400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жұлдызды сағат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәніне кіріспе. Жарыс сабақ. . 7 турдан тұрады. Әр тур бір біріне ұқсамайды. Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларды бірлікке, табандылыққа, жылдамдыққа үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы 10

Күні:

Сабақтың тақырыбы


Жұлдызды сағат

Мақсаты



Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер



Ұйымшылдық танытады, жағымды орта қалыптасады.Жүргізілген тәжірибеге сүйеніп, тиісті қорытынды жасауға дағдыланады. Бір-бірімен өзара пікір жүргізе алады, пікірін тыңдайды

Керекті жабдықтар



Интерактивті тақта, компьютер, бағалау парақшасы, you tobe сайтынан бейнеролик

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

  Оқушы әрекеті

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.

Оқушыларды үш топқа бөлу. Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру.


Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.

Тұсаукесер





І-кезеңі - «Өткел». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге физика пәніне байланысты сөйлемдер беріледі. Ия, жоқ деп жауап беріледі, 1 сұрақ 1 үпаймен бағаланады. Ал,мұқият болыңыздар: жауап беру 2 мин.


1.Заттың үш күйі бар.(иә)

2.Температураны өлшейтін құрал-динамометр.(жоқ)

3.Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә)

4.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі-Джоуль.(иә)

5.Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.(жоқ)

6.Мұз ерісе энергия шығарылады.(жоқ)

7.Массаның өлшем бірлігі-килограмм.(иә)

8.Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы-кристалдану деп аталады.(жоқ)


Әр оқушы жеке сұраққа жауап береді.

Топ басшылары қалған оқушылардың жауаптарын берілген дұрыс жауаппен тексеріп, ұпайларын айтады. Алған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Негізгі бөлім





ІІ тур «Белес»


Келесі кезеңіз - «Белес». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 1 сұрақтан беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 балл.


1. 1623-1662 жылдар аралығында өмір сүрген. Коптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым. (Блез Паскал)


2. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)


3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)


4. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)


5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)


6. ХҮІІ ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәніде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы 1571-1630 жылдары өмір сүрген ғалым кім болды ( Иоган Кеплер)


ІІІ тур «Ойлан тап!»


Келесі кезеңіміз“Ойлан тап!” кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 4 жұмбақтан беріледі. Жұмбақты шешу арқылы өз қоржындарын толтырады. Әр жұмбақты дұрыс жауабы 5 ұпай.

І жұмбақ:

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн)



ІІ жұмбақ:

Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

Батырмасын басасың

Қажет файлды ашасың. (тышқан)

Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылым қалай деп аталады? (принтер)


ІІІ жұмбақ

Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады. ( магнит)

Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшейтін (бит )

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш)

Экранның беті оның тұрағы

Қашан болса жыпылықтап тұрады. (курсор)


ІҮ жұмбақ:

Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)

Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. (Электр есептегш)

Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды ( сағат)

Бұтақ орнына мың бір инесі

Компьютер жаны мекені. (кактус)


ІҮ тур «Асу кезең»

Келесі кезеңіз - «Асу кезең». Бұл кезеңде топтарға «Температура» сөзі беріледі. Осы сөзге кіретін әріптерден жаңа сөздер құрастыру қажет.Ең көп сөз құрастырған топқа 2 ұпай.


Ү тур «физика тілінде сөйлесейік»

бойынша берілген сөздердің физикалық сөздік атауын айту керек. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топқа сұрақ:

Күш – динамо, динамис

Табиғат – физика

бостық – вакуум

су, ылғал – гидро

жайылу, таралу, сіңу – дифузия

зарядтың ең ұсақ бөлшегі – электрон

мүмкіншілік – потенция


2-топқа сұрақ:

Ауадағы жылудың тасымалдануы – конвекция

Бөліктерге бөлу және санмен жабдықтау – градуирлеу

Янтар – электр

әрекетсіздік – инерция

өлшеймін – метр, метро

заттың ең ұсақ бөлшегі – молекула, атом

тұрақты – const

3-топқа сұрақ:

бостық – вакуум

майысу, иілу, бұрылу – деформациялану

ток өткізбейтіндер – диэлектриктер

бу, ауа – атмос

шар – сфера

сирек, тығыз емес – манос

үйкелу, жанасу – үйкеліс күші


ҮІ тур «Кім жылдам»


Келесі кезеңіміз «КІМ ЖЫЛДАМ» кезеңі. Бұл кезеңде топтарға 1 мин. ішінде 15 сұрақ қойылады. Дұрыс жауабы 1 ұпай.

1-топ:


  1. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі (Рекс)

  2. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

  3. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

  4. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

  5. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

  6. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

  7. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? (механика)

  8. Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)

  9. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)

  10. Ауаның салмағын есептеген. (Торричелли)

  11. Электр тогы дегеніміз не? (зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)

  12. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (Термодинамика)

  13. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

  14. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

  15. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)











Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Топ ішінде өзара талқылап, спикерлер өз сөздерімен білгендерінше жауап береді, сұрақтарға жауап береді.

Дұрыс жауапқа сәйкесті оқушылар әр сұраққа 10 ұпайдан қояды және бағалау парағына салады.











Тапсырманы топпен орындайды, жылдамдыққа, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

Логикалық сұрақтарға жауап берді,өз пікірлерін жеткізе алды,сын тұрғысынан ойлануға дағдыланды


























































Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді


Қорытынды





Бағалауға нұсқау беру.

Үйге тапсырма беру:

Оқушылармен қоштасу


Жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіру, қорытынды ұпайларын мектеп бағасына айналдыру.

Мұғаліммен қоштасу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі