жұмыс 2минут Ыстық орындық әдісі 5 минут Филворд әдісі 7 минут Сабақты қорытындылау 2 минут Кері байланыс. Рефлекcия 4 минут
Бағалау 5 минут
Сабақтың соңы. Үй тапсырмасы 1 минут |
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін « Миға шабуыл»стратегиясын қолданамын: 1. Дененің тепе теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні ?( Тербеліс амплитудасы ) 2.Жиіліктің өлшем бірлігі?(Гц) 3.Тербеліс жиілігі? ( Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны ) 4.Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тәуелді?( Ұзындық пен гравитациялық өрістің кернеулігіне) 5. Циклдік жиіліктің өлшем бірлігі? (рад/с) 6.Циклдік жиілік? (2π секундта жасалатын тербеліс саны) 7. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды неге тәуелді? (Қатаңдыққа және массаға) 8.Тербеліс фазасы ( φ=ωt) 9.Серіппелі маятник тербелісінің периоды ( T=2π√m/k) 10. Тербеліс фазасы ( тербелмелі жүйенің күйін анықтайтын шама) 11. Серіппелі маятник тербелісінің периоды ( T=2π√l/g) 12.Синус немесе косинус заңдары бойынша орындалатын тербелістер (гармониялық тербелістер)
Жаңа сабақты меңгерту. Еріксіз тербелістер-Периодты түрде өзгеріп отыратын сыртқы күштердің әсерінен болатын тербелістер. Еркін тербелістер-дене тепе-теңдік күйінен шығарылған соң, жүйеде ішкі күштердің әсерінен болатын тербелістер. Уақыт өте келе амплитудасы кемитін тербелістерді өшетін тербелістер деп атайды. Резонанс-сыртқы күштің жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі сәйкес келгенде еріксіз тербелістердің амплитудасының артуы. Резонанстың пайдасы мен зияны.
1-тапсырма. Бұл тапсырмаға тек топ басшылары қатысады. Олар берілген есепті шығаруы тиіс 1. Массасы 2 кг жүгі бар маятник серіппесінің ұшына тербеліс жиілігі 16 Гц айнымалы күш түсірілген. Серіппенің қатаңдығы 0,5 Кн/м болса, резонанс байқалады ма? 2. Массасы 2,9 кг жүгі бар маятник серіппесінің ұшына тербеліс жиілігі 13 Гц айнымалы күш түсірілген. Серіппенің қатаңдығы 188 Н/м болса, резонанс байқалады ма? 3. Ұзындығы 40 см болатын математикалық маятникке тербеліс жиілігі 8 Гц айнымалы күш түсірілген. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2 болса, резонанс байқалады ма? 4. Ай бетіндегі ұзындығы 100 см математикалық маятникке тербеліс жиілігі 2 Гц түсірілген. Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с2 болса, резонанс байқалады ма? 2-тапсырма Топтық жұмыс
3-тапсырма Ыстық орындық әдісі Ыстық орындықта отырған оқушы экранда жазылған сұраққа жауап беру керек.
4-тапсырма. Филворд әдісі
Қорытындылау Тербелістер туралы ертегі Ерте,ерте,ертеде Тербеліс деген қарапайым қарт адам болыпты.......
Кері байланыс Бүгінгі сабақ бойынша рефлекcия : Мұғалімге хат әдісі
Сабақты қорытындылап, бағалау мақсатында оқушыларға белсене қатысқаны үшін карточкалармен купондар таратылады.
Үй тапсырмасы. §27, сұрақтарға жауап беру. |
Миға шабуыл сұрақтары арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтарын қою. Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді. Бейне жазбаны көріп, мұғалім түсіндірген тақырып негізінде тербелістермен резонанстың негізгі заңдылықта-рымен танысады. Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 26.03.2024 232
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||||









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген