жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Жұмбақ айта білеміз .«Ж» дыбысы мен әріпі
|
Тобы/сыныбы: 1«Д» Пән мұғалімі: Сатыбалдиева Құндыз. |
|||
|
Білім беру саласы: Коммуникация |
|||
|
Оқу пәні: Сауат ашу |
|||
|
Тақырыбы: Жұмбақ айта білеміз «Ж» дыбысы мен әріпі |
|||
|
Оқу мақсаты; Тідің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту. |
|||
|
ҰОҚ мақсаты: |
Сөздерден дыбысты біледі «Ж» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айтады және жазады. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Төрт дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды, сонымен қатар ол сөздерді буынға бөледі. |
||
|
Қалыптасатын дағды |
Есте сақтау дағдысын, сурет бойынша жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Сөздерді қысқа үзінділерді көшіріп жазу. |
||
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
«Сөзді тұтас оқу» әдісі.«Буындап оқыту» әдісі. |
||
|
Ресурстар, дамытушы орта: |
Ара, гүл, үлестірмелі (қалам, қағаз, гуаш, балауыз). Суреттер. |
||
|
Жоспарлау |
|||
|
ҰОҚ кезеңдері |
Оқу қызметінің барысы Психологиялық ақуал. Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос Міне, менің қолым!
-Ал балалар ендеше шеңберге тұрып шынығып, өткен оқу қызыметімізді еске түсіру үшін сендермен ойын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қоя отырып, допты лақтырамын. Ал сендер осы допты қағып алып, менің сұрағыма жауап бересіңдер және допты кері лақтырасыңдар. Сауат ашу пәнінен нені үйренеміз.? Әріп дегеніміз не? Дыбыстарды не істейміз? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты және дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? Жарайсыңдар балалар! Өткен дыбыстар бойынша жұмыс Балалар, біз бірнеше дыбыстар мен таныс болдық.Осы өткен дыбыстарды айтайықшы. А,О,У,Т,Л, Р,Н,Ғ,БШ,П. Олай болса тақтада ілінген сөздерді оқып шығайық. Бата, Анар,Алға,Шана, Бала,Ағаш, шара, Талап, Арал. Жарайсыңдар өте жақсы оқыдыңдар.
|
Уақыт 3-5 мин |
|
|
Сабақтың басталуы
|
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін табыңдар. -Күндіз бәрі қашады. Түнде аспанды басады. .( Жұлдыз) -Төбеден төнеді, Тамшысын төгеді. ( Жаңбыр) -Ағайынды бәрі, Шықса жасыл, Түссе сары. ( Жапырақ) Жарайсыңдар жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.
Гүлдерге қонады, Шырынын сорады, Түрі- түсі сары ала Бұл не? ( Ара) Ара қандай дыбыс шығарады? - Ж-ж -ж -ж-ж Қане бәріміз « ж» дыбысын айтып көрейік. |
|
|
|
Сабақтың негізгі бөлігі |
« Ж» дыбысының айтылу артикуляциясы; «Ж» дыбысы айтылғанда ерін дөңгеленіп, алға қарай созылып, тіл ұшы жалпақтанып таңдайға қарай көтеріледі.« Ж» дауыссыз дыбыстардың бірі. -Енді қолдарыңа қолайнаны алып «ж» дыбысын айтып көрейік. «Ж» дыбысынан басталып айтылатын сөздер; жастық, жалау, жылан, жапалақ, жиһаз т. б «Ж» дыбысының жазылуын көрсетді. Жазба және баспа түрін.
Өйткені күннің козін көрмегелі біраз болды. Сондықтан да біз күн сәулесінен жылу алғымыз келеді. -Олай болса, балалар күн сәулесінен жылу алуымыз үшін бірнше тапсырмаларды орындауымыз керек. « Баларасын гүлге қондырады» (фетырмен жұмыс) Қайсы баларасы қай гүлге қонғанда жаңа «ж» дыбысынан басталатын сөз шығады? Балалар, біз араны гүлге қондырып, жаңа сөздермен таныстық. Жүзім, жапырақ, жолбарыс Енді осы создерді буынға бөледі. Жү- зім жа-пыр-ақ жол-ба -рыс
Жарайсыңдар, балалар, сендерге күн өз нұрын шашты. Ал, енді қараңдар, гүлге тағы не жетіспейді? Жапырақ жетіспейді Олай болса, жапырақты гүлге жапсыру керек екен. Бірақ біз жапырақты жапсырмас бұрын, оның артында жапсырылған құпия сөзді оқуымыз керек екен. Жанар, Айжан, Олжас. Айжан сөіне дыбыстық талдау жасайды. Ж-дауыссыз А-дауысты А-дауысты Й-дауыссыз Н-дауыссыз. Ж-дауыссыз А-дауысты. А-дауысты. Р-дауыссыз Н-дауыссыз О-дауысты. Л-дауыссыз Ж-дауыссыз А-дауысты С-дауыссыз Күн тағы да өз сәулесін шашты. Балалар, сендер күннен жылу алып жатырсыңдарма? Ия ризамыз. Жарайсыңдар тапсырмаларды өте дұрыс орындап күннің сәулесін шашып, күннің көзін ашып жатырмыз. «Ж» дыбысының жазылуы. Триз технологиясы бойынша жұмыс. Балалар, біз «Ж» дыбысының айтылуын, оқылуын және бірнеше сөздерді тауып оларға дыбыстық талдауда жасадық. Енді осы «Ж» дыбысының қалай жазылу керектігін де білуіміз шарт. Ол үшін екі топқа бөлейік.
2-топ балауыз шаммен «Ж»әріпін жазады. Үстінен гуашпен бояиды. Жарайсыңдар балалар, бүгігі берілген бірнеше тапсырмалсрды орындай отырып, күн сәулесінен жылу алдыңдар. |
15-20 мин |
|
|
Сабақтың қорытынды бөлімі |
-Балалар, қандай жаңа дыбыспен таныстыңдар. «Ж» дыбысы қпндай дыбыс? -Балалар, сендерге бүгінгі өткен ашық ұйымдастырылған оқу қызыметі ұнады ма? Егер ұнаған болса қолымыздағы смайликтерді күнге жапсырамыз. ☀☀ ??? Ал түсінбей қалған жерлерің болса бұлтқа тиісті смайликтерді жапсырамыз. ⛅??? |
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген