400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: "Формулаларды енгізу."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін біз MS Word бағдарламасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Математикалық формулаларды енгізу үшін Вставка-Формула батырмасын басу қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

“Көлік колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын


Сабақ жоспары №10


Өткізілетін күні: 27.12.2019ж

Пән аты: Қолданбалы информатика

Оқытушы: Мыңбаев Д.С.

Топ: 44 ТР-к

Сабақтың тақырыбы: Формулаларды енгізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Word құжаттарында формула құру, өндеу амалдарын үйрету. Оқушылардың Word редакторы арқылы формулаларды құрастыруды меңгерту.

Дамытушылық: Білім деңгейлерін анықтау,  пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ уақытында берілген тапсырманы жылдам орындауға, жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кәсіптік құзыреттіліктер:

КҚ 3.12.8. Автокөліктерді диагностикалауда есептеу техникаларын қолдану.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

—          Формула еңгізу тәсілдерін;

—          Формула құру және өндеу амалдарын;

Оқушы меңгеруі тиіс:

—          Формуланы құрастыру;

—         Формуланың ішкі құрылымын өзгерту ;

—         Формула түрлерін таңдау.

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технология, ойын технологиясы

Сабақтың көрнекілігі:   ДК, презентация, слайдтар. Үлестірме парақшалар

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Пәнаралық байланыс: информатика, математика, өндіріс экономикасы




Сабақтың құрылымы:

Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1

Ұйымдастыру

3 мин

2

Сабақты таныстыру

4 мин

3

Алдында алған білімді қайталау, жүйелеу

10-12 мин

4

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу

12 мин

5

Зертханалық жұмысты орындау

50 мин

6

Сабақ қорытындысы

7 мин

7

Үй тапсырмасын беру

2 мин


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.


  1. Сабақты таныстыру. Тақырыпты және мақсаттарды экран арқылы көрсетіп, студенттерге сабақ мақсаттарын айту.

Бүгінгі сабақ барысында біз MS Word бағдарламасында жұмыс істей отырып келесі мақсаттарға жетуіміз кажет:

- MS Word бағдарламасы арқылы формула құру тәсілдерін үйрену;

- Word редакторы арқылы формуланы өндеудің әртүрлі амалдарын меңгеру;

- Формула редакторындағы басты мәзірлерді білу;

- Формула түрлерімен танысып, оларды өзгерту амалдарын білу.

  1. Алдында алған білімді қайталау, жүйелеу.

«Сұрақ-жауап» және анаграмма шешу арқылы студентердің алдынғы тақырыптарда алған білімдерін тексеру және зертханалық жұмысқа дайындығын қадағалау. Тапсырмаларды орындау жетон арқылы бағаланады. Дұрыс жауапқа 1 жетон беріледі. Сабақ соңында жетондар саны және орындалған тәжірибелік жұмысқа сәйкес баға қойылады. Жетондар саны бойынша бағалау келесі түрде:

7 жетон – «5» бағасы

5-6 жетон – «4» бағасы

3-4 жетон – «3» бағасы

Сұрақтар:


  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Дербес компьютердің негізгі элементтерін атаныз.

  3. Ақпараттың негізгі өлшем бірлігі қалай аталады?

  4. Адам көзі мен монитор арасындағы қашықтық қанша болуы керек?

  5. Дербес компьютердің қосымша блоктарын атаныз.

  6. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

  7. Компьютерге ақпарат еңгізу және оның жұмысын басқару үшін қажетті құрал?

  8. Файлдың аты неше бөлімнен тұрады? Оларды атаныз.

  9. Мәтіналғы дегеніміз не?

  10. Компьютердің оперативті жады дегеніміз не?

  11. Жеттектегіш дегеніміз не?

  12. Стандартты түрде Windows жүйесінің Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасады?

  13. MS Word бағдарламасы атқаратын қызметі қандай?

  14. MS Word терезесінің негізгі элементтерін атаныз?



Анаграммалар:

Томирон, терринп, кранес, лайф, пьюромтек, непертақат, демом, сорцоеспр, локитайб, лықатқ скид, лонакок, нериттен, фиртш, сетекрел, тируснави

Дұрыс жауаптар:

Монитор, принтер, сканер, файл, компьютер, пернетақта, модем, процес-сор, килобайт, қатқыл диск, колонка, интернет, шрифт, кестелер, антиви-рус

  1. Зертханалық жұмысқа рұқсат алу

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпы түсінік беру.

    Бүгін біз MS Word бағдарламасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Математикалық формулаларды енгізу үшін Вставка-Формула батырмасын басу қажет:

Сурет 1. Формула енгізу.

Формуламен жұмыс істеу терезесі Сервис, Символдар, Структура  бөлі-мінен тұрады:

Сурет 2. Формулалармен жұмыс істеу терезесі.

 Microsoft Ofice Word бағдарламасында кірістірілген белгілі матема-тикалық формулаларды қоюға болады. Мысалы Ньютон биномын қою үшін формулалармен жұмыс істеу терезесінен Сервис бөлімнен  ашып, Ньютон бином формуласын таңдау жеткілікті:

Сурет 3. Ньютон биномы

 Математикалық символдарды қою үшін Формулалармен жұмыс істеу терезесінен Символы бөлімін таңдау жеткілікті:

Сурет 4. Математикалық символдарды қою.

Грек символдарын жазу үшін формулалармен жұмыс істеу терезесі-нен Символы бөліміне кіріп Греческие буквы таңдау қажет:

Сурет 5. Грек әріптерін қою.

 Операторларды жазу үшін формулалармен жұмыс істеу терезесі-нен Символы бөліміне кіріп Операторы бөлімін таңдау қажет: 

Сурет 6. Операторларды қою.

Геометриялық белгілерді жазу үшін формулалармен жұмыс істеу терезе-сінен Символы бөліміне кіріп Геометрия таңдау қажет:

Сурет 7. Геометриялық белгілерді жазу.

 Бөлшекті жазу үшін Структуры бөлімінен Дробь бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 8. Бөлшекті жазу.

 Жоғарғы және төменгі индексті жазу үшін Структуры  бөлімінен Индекс бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 9. Жоғарғы және төменгі индексті жазу

 Радикалдарды жазу үшін Структуры бөлімінен Радикал бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 10. Радикалдарды жазу

 Ірі операторларды жазу үшін Структуры бөлімінен Крупный опера-тор бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 11. Ірі операторларды жазу.

 Жақшаларды жазу үшін Структуры бөлімінен Скобка бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 12. Жақшаларды жазу.

Тригонометриялық функцияларды жазу үшін Структуры бөлімінен  Тригонометрические функции бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 13. Тригонометриялық функцияларды жазу.

 Функцияларды жазу үшін Структуры бөлімінен Функции бөлімшесін таңдау қажет:

Сурет 14. Функцияларды жазу

5.Зертханалық жұмысты орындау

Математика курсынан біз формулармен жақсы таныспыз. MS Word формула редакторы көмегімен біз кез келген формуланы құрастыра аламыз. Осы білімімізді әртүрлі теңдеулер мен формулаларды құруға пайдаланайық. Математика курсынан формулалармен қатар «Өндіріс экономикасы» курсынан бірнеше формулаларды құрастырамыз.

  1. Формула редакторының командаcын Вставка → Формула арқылы орындаңыз. Экран бетіне Формулалар панелі шығады және де сіздер жұмыс аймағында рамканы көресіздер, оны бұрышынан ұстап үлкейтіңіз.

  2. Мына команданы таңдаңыз. Фигуралы жақшаны тандаңыз.

  3. Жүйенің бірінші теңсіздігін теріңіз. Барлық санды және белгілерді пернетақтадан кіргізіңіз.


Бөлшекті теру үшін командасын пайдаланыңыз


Бөлшектің лайықты үлгісін таңдап алыңыз.

Батырманың көмегімен меңзер басқармасы немесе тінтуірді шекту арқылы алымның және бөлімнің арасына ауыстыңыз.

Көбейту белгісін теру үшін мына команданы таңдаңыз

Кейін бөлшектер терілген соң оң жақ бөлшекті тінтуірдің көмегімен шертіп және теңсіздіктің терімін жалғастырыңыз

  1. Егерде алғашқы рет теңдік емес алынатын болса, ішкі фигуралық жақша екінші жолаққа ауысу үшін Enter түймесін басасыз.

  2. Екі теңсіздіктің түп нұсқасын теріңіз.

  3. Келесі формулаға ауысамызα және β символдарын енгізу үшін және қосымша φ және λ ω β түймесін қолданасыз

  4. Бөлшек және түбір жасау үшін

  5. Дәреже немесе төменгі индексті көрсету үшін мына команданы шерту керек

Picture 129

Picture 26



Жөндеу жұмысшылардың жұмыс уақыт қорын табамыз.

Орташа коэфициент

Қосымша төлемдердің соммасы

+

Шеберлік үшін төленетін қосымша төлем

Материалға кететін шығын


Қосалқы бөлшектерге кететін шығын.

Суға кететін шығын:

Қолданған күштік куаттың көлемі:



6. Сабақ қорытындысы. Қорытынды сөз айту. Жетондар саны бойынша және орындаған зертханалық жұмыстарына сәйкес студенттерге баға қою.

7. Үй тапсырмасын беру. Сапарғалиева Б.К. «Информатика» 82-85 бет немесе Интернет желісі арқылы бүгінгі тақырып бойынша конспект жазу.




Оқытушы:__________Мыңбаев Д.С.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі