Материалдар / Ашық сабақ ЖШС "Каспий өңірі "Болашақ" колледжі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ ЖШС "Каспий өңірі "Болашақ" колледжі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрылыс-жөндеу жұмыстары. Қазіргі жағдайда өндірістік және өндірістік емес салада негізгі қорды сақтауға аса зор мән берілуде, былайша айтқанда, тұрғын, қоғамдық және өндірістік қорды сақтауда негізгі көңіл үймереттер мен ғимараттардың ағымды және күрделі жөндеуіне аударылып отыр. Күрделі жөндеу мен қайта құрастыру аса зор әлеуметтік және шаруашылық маңызға ие болып отыр. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды күрделі жөндеу - олардың мезгілінен бұрын істен шықпауына, ұзақ тұруына мүмкіндік туғызады, әрі оны қалпына келтіреді. Күрделі жөндеу тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалану сапасын жақсартып, жоғары деңгейдегі жайлылығын қамтамасыз етеді. Жөндеудің соңғы әлеуметтік нәтижесі жаңа құрылыс кезінде алынған нәтижеден кем түспейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2022
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ғимаратты күрделі жөндеуге тиісті жобалық құжаттар мен жобалауды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: Құрылыс жөндеу жұмыстары өндірісін жүргізу үшін жобалық құжаттар мен жобалауды ұйымдастыру туралы түсінік беру,үйрету

ә) дамытушылық: студенттерге жылжымайтын нысандарды өзгертуге (қайта профильдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жөндеу, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат беру тәртібі туралы ой-өрістерін дамыту

б) тәрбиелік: студенттерді құрылыс материалдарын ұқыпты пайдалануға, жауапкершілікке, сәулет әдемілігіне, техника қауіпсіздігін сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, проектор, дербес компьютер

Пәнаралық байланыс: ғимараттар мен имараттардың құрылымдары, сызу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыр- 1 мин;

  2. Үй тапсырмасын тексеру- 3 мин;

  3. Жаңа сабақ – 33 мин ;

  4. Сабақты бекіту – 5 мин;

  5. Бағалау – 1 мин;

  6. Үй тапсырмасын беру- 2 мин.

1. Ұйымдастыру студенттердің сабаққа келуін тексеру, сабақты ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Электр қуатын үнемдеу;

2. Суды үнемдеу;

3. Газды үнемдеу;

4. Жылуды үнемдеу.

3. Жаңа сабақ

Ғимаратты күрделі жөндеуге тиісті жобалық құжаттар мен жобалауды ұйымдастыру

Құрылыс жөндеу жұмыстарының басталуына рұқсат сәулет-құрылысты бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларымен беріледі. Құрылыс жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат алу үшін тапсырыс беруші мына келесі құжаттар мен материалдарды тапсырады:
1) рұқсат алуға өтініш;
2) жеке меншікке құқығы бар тапсырыс берушіге  тиесілі немесе уақытша жер пайдалануға құқығы бар құрылыс учаскісін беру туралы қаулысының көшірмесі;
3) жұмыс түрлері тізбесімен мердігер ұйымдарының мемлекеттік лицензиясының көшірмесі;
4) сараптаманың   оң қортындысымен жобаның  жергілікті бөлімдері немесе орнатылған  тәртіптегі бекітілген және келісілген жоба;
5)  бас мердігердің және тапсырыс берушілердің жауапты тұлғаларынан қолхат.

