15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Жүкті тиеу тексеру және жіберу бойынша операциялар"
«
Бейнеу политехникалық колледжі »
МКҚК
Ашық сабақ
Тақырыбы:Жүкті тиеу тексеру және жіберу бойынша операциялар
Пәні: Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру
Арнайы пән мұғалімі : Бердиева М.Ж
Бейнеу 2015 ж
Мамандығы: ТЖҰБ 9-714а
Сабақ жоспар:
Сабақтың тақырыбы: Жүкті тиеу тексеру және жіберу бойынша операциялар
Мақсаты :
Білімділік мақсаты: Студенттерге жүкті тиеу тексеру және жіберу бойынша операциялардың жұмыс істеу принципі мен тағайындалуын іске асыру және негізгі әдістерімен таныстыру қарастырылады.
Дамытушлық мақсаты: Жүкті тиеу тексеру және жіберу бойынша операциялар тағайындалуы туралы таныстыру,еске сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориямен практиканы ұштастыру, кәсіби біліктілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері : Слайд, Интерактивті тақта,мен суреттер, видиороликтер.
Сабақтың түрі:Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап
Пәнаралық байланыс: Жол және станса құрылысы, еңбекті қорғау, экономика.
Сабақтың жүрісі:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Үй тапсырмасын сұрау
3 Сергіту сәті
5Бекіту
6 Бағалау
7Үйге тапсырма
Ұйымдастыру бөлімі : Студенттермен амандасу,түгендеу.
Үй тапсырмасы:(Миға шабуыл деп аталатын сұрақ жауап арқылы аламын)
1. Жүкті жіберуге қабылдау процесінің негізгі технологиялық элементтері?(Техникалық нормасының сақталуы)
2. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындауды безендіру реті?(Төлемдерді және жинақтарды анықтайды)
3. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдау үшін есептесуді іске асыруы?(Теміржолмен орындалатын есептеулер)
4.Бланкілердің түрлерінін алдынғы екі әріпті ГУ және ГО қандай шаруашылықты сипаттайды?
(жүк шаруашылығы)
5. Әртүрлі жүк түріне арналған қоймалар қалай аталады?( әмбебап)
6.Әрбір жөнелтуге жүк жөнелтушімен қарастырылатын құжат?(Баяндау парағы )
7. Аралас тасымалдау жол ведомосінің қай түрімен іске асырылады?( ГУ-27)
8. Арнаулы бір уақытта барлық стансадан жіберілген жүктің тонналы қосындысы бұл?(жүктің жөнелтілуі)
9.Жергілікті жұмысты ұйымдастырудың тәсілдері қандай? (аралық және аймақтың)Жергілікті
10. Жүкті шығару және сақтау уақытының шегі қандай ережеде көрсетіледі? (жүкті тасымалдау
ережесі)
11.Жүкті тасымалдауға қабылдау дегеніміз не? (жүктің көп бөлігін қораптарда және ыдыстарда тасымалдайды)
Сергіту сәті:Жаңа сабақ бастамас бүрын топқа бөлу, бағдаршам бойынша түсті таңдау (жұлдызжорамал ойыны)
Жаңа сабақ:
1.Тауар кеңселерінде орындалатын операциялар.
2. Вагон. Вагондарды жүк тиеуге дайындау.
3.Тиеудің жалпы шарттары.
Тауар кеңселері жүкті тасымалдауды ұйымдастыру, жүкті жіберушілер және жүкті қабылдап алушылармен есептесу және жүкті тасымалдаумен байланысқан басқа да операцияларды орындауға арналған. Үлкен көлемді тиеу және түсіру жұмыстары атқарылатын кіру жолдарында тауар кеңселерінің бөлімшелері ұйымдастырылады.
Тауар кеңселерінде тасымалдауды ұйымдастырушы келушілерге жеке оқшауланған бөлме бөледі. Тауар кеңселерінің жұмыс реті жайлы хабарламалар, әртүрлі құжаттарды толтыру үлгілері, ұсақ жіберуменжіберілген жүктерді қабылдау күндерінің кестесі және тағы да басқа қажетті ақпараттарды іледі. Әрбір кассаның терезесіне орындайтын операциясы жайлы операциялар көрсеткішін іледі. Осында шағым және алғыстар кітапшасы болады.
Тауар кеңселерінің жұмысшыларының бөлмесі жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы керек және тасымалданатын,есептелінетін және ақшалық құжаттар сенімді сақталынатындай болуы керек. Бұл бөлмелерге сейфтер, информатор үшін телефон кабинасын, архивтік материалдарды сақтауға арналған шкафтар қояды. Құжаттарды басып шығару үшін басу машиналары және осында мөрлер жиынтығы болады. Тауар кассирінің және таксировщиктің жұмыс орнын екі тумболы столмен және приставкалы столмен және көтеріліп-айналатын орындықпен жабдықтайды. Жұмыс орнының орналасуы құжаттарды жасау және өңдеу ағымын қамтамасыз ету керек.
Тауар кеңселерін есептеу
орталықтарымен байланыстыру құралдарымен және санау,есептеу және
тағы да басқа операцияларды автоматизациялау, сонымен қатар
мехаизациялау үшін оргтехникалармен
жабдықтайды. 
Тауар кассирінің жұмыс орны: 1- приставкалы жұмыс столы; 2- құжаттарды жасауға арналған терезе;3- көтеріліп- айналатын орындық; 4- кеңсе шкафы; 5- есептеу- пернелік машина; 6- телефон; 7- хабарлама тақтасы.
Вагон (ағылшынша waggon - арба) — рельсті жолмен қозғалатын көліктіңбір түрі. Әдетте, локомотивке тіркеледі. Вагон жүк және жолаушылар тасуға қолданылады.
Жүк таситын вагондарға: жабық, жартылай вагондар,платформалар, цистерналар, изотермиялық вагондар және арнайы жасалған (ауқымы өте ірі және ауыр салмақты жүктерді, сусымалы заттарды, т.б. таситын) жатады. Аса ауыр жүктерді тасу үшін вагондардың (8, 12, 16 және 32 осьті) ерекше түрі — транспортерлер де (жүк көтергіштігі 250 т-дан 500 т-ға дейін) пайдаланылады. Вагондардың тізбегінен темір жол құрамасы құралады. Вагон, негізінен, жүрістік бөліктен, рамадан, қораптан және тежеуіш тетіктерден тұрады. Республикамызда көбіне жүк көтергіштігі 60 және 62 т жабық вагондар (4 осьті), сонымен қатар жүк көтергіштігі 95 т жартылай вагондар (6 осьті) және жүк көтергіштігі 125 т Вагондар (8 осьті) пайдаланылады. Қазақстанда Вагон жөндейтін 2 ірі зауыт бар. Оның бірі жолаушылар вагонын жөндейтін зауыт (Алматыда), екіншісі — жүк Вагонын жөндейтін зауыт (Астанада).
Жабық вагон- ұсақ жүк тасуға, атмосферлық ылғалдылықтан сақтандыру ушін арналан вагон. Вагонның жоғары жағында жарық түсетін люктармен, ауа кіретін терезелер болады. Жүк тиеу жүк түсіру жұмысы механикалық және қол күшімен істеледі.Вагоннның іші өлшемі яғни ұзындығы 13.70 м, ал ені 2,650м, биіктігі 2.700м, есіктерінің ені 2 м ал биіктігі 3м жуык.
Платформа вагон– көлемі ұзын, ұсақ жүктерге арналған атмосфералық ылғалдан қорғалуды қажет етпейтін вагон түрі. Төрт жағынан жабылатын борттары болады ағаш, тақтайлар, автомобильдерді тасымалдауга болады.
Платформада автокөліктер жылжып кетпеу ушін арнай байлау құралдары болады.
Полувагон (жартылай ашық вагон)- ұсақ шашылмалы, жеке талданған жүктерге және атмосфералық ылғалдылық әсер етпейтін жуктерге арналған. Вагонның төменгі жағында жүк түсіруге арналған люктар болады.
Хоппер — жүк тасымалдауға арналған вагон. Көмір, руда, цемент, бидай секілді төкпелі жүктерге арналған. Вагонның төменгі жағында жүк түсіретін люктар орналастырылған. Екі түрлі хоппер вагондары болады , ашық және жабық. Ашық хоппер вагондар атмосфералық ылғалдықтан қорғауды қажет етпейтін жуктер.
Жабық хоппер вагондар атмосфераның ылғалдылығынан қорғауды қажет ететін жүктер тиеледі.
Вагон
цистерна - темір жолдардың жылжымалы
құрамы. Цистерна сұйықтар тасымалдау үшін арналаған: Мұнай және
мұнай өнімдері (қышқыл,сілті, кұрделі заттар) химиялық жолмен-
белсенді және агрессивті сұйық заттар (пропан, оттек сұйытылған
газ,) және сүт өнімдерін тасымалдайды. Жүк көтерімділігі 60
тоннадан 125 тоннаға дейін.
Жарғыда қарастырылған (статья 45), вагондарға және автомабилдерге
тиеу, сонымен қатар олардан түсіру іске
асырылады:
Жол құрылғаларымен- жалпы пайдалану орындарында, сонымен қатар Жол министрлігінің жеке шешімдерімен анықталған жерлерде(мысалы, ауыл шаруашылығы, сауданы ұйымдастыру және тұтынушы операциялары үшін келген жүкті тиеу және түсіру)
Жүкті жіберушілер және қабылдаушылармен- жалпыға пайдалануға арналмаған орындарында қауіпті және тез бұзылатын, шикі жануарлар өнімдері, ауырсалмақты (бір орында 0,5 т жоғары) және габаритті емес жүктерді тиеу және түсіру жұмыстары іске асырылады.
Ал құйылатын, шашылатын және аударылатын жүктерді тасымалдау арнайы жылжымалы тіркесте және жіберушінің немесе қабылдаушының жолсерігінің шығарып салуымен жалпы пайдалану орындарында іске асырылады.
Жолдар өзіне кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша көрсетілген жүктермен(құйылатын, қауіпті, сонымен қатар тез бұзылатын,суықтай, жылылай тасымалданатын жүктерден басқа) жүктік операцияларды орындауды қабылдай алады. Жүкті жалпыға пайдалануға арналған автомобилдік көлікпен орталықтандырылған әкелу және шығаруда барлық жүктерді станцияларда тиеу және түсіру (қауіпті және құйылмалыдан басқа) жолмен іске асырылады. Жалпыға пайдалану орындарында жүктік операциялар механикаландырылған дистанциялық тиеу-түсіру жұмыстармен атқарылады.
Вагондарды жүк тиеуге дайындау.

Жүк тиеуге көрсетілген жүкті тасымалдауға жарамды, алдындағы тасымалданған жүктің қалдықтарынан және қоқыстардан тазартылған, қажет жағдайда жуылған вагонды береді.
Жүк тиеуге берілетін вагоннның техникалық жағдайын(жүру бөлшектерінің дұрыстығын, соғылатын және жанастырылатын приборларды, шанақтың және жабынның бүтіндігі, тіреуіштердің дұрыстығы т.с.с) вагон тексерушілері тексереді. Тексеру нәтижелерін станция бойынша кезекшіде болатын «Вагондарды техникалық карауға ұсыну кітабы»-на енгізеді. Вагондарды коммерциялық қарау (вагон шанағының ішкі жағдайы) жүкті қабылдапөткізуші немесе жүкжіберуші агент іске асырады. Қажет жағдайда вагондарды жуады. Ол үшін тек қана жуатын емес сонымен қатар кептіретін арнайы құрылғыларды пайдаланады. Көп мөлшерде вагондарды жуу күзгі уақыттарда жылжымалы тіркесті нан жүктерін жаппай тасымалдауға дайындауда жасайды. Мұнай өнімдерін құяр алдында цистерналарды жуу және парлау, құю пункттерінде орналасатын арнайы жуу-парлау станцияларында орындайды. Арнайы цистерналарды тазалау (газдарды, қышқылдарды жағу үшін тс.с.) жіберушінің міндетіне енеді.
Тиеудің жалпы шарттары
Темір жол және жүк жіберушілер вагондарға жүкті тиеу кезінде тиеудің техникалық шарттарын қатаң сақтау керек, яғни вагонның көтеруінің техникалық нормасы, сонымен қатар жүкті тиеуге қойылған уақыт.
Жүктер ереже бойынша қозғалудан, құлаудан, зақымданудан сақталуы үшін вагонның еденінде бірдей жатуы керек. Мұнда неғұрлым ауырлары астында ,ал жеңілдеулері үстінде жатуы керек.
Қаланған жүктің беті түзу болуы керек: вагонның шеткі жақтарында жүктің есік аралығындағы кеңістіктен жоғары қалануын жібермеу керек, бұл жүктің құлауына, сонымен қатар оның бүлінуіне әкеледі
Бөшкелердегі жүктерді, кабелді катушкаларды және т.с.с тиегеннен соң (подклинить)қадап қою керек. Себеттерге қапталған бөтелкелердегі сұйық жүктерді, егер ол вагонның еденінің барлық ауданын алып жатпаса, тақтайлармен бекіту керек немесе ылғалдан бұзылмайтын жүгі бар жәшіктермен тығыз қоршап қою керек.
Арнайы маркировкасы бар жүктерді, осы маркировканың талаптарына сәйкес вагондарға, осы маркировка көрініп тұратындай етіп қалау керек.
Жабық вагондарда есік аралық кеңістікте жүкті, вагонның екі жағында да еркін есік ашылатындай етіп қалау керек. Ыдысқа оралатын жүктерді, мысалы, вагон есігінен 25 см ден жақын емес етіп жинайды.
Вагонға әр түрлі аттардағы жүктерді тиеуге болмайды, егер оларды бірге тасымалдау бұл жүктердің бұзылуына алып келетін болады.
Жабық және изотермиялық вагондарға тиеуді аяқтағаннан соң, сонымен қатар цистерналар темір жолдың пломбаларымен пломбалануы керек.
Тиелудің(загрузка) техникалық нормасы деп -оның жүккөтерімділігі мен сыйымдылығының толық пайдаланылуын ескере отырып, көрсетілген вагонға салыну(загрузка) керек болатын, сәйкес дайындалған жүктің саны.
Бұл нормаларды, вагонның жүккөтерімділігі мен сыйымдылығын максималды пайдалану қажеттілігінен өңдейді және жүкті тасымалдауға дайындаудың рационалды әдістерін ескере отырып (престеу, ыдысқа салу, бұзу және т.с.с.) жүктің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қорытындылау , бекіту сұрақтары қосымша сөзжұмбақ шешеміз
1. Тауар кеңселерінде орындалатын операциялар? (тиеу түсіру тасымылдауды ұйымдастыру )
2.Жарғының 45бабында не туралы айтылған? (вагондарға және автомобильдерге тиеу және түсіру опреациялары орындалады)
3.Жүкті жіберушілер және қабылдаушылар қандай қызмет атқарады? (жүкті тиісті орынға межелі уақытта жеткізу)
4.Вагондарды коммерциялық қарау дегенім не?(вагоның ішкі жағдайын қарау жүкті қабылдау жұмыстары)
5. Вагондарды тиеуге дайындау?( вагонды тазарту және ақаулығын тексеру)
6. Вагондарды тиеудің техникалық нормасын кім орнатады?(вагонның техникалық нормасын оның жүк көтергіштігімен сиымдылығының жұмысын қабылдау өткізуді орнатады)
7.Бір вагонға орташа тиелген жүктің тонналық мөлшері?( вагонның статистикалық салмағы)
8.Жол құрылғылары деп қандай жерлерді айтамыз?( жол министрлігің жеке шешімдерімен анықталған жерлерді айтамыз)
9. Цистерна вагонымен қапсыз тасымалданатын жүктер?(құйылмалы)
10. Жүк операциялары орындалатын вагондар? (жергілікті)
11.Жергілікті жұмысты ұйымдастырудың тәсілдері қандай?( тиеу және түсіру)
12. Жол бойында вагондармен жасалатын операциялар? (қосымша және міндетті)
Сөзжұмбақ
Ерікті иесі іздендірілетін бір тұлғадан екінші тұлғаға келісімі бойынша өтетін кез келген зат? (Тауар)
1. Жолдық дамуы бар бөлім бекеті? (Станса)
2.Тиелген жүкті сыртқы ортадан сақтау үшін вагонға қойылатын құрылғы? (Пломба)
3. Жүкті тиеу түсіру кезінде қойылатын белгі? (Минипуляция)
4.Рельс бойымен қозғалатын жылжымалы құрамның құрамдас бір бөлігі?( Вагон)
5.Алушының аты жіберушінің маркаларының көрсетілімі қалай аталады? (маркировка)
Бағалау. Студенттерді әр кезеңде жауап беруіне қарай бағалаймын.
Үй тапсырма: Жүкті тиеу тексеру және жіберу бойынша операциялар.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген