Ізденіс-ұйымдастырушы
|
-Балалар, Елдос пен Аяжанға үй жануарлары туралы
айтып берейікші.
Слайдтан көрсету
-Экранға қарайықшы, мынау
қандай үй жануары?Сиырдың төлі қалай аталады? Сиырды 3 тілде
атайық.
Мынау қандай жануар? Төлі қалай аталады? 3 тілде
атайық.
-Оларды неге үй жануарлары деп
атаймыз?
-Үй жануарлары адамға қандай пайда
әкеледі?
-Дұрыс, балалар, үй жануарларының адамға берер
пайдасы өте көп, сол себепті біз де оларды үйде ұстап, қамқор
боламыз. Үй жануарларын төрт түлік мал деп те
атайды.
Ал, Елдос пен Аяжан үй жануарлары туралы түсінді
ме екен?
Экраннан Елдос пен Аяжан
сөйлейді.
( Құлыншақты тауып, оған орманға бармай, оның
үй жануары екенін айтады да, балаларға рахмет айтып,
қоштасады.)
-Балалар, енді осы құлыншақпен жақынырақ
танысайық.
-Құлыншақ қай жануардың төлі?
-Ал біздің балабақшамыздың атауы қалай
аталады?
-Дұрыс, балабақшамыздың
бүлдіршіндері құлыншақтай алға озып, биіктен көріне берсін ,
балабақшамыз жайнай түссін деген мақсатпен «Жайна Құлыншақ»
балабақшасы» деп атаған.
- Жылқы малын қазақ халқы ерекше қастерлеген. Ол
лай суды ішпейді, тұнық таза суды ғана ішеді, шөптің ең жақсысын
теріп жейді. Сондықтан, жылқының сүті де, еті де
пайдалы.
-Жылқы жануары бірнеше түрге
бөлінеді, оны бізге кім айтып береді?
-Жылқы төлдерін қалай бөледі?
Ал, бұдан әрі ұрғашы жылқыны қалай
бөледі?
-Ал, еркек жылқының, яғни айғырдың атаулары қалай
бөлінеді?
-Балалар, жылқы туралы қазақта мақал-мәтел де
көп, кім біледі?
Жылқышы ата кіреді қымыз
және
жылқы әбзелдерін
әкеледі.
Жылқышы ата:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен бүгін сендерде
ерекше күн болып жатқанын естіп, қонаққа келдім, және де менің бір
кішкентай қоңыр құлыншағым жоғалып кетіп еді, сендер көрген
жоқсыңдар ма?
-Қайдан көрдіңдер?
-Ата, жаңа ғана Елдос пен Аяжан сіздің
құлыншағыңызды орманға кетемін деп тұрған жерінен құтқарып,
үйіңізге жіберді, оған біздің балалар да
көмектесті.
Жылқышы ата:
-аааа , солай ма, рахмет балалар, құлыншағым үйге
жеткен болар, сендер жылқы жайлы айтып жатқарыңды естіп, бос
келмей, жылқыларымның әбзелдерін және емдік қасиеті мол
сусыны-қымызды да ала келіп едім.
-Рахмет, Жылқышы ата, олай болса, сіздің әкелген
әбзелдеріңізді балаларға таныстырып көрсетейін.
Сөздік
жұмыс: жылқы әбзелдері
– атты мініп жүру үшін
пайдаланатын заттар. (қайталап
айтқызу)

-Ер-тоқым- атқа мініп жүруге арналған
жабдық. Ер тоқымның жабдықтары:
Сырмалы киіз
тоқым-аттың арқасын жауып тұратын
киіз. Аттың арқасына ер батпас үшін, жараламас үшін
қолданылады.
Пыстан- аттың қарнын орап тартылған
жуан белдік.
Үзеңгі-атқа мінгенде екі аяқты тіреп,
нық отыруға мүмкіндік беретін құрал.
Жүген- аттың басына
тағылады.
Таға- аттың тұяғына тағылатын
зат,яғни ат көп жүрсе, тұяғы қанап қалады.
-Ат
дорба қалың металдан, кенептен,
киізден тігіледі. Атқа жем беру үшін пайдаланатын әбзел. Дорба
аттың басына дәл келуі үшін бау арқылы қыстырылады. Ат дорба қандай
оюмен өрнектелген?
Қамшы-атқа мiнген адам ұстайтын, атты айдап жүргiзетiн
құрал. Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде
қолданылған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден
тұрады. Қамшы өрудің көптеген түрлері қолданылды,
соның ішінде 3 таспадан 32 таспаға дейін жететін түрі
бар.
Қымыз-жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Бұл
сусын дертке шипа, денеге күш береді. Ал, бұл қымызды қонақтарға
ұсынайын.
-Міне, балалар, біз бүгін
жылқы жайлы көп мәлімет алдық. Оған Жылқышы атаның көмегі көп
болды.
Жылқышы ата:
-Иә, балалар, жылқы-қасиетті жануар, сол себепті
осы айтылғандардың бәрін ұмытпай есте сақтап жүріңдер, ал мен
сендерге ойын ала келдім, ойнап көреміз бе?
Қ/о: «Жылқы
шабысы»
Шарты: музыка әуенімен әр түрлі қимыл
жасауымыз керек. Бір топ жылқы шабысын салса, 2-топ жылқы үстінде
қамшымен шауып бара жатқан адамның қимылын салады, 3-топ ат
дорбадан жем жеп тұрған қимылын жасайды.
Жылқышы
ата:
-өте жақсы
балалар.
-Енді осы жасаған қимылымыз бойынша топқа бөлініп
жұмыс жасаймыз.
-
Топ: Жылқы бейнесін тұрмыста қолданылатын
заттарды пайдалана отырып жасау.
-
Топ: ат дорбаны оюмен
безендіру.
Басқа да ою өрнек түрлерімен
таныстыру.
-
Топ. Қамшыны 3 таспамен
өру.
Қамшы өрімін бірінің үстіне бірін қиыстырып
өреміз.
|
-
сиыр-корова-cow,
-
түйе-верблюд- camel,
-
жылқы-лошадь-horse,
-
қой-овца-sheep,
-
ешкі- коза-goat,
-Адамдар оларға арнайы қора салып, күтіп-баптап
өсіреді. Жем –шөбін әкеп су береді.
- Үй жануарларының адамға берер пайдасы өте көп.
Сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен киім тоқып киеміз.Сүтінен май,
ірімшік, құрт, қатық, айран жасайды. Жылқы мен түйе малы
мінсең-көлік, қымызы мен шұбаты дертке дауа.
Елдос пен Аяжан
-Иә, түсіндік, Ал, Біздің Құлыншақ орманға
кетемін дейді, оны тез арада тоқтату керек.
-Жылқының төлі.
-Жайна Құлыншақ балабақшасы

-Құлын –биенің жас төлі.
Жабағы -6айдан асқан құлын.
Тай- 1 жастан асқаны.
Құнажын байтал- 2жастан асқаны,
Дөнежін байтал –
3 жастан асқаны,
Бесті бие- -4 жастан асқаны,
Қасабалы бие-7-8 жастағы бие
Кәртамыс бие- 11-14 жастағы
бие,
Жасаған бие- 20 жастан асқан
бие.
Құнан айғыр-2 жастан асқаны,
Дөнен айғыр- 3 жастан
асқаны,
Сәурік айғыр- 4 жастан асқаны,
Бесті айғыр- 5 жастан асқаны,
Сақа айғыр-11-12 жастан асқаны.
-
Арыстан-аң патшасы
Жылқы – малдың
патшасы.
-
Ат
айналып қазығын табады.
-
Жақсы аттың артынан құнан
ереді, Жақсы жігіттің артынан ұлан
ереді.
-Сәлеметсіз бе, ата, иә,
көрдік.
Сөздік қорын арттырады.
Тарақ оюымен
өрнектелген.
|