400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ жоспары: Елімізде жалпы орта білім берудің дамуы (11 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектебінің 11 сыныбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы 11 «А» 17.01.2020

1. Модульдің атауы:

Оқу – еңбек аясы

1– модуль: «Мемлекеттік емтихан тапсырамын»

1. Сабақтың тақырыбы:

1-сабақ Елімізде жалпы орта білім берудің дамуы (305б)

2. Сабақтың мақсаты:

1. Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

2. Елімізде жалпы орта білім берудің ерекшеліктерін меңгерте отырып, оқу, білім алу, ҰБТ-ге деген жауапкершіліктерді бойларына сіңіре отырып, жекелей, топпен жұмыс істей білу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;

2. Мәтін мазмұны мен идеясын талдау жасау арқылы тақырыптың мазмұнын игерту;

3. Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға тәрбиелеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқып-үйренудің негізгі нәтижесі:

1 Елімізде жалпы орта білім берудің ерекшеліктерін меңгереді;

2. «Сурет арқылы сөйлету», «Түртіп алу», «Даналық сандықшасы», «Кофе таяқшалары», «Жорға» стратегияларының идеясын меңгереді;

3. Өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

4. Түйінді идеясы:

1. Мәтінге мазмұндық талдау жүргізу арқылы оқушы бойында оқуға білімге деген құштарлықтарын қалыптастыру, тестілік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік, топтық бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету;

2. еліміздегі білім беру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; орта білім; жоғары білім; жоғары білімнен кейінгі білім сөздерінің мағынасын ашу.

5. Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер:

СТО стратеиялары: ББҮ, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс

6. Тапсырмалар:

1. «Мозайка» әдісімен топқа бөлу

2.Қызығушылықты ояту мақсатында «Сурет арқылы сөйлету»

3. Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы

4. Ой қозғау мақсатында «Даналық сандықшасы» стратегиясы

5. ҰБТ-ға дайындық мақсатында «Кофе таяқшалары» стратегиясы

6. «Жорға» әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалауы.

7. Дереккөздер:

С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова «Қазақ тілі» оқулығы 11 сынып, Алматы, «Мектеп», 2015; Орақова А.Ш., Жартынова Ж.А. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару», Алматы, ҚР ББЖ ҚБАРИ, 2014.

Сабақ барысы

Сабақ барысы,уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу

2. Бағалау парақтарымен таныстыру.

Оқушылардың сабаққа әзірлігі

Бағалау парағы

№

Оқушының аты-жөні

«Сурет арқылы сөйлеу» стратегиясы

«Түртіп алу» стратегиясы

Даналық сандықшасы стратегиясы

«Кофе таяқшалары

стратегиясы

Дәптермен жұмыс

Ортақ баға

1








2








3








4








5








6








7













Білім













Түсінік




3. «Мозайка» әдісімен топқа бөлу




4.Қызығушылықты ояту:

Жаңа сабақты бастамас бұрын қызығушылығын ояту мақсатында «Сурет арқылы сөйлету» стратегиясы

1) интербелсенді тақтадан «Елімізде жалпы орта білім берудің дамуы» тақырыбында суреттер көрсету (Қазақстан, мектеп, №29 мектеп, оқушылар, аттестат т.б.)

2) ой тастайтын сауал береді.

– Берілген суреттерде нелер бейнеленген?

– Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып пен суреттер арасында қандай байланыс бар?

3) Бірлесіп сабақтың мақсатын қою

5.Мағынаны тану кезеңінде «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқулықтағы мәтінді оқып, орыс тілінде мазмұнын ашу тапсырылады.

Берілген суреттердің қиындылары арқылы топқа бөлінеді


Оқушылар топта, жеке сөздерді-сөз тіркестерін-сөйлемдерді айтады, қызығушылығы артады

(айтылым, сөйлесім, тілдесім әрекеттері)



Ой тастайтын сауалға жауап береді(айтылым, сөйлесім, тілдесім әрекеттері)



Оқушылар топта мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқиды, аударады (жазылым, айтылым, сөйлесім, тілдесім әрекеттері)

1- топ: Оқулықтың 300 бетіндегі «Білім беру жүйесінің бағыттары» мәтіні (1,2,3-азат жолдар):

Қазақстанның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Еліміз мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесіне бағдар ұстануда.

Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді.

Бүгінгі таңда республика аумағында мемлекеттік және жекеменшік көптеген оқу орындары да білім беру ісін қатарлас жүргізуде.

2- топ: Оқулықтың 305 бетіндегі «Елімізде жалпы орта білім берудің дамуы» мәтіні 1-9 сөйлемдер):

Еліміздің өркениетті әлемдегі орны білім беру ісінің дамуына да байланысты. Елімізде білім берудің даму стратегиясы жасалды. «Білім туралы» Заң қабылданды. Білім берудің мынадай деңгейлері белгіленді. Олар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім. Осылайша білім берудің үздіксіздігі және өзара сабақтастығы жүзеге асады. Қазақстанда міндетті жалпы орта білім беру 11 жылда жүзеге асады. Оқушылар мектепке 6-7 жастан қабылданады. Оқушылар орта мектепті 17-18 жаста бітіріп шығады.

3- топ: Оқулықтың 305 бетіндегі «Елімізде жалпы орта білім берудің дамуы» мәтіні (9-сөйлемнен мәтіннің соңына дейін):

2003 жылдан бастап оқушылар Ұлттық біріңғай тестілеуден өтетін болды. Ол әрі мектеп бітіру емтиханы, әрі жоғары оқу орнына түсу емтиханы болып саналады. 1999 жылы оқуда үздік нәтижелерге қол жеткізген мектеп бітірушілер үшін «Алтын белгі» медалі тағайындалды. Мектептер толық компьютерленді.

2009 жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектептері әрбір облыс орталығында, Астана және Алматы қалаларында ашылды. Оларда жалпы білім беру әлемдік ақпарат кеңістігіне бағытталған.

Қолдану




Түсінік







Сергіту сәті



Талдау








6. Топтың ішінен 1 оқушы мәтіннің мазмұнын баяндауын тапсырады



7. Ой қозғау мақсатында «Даналық сандықшасы» стратегиясын қолдану арқылы мәтін бөліктері бойынша әр топқа 3 сұрақтан құрастыру тапсырылады




8. «Қызыл өрік» әуенінің сүйемелдеуімен интербелсенді тақтаға жаттығуды қосады


9. Грамматикалық тақырып ҰБТ-ға дайындық мақсатында «Кофе таяқшалары» стратегиясы бойынша тест сауалдарына жауап беру





Топтың ішінен 1 оқушы мәтіннің мазмұнын баяндайды (айтылым, тыңдалым әрекеттері).

Оқушылар мәтінге сүйеніп, сұрақтар құрастырады да, «Даналық сандықшасына» салып, топ мүшелері кезектесіп, жауап береді

(айтылым, тыңдалым әрекеттері).

Оқушылар жаттығу жасайды



2 стакан алынып, 1-стаканға тест сауалдары бар «Кофе таяқшалары» салынады, топ мүшелері кезекесіп кофе таяқшаларын алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді (айтылым, тыңдалым әрекеттері).

1. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды - ... тіл.

А) Ақ. В) Қызыл. С) Жасыл. Д) Көк. Е) Қара.

2. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.

А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы. Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді. Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

3. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Тәрбие басы - тіл. В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. С) Ғылым - теңіз.

Д) Еңбек түбі – зейнет. Е) Кітап – тілсіз мұғалім.

4. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) «Көп қорқытады» В) «Өнер алды-қызыл тіл» С) «Жаман жолдастан таяғым артық»

Д) «Білім кілті-тіл» Е) «Сөздің көркі-мақал»

5. Туған жер - Отан туралы мақалды табыңыз.

А) Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

С) Өнер алды-қызыл тіл. Д) Сөз сүйектен өтеді. Е) Ештен кеш жақсы.

6. Мақалды толықтырыңыз.

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің Е) Кітап

7. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.

А) Қара жұмыс. В) Ескі үй. С) Күзгі орман. Д) Қалың кітап. Е) Сары бояу.

8.Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Үлкен мектеп В) Көрші ауыл С) Қызыл тіл Д) Жаңа қала Е) Жазғы кеш

9. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Туды жоғары ұстау. В) Атасы баласын иіскеді. С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.

Д) Адамгершілік туралы айту. Е) Әдеби кітаптарды оқу.

10. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.

А) Қабағын түйді В) Ақ жүрек С) Алтын ғасыр Д) Жарқын жүзді Е) Қызыл алма

11. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз.

А) Қара қарындаш. В) Қара дауыл. С) Қара ниет. Д) Қара жүрек. Е) Қара тер.

12. Сөйлемді толықтырыңыз: Алматы ... жылдан астана болды.

А) 1931. В) 1929. С) 1927. Д) 1930. Е) 1928.

13.Мемлекеттік тудағы көк түс ненің белгісі екенін белгілеңіз.

А) Қуаныштың, бейбітшіліктің. В) Адалдықтың, тазалықтың.

С) Жамандықтың, бейбітшіліктің. Д) Қуаныштың, жеңістің. Е) Еркіндіктің, бақыттың.

14. Ертеде қазақтар киіз үйдің ортасына қандай темір ошақ қойғанын белгілеңіз.

А) Үш сирақты. В) Бес қанатты. С) Үш қанатты. Д) Алты сирақты. Е) Төрт сирақты.

15. Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз.

А) Есіл. В) Қаратал. С) Тобыл. Д) Ертіс. В) Обаған.

16. Көктемгі мерекелерді табыңыз.

А) Республика күні В) Жеңіс күні, Республика күні С) Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл

Д) Конституция күні, Жеңіс күні Е) Жеңіс күні, Халықаралық әйелдер күні

17. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауын белгілеңіз.

А) «Экология» В) «Жас-Алаш» С) «Жер Ана» Д) «Жасыл ел» Е) «Невада-Семей»

18. Киіз үй неден тұратынын белгілеңіз.

А) Кірпіштен В) Балшықтан С) Қағаздан Д) Шүберектен Е) Киізден

19. Оқу жылы қай айда басталатынын белгілеңіз.

А) Маусымда В) Қаңтарда С) Наурызда Д) Қыркүйекте Е) Қазанда

20. Тілдер мерекесі қай айда өтетінін анықтаңыз.

А) Қыркүйек. В) Маусым. С) Қараша. Д) Қазан. Е) Мамыр.

21. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін көрсетіңіз.

А) Алтыбақан, асық ойнау, тоғызқұмалақ . В) Бәйге, тұсаукесер.

С) Арқан тарту, дойбы, шахмат. Д) Қыз қуу, шахмат, жүгіру. Е) Аңшылық , көкпар.

Қолдану


10. Дәптермен жұмыс: тақырып бойынша ҰБТ-да кездесетін сұрақтарға жауап жазу (интербелсенді тақта көмегімен):

Оқушылар дәптерлеріне күн аты мен тақырыпты жазып, тақтадағы тапсырманы орындайды.

Қаңтардың он сегізі, дүйсенбі

Елімізде жалпы орта білім берудің дамуы

1. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы. В) Әдемі, сұлу, алтын. С) Тақта, орындық , бүгін.

Д) Қараша, қабат, үй. Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

2. Синонимді анықтаңыз.

А) Ұқыпты-тиянақты. В) Үлкен-кішкентай. С) Сары-жасыл. Д) Жарық-қараңғы. Е) Саусақ-қол.

3. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Шәкірт, оқушы. В) Қараша, қабат, үй. С) Әдемі, сұлу, алтын. Д) Тақта, орындық , бүгін.

Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

4. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көктем, жаз. В) Жақсы, жаман. С) Өте, тым. Д) Оқушы, бала. Е) Мектеп, қала.

5. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Елгезек. В) Білімді. С) Оқыған. Д) Аңқау. Е) Надан.

6. Мақалды табыңыз.

А) Ғылым-теңіз, білім-қайық. В) Ғылым адамды биіктетеді. С) Ғылым шыңдайды.

Д) Ғалым ғылыммен айналысты. Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.

7. Білім кілті-тіл. Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) Знание-ключ к языку. В) Язык и знание-сила. С) Знание-сила. Д) Люби и береги свой язык.

Е) Язык-ключ к знаниям.

8. Мына мақалды аяқтаңыз. Мектеп – кеме, Білім - ... .

А) Өзен. В) Мұхит. С) Көл. Д) Көлшік. Е) Теңіз.

9. Мақалды толықтырыңыз.

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің Е) Кітап

10,Мақалдың жалғасын табыңыз.

Жеті жұртың тілін біл, Жеті түрлі ... ... .

А) елге құрмет. В) тіл біл. С) тас жарады. Д) білім біл. Е) ұлт жоқ .

Бағалау












Үйге тапсырма



11. «Жорға» әдісі бойынша жекелеген оқушылар өздерін бағалайды.







12. Оқушылардың бағалау парақтарын толтырып, баллдарын есептеуін тапсырады



13. Оқулықтың 302- бетіндегі 4 –тапсырма берілген сан есімдерді (сан есімнің мағыналық түрлерінде) жазу; дәптерлеріндегі мақал-мәтелдепрді жаттау.

«Жорға» әдісі бойынша жекелеген оқушылар (сабақта жақсы жұмыс істесе- атқа мінеді; орташа жұмыс істесе, жүгіреді; нашар жұмыс істесе – есекке мінеді)


Топ басшылары жиынтық балдарын есептеп шығарады(айтылым, тыңдалым әрекеттері).

Оқушылар ү/т күнделіктеріне жазады (жазылым әрекеттері).




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі