Ашық сабақ жоспары «Натюрморт
жанры» 6 сынып
Сабақтың білімділік
мақсаты:
Білімділігі: Бейнелеу өнеріндегі натюрморт
жанры, натюрморт жанрының
пайда болуы, натюрморт
жанрында сурет салған атақты суретшілер
мен олардың шығармалары
жайында мағлұмат беру
Дамытушылығы: Сурет салу компановкасын дұрыс
орналастыра білуге,
оқушылардың түрлі-түстерді
дұрыс қолдана білуге үйрету. Сурет салу
кезеңдері туралы түсініктерін
дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың эстетикалық
көзқарастарын қалыптастыру. Ізденімпаз-
дыққа, еңбексүйгіштікке, өз
халқының өнерін сыйлауға үйрету.
Пәнаралық байланыс:
Тарих,әдебиет, көркем еңбек
Жетістік критерийлері:
Бейнелеу өнері жанрлары туралы түсінік алады. Натюрморт
жанрына
сурет салады. Суретшілер
еңбектері туралы біледі.
Құндылықтар: білімге, өнерге
ұмтылу, еңбек, адамгершілік, рухани құндылықтарды
меңгеру
Тілдік мақсат: жанр,
натюрморт, постимпрессионизм, палитра, түстер
гаммасы
Көрнекілігі: А.Ғалымбаева «Шай
дастарханы», «Көктем мен күз», «Натюрморт» және
т.б
Ж.Б.Шарден «Өнер атрибуттары
бар натюрморт» және т.б
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа қажетті заттарын алдыру. Сынып
кабинетінің гигиеналық талапқа сайлығын
қадағалау.
Психологиялық ахуал
қалыптастыру «Екі жұлдыз, бір тілек»
«Мен ұнатқан картина». Таңдау
жанры бойынша топқа бөлу . Пейзаж. Натюрморт.
Анималист
ІІ. Бастапқы кері байланыс
алу
Суретшілер шығармаларын мен
сұрақтарын тарату.Сұрақтар:
Бейнелеу өнерінің қай жанрына
жатады?
Бейнелеу өнерінің қай түріне
жатады?
Фон деп нені
түсінеміз?
Компановкасы туралы талдау
жасау
Шағылысу дегенді
түсіндір?
Суретші шығармасына талдау
жасау
ІІІ. «Натюрморт» сөзжұмбағын
шешу
ІV. Жаңа сабақ Натюрморт
жанры
«Натюрморт» француз сөзі, дәл
мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде
кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе балықтан,түз
құстарынан дайындалған тағамдарды бейнелейтін шығармалар
жатады.
Натюрморт алғаш рет ХVII
ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Ол
голландтардың
Испан басқыншыларымен ұзақ
жылғы күресінің нәтижесінде жаңа ғана азаттық алған кезі
еді.
Енді олар жер жүзінің көп
теңіздерінде емін-еркін жүзуге еркіндік алды. Голландия Европадағы
ең бай елдердің біріне айналды. Көп жылға созылған шайқастардан соң
адамдар өзін қоршаған ортаны, табиғат сұлулығын бұрынғыдан гөрі
зейін салып бақылайтын болды. Олар өздерін қоршаған заттарға
сүйсіне қарайтын болды. Бұл голланд өнерінің, әсіресе, натюрморттың
ерекше көркейген кезі еді.
А.Ғалымбаева апамызды осы
өнердің жалғастырушысы ретінде қарауға болады. Қазақ халқының
алғашқы суретші қызы Айша апамыздың натюрморт тақырыбына салған
шығармалары өте көп (иллюстрацияларымен
таныстыру).
ХVIII ғасырда өмір сүрген
атақты француз суретшісі Жан Баттист Шарденның
шығармалары:
«Өнер атрибуттары бар
натюрморт»
Қазақстан суретшілері
шығармаларымен таныстыру
V. Сергіту сәті (логикалық
ойлау)
VI.Поэзия
минуты
Ақ киімді қыс аппақ, Күн шықты
жадырап,
Аққу дейтін құс аппақ. Жасыл
боп шөптер жатыр-ақ.
Күнде жуып жүретін, Алмұрт,
алма, алша да,
Баланың да тісі аппақ Ашады
жасыл жапырақ.
Қарасудан ары асып, Сары дән
жерге түскенде,
Кездестірдік қара тас. Шөжелер
салар ән бөлек.
Кімге тұрмас жарасып, Сары да
болса, піскенде,
Қара шаш пен қара қас.
Тамсантпай қоймас әңгелек.
Айтылмай әні қалса
да,
Қып-қызыл нәрсе
қаншама.
Анар мен лала,
помидор,
Қып-қызыл екен алма
да!
VII. Практикалық
жұмыс
Үш түрлі пішінді алмадан
натюрморт салып үйренейік. Натюрмортты
қарындашпен
қағаз бетіне дұрыс бейнелеу.
Натюрмортты бояудан алдын реңдік қатынастарды айқындау.
Ең
қанық , ашық зат пен көлеңкені
ажырату.
VIII. Жұмбақтар
сайысы
Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам
жоқ.
Белін бекем байлаған, Қоқысты
қоймай айдаған.
Аппақ қардай тоны, Үлпілдеген
жоны, Көзі қызыл моншақ, Кім біледі оны?
IХ. Кері байланыс алу «Стикер»
әдісі бойынша
Х. Сабақты
қорытындылау
Балалар, бүгін сендермен
«Натюрморт жанры» тақырыбында сабақ өттік. Бейнелеу
өнерінің
Салыну тақырыбына қарай түрлі
салаға, яғни жанрға бөлінетінін білдік. Соның
ішінде
натюрморт қолданылатын заттар
салынатынын, натюрмортты түсіне, пішіміне
қарай
құрастыру қажеттігін, бояу
техникасы жайында түсінік алдық. Енді алдағы уақытта осы
алған
білімді салатын суретте,
қажетті жерлерде қолдана білу қажет.
ХI. Үйге тапсырма. Натюрморт
құрастырып салу