Құрылыс-жөндеу жұмыстары.     Қазіргі жағдайда өндірістік және өндірістік емес салада негізгі қорды сақтауға аса зор мән берілуде, былайша айтқанда, тұрғын, қоғамдық және өндірістік қорды сақтауда негізгі көңіл үймереттер мен ғимараттардың ағымды және күрделі жөндеуіне аударылып отыр. Күрделі жөндеу мен қайта құрастыру  аса зор әлеуметтік және шаруашылық маңызға ие болып отыр. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды күрделі жөндеу - олардың мезгілінен бұрын істен шықпауына, ұзақ тұруына мүмкіндік туғызады, әрі оны қалпына келтіреді. Күрделі жөндеу тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалану сапасын жақсартып, жоғары деңгейдегі жайлылығын қамтамасыз етеді. Жөндеудің соңғы әлеуметтік нәтижесі жаңа құрылыс кезінде алынған нәтижеден кем түспейді. Жөндеу барысында ғимараттар бөлмелеріне қазіргі заманға сай жаңа әрі  ұзақ мерзімге жарайтын материалдар қолданылады, құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасы бақыланады. Жөндеулерді жүргізу кезінде негізгі рөлді  жөндеу жұмыстарының технологиясы атқарады, сондықтан оны ұйымдастырудың маңызы зор. Құрылыс-жөндеу жұмыстары кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды пайдалану негізінде үймереттер мен ғимараттарды жөндеу процестерімен және аса жетілген тәсілдермен  айналысатын ғылымның саласы болып саналады.   Жөндеу жұмыстары өзінің жобалық шешімдерімен, технологиясымен және техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен жаңа құрылыстан ерекшелетін құрылыс жұмыстарының ең қиын түрі болып саналады. Жөндеу жұмыстары құрылыс өндірісінің өзіндік бөлек саласын құрайды. Жөндеу жұмыстарының технологиясы жаңа ғимараттарды тұрғызу кешенінен өзгеше болады. Онда жаңа құрылыс кезінде атқарылмайтын (мысалы инженерлік қондырғыларды және құрылымдарды бұзу, құрылымдарды жөндеу және күшейту сияқты т.б) жұмыстар жүргізіледі. Көлемдік-жобалау және құралымдық шешімдер бойынша объекттердің сипаттамаларының әртүрлілігі, құралымдарды және бөлшектерде қолданылатын типтік өлшемдердің көптілігі және кейбір жағдайларда орындалатын жұмыстардың аз ғана көлемі механикаландыруды қолдануды, сондай-ақ жұмыс өндірісінің жағдайларын қиындатады. Жөндеу процестерінің мазмұны мен құрылымы. Жөндеу процестері технологиялық көрсеткіштері бойынша алдын-ала дайындау, тасымалдау, дайындық және құрылыс-жөндеу жұмыстары болып бөлінеді. Құрылыс-жөндеу процестері жетекші, біріктірілген, жай және кешенді болып бөлінеді. Жетекші процестер жөндеудің жүргізілуін және ұзақтығын анықтайды. Жай процестер ғимараттар мен үймереттерді жөндеудегі жеке операциялардан тұрады. Кешенді процестер ұйымдастырылуы және технологиясы жағынан өзара байланысты жай процестердің жиынтығынан тұрады.

1.Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге дайындалатын тиісті жобалық құжаттар тізімі

1. Келесі құжаттар мен шарттар:

1) Келісім – шарт – сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензия) келісім-шартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми - техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензия) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндеттенетінін көрсететін құжат.

2) техникалық аудит жүргізу- сәйкестікке сараптау жүргізу;

3) ақау ведомосін әзірлеу – күрделі жөндеу жасалатын жұмыстар тізімі;

4) жоба мен сметалық құжаттар әзірлеу - алдын-ала дайындалған, техникалық және экономикалық есептемелермен қамтылған, ғимараттың сызу сұлбасы көрсетілген шешім.

5) жұмыстардың құрылыс графигі- құрылыс жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясын іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат.

2. Жөндеу жұмыстарының түрлері:

А) Жертөле- ғимараттың жылумен жабдықтау, электр,сумен жабдықтау инженерлік құрылымдары орналасқан орын.

Б) Жертөле-кіреберіс- ғимаратқа кіретін жер.

В) Жертөле-кіреберіс-шатыр – жабын конструкциясы.

Г) Жертөле-кіреберіс-шатыр-қабырғалар- үйдің сыртын қоршау конструкциясы.

Д) Лифт- адамдарды жоғарыға көтеру жабдығы.

Е) Ағымдағы жөндеу – ғимараттың жекеленген элементтерін және конструкцияларын жөндеу жұмыстары.

4. Сабақты бекіту:

  1. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуді қалай түсінесіз?

  2. Қандай тиісті жобалық құжаттар орындалуы керек?

  3. Жобалауды ұйымдастыру қандай сатылардан тұрады?

  4. Модернизация дегеніміз не?



  1. Бағалау:



«5» ______

«4» ______

«3» ______

6. Үйге тапсырма беру : Ғимараттың шатырына жөндеу жұмысын жүргізу үшін, жұмыстар тізімін жасау, керек құжаттарын дайындау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